"Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 175 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 6116 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 50 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 06.05.2016 № 50 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген мерзімде әділет органдарында мемлекеттік тіркелуді жүргізсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Кенжегарин

  Әкімдіктің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 175 қаулысымен бекітілген

"Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі экономика және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110600 Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 4 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: әлеуметтік-экономикалық саясатты, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру және ауданның бәсекелестік қабілетінің сапа деңгейіне ықпал етуіне қол жеткізуге және тұрақты экономикалық өсуінің бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) мемлекеттік экономикалық саясатты іске асыру;
      2) мемлекеттік кепілденділген қызметтерді ұсыну бойынша және оларға жүктелген мемлекеттік функцияларды орындау жергілікті атқарушы органның қызметіне қол жеткізуге бағытталған бюджеттік саясатты іске асыру.
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
      16. Функциялар:
      1) мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асыру мониторингін және бағалауын жүзеге асырады;
      2) үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджет жобасын әзірлейді;
      3) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және бюджеттік параметрлерін ескере отырып бюджеттің болжауын әзірлейді;
      4) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды;
      5) тиісті қаржы жылына аудан бюджетінің жобасын жасайды және бюджетті нақтылау, түзету жөнінде ұсыныстарды енгізеді;
      6) тиісті қаржы жылына бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын, тиісті қаржы жылына бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру және өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы әкімдіктің қаулыларының жобаларын әзірлейді;
      7) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша ақпаратты жасайды;
      8) аудандық бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың штаттық кестесіне талдауды жүзеге асырады;
      9) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік жоспарлауды әзірлеуге және іске асыруға әдіснамалық көмек көрсетеді;
      10) бюджеттік комиссияның жұмысына жұмыс орган ретінде қатысады;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттар бойынша аудан әкімдігіне ұсыныстарды енгізуге;
      2) жергілікті мемлекеттік органдарымен дамыту бағдарламаларын, оларды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарларын іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
      3) мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдау материалдарын дайындау және ұсынуға;
      4) мемлекеттік органдардан, мемлекет қатысумен заңды тұлғалардан және өзге ұйымдардан және жеке тұлғалардан өз құзыреті шегінде қажетті ақпаратты және құжаттарды сұратуға және алуға;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жангелдин ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      2) "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      3) "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      4) "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға дербес жауапты болады;
      5) бұйрықтар шығарады;
      6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      7) заңнамада белгіленген тәртіппен "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза салады және мадақтау шараларын қолданады;
      8) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.