15.12.2015

Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квотасын белгілеу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 15.06.2016 № 89 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы саны үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы саны бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      3. Қамысты ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 16 мамырдағы № 114 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған бітірушілері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-11-139 тіркелген, 2012 жылғы 29 маусымда "Қамысты жаңалықтары - Камыстинские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкiмi Ж. Бисимбаев


Дата вступления в силу:  11.01.2016
Дата изменения акта:  15.06.2016
Дата принятия акта:  15.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Қамысты жаңалықтары - Камыстинские новости" 11.03.2016 ж.; "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 16.02.2016 ж.
Место принятия:  100062009000
Орган, принявший акт:  162009000001
Регион действия:  100062009000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  97536
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  170
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  002002000000 / 002010000000 / 003005000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1700
Язык акта:  kaz