Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 193 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 291 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 6182 болып тіркелді

      Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 193 "Тұрғын үй көмегін көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5209 тіркелген, 2014 жылғы 31 желтоқсанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны(бұдан әрі - ХҚКО) 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бекітілген қаулысымен "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
      2) "электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Он алтыншы
      сессияның төрағасы                         Д. Қойшыбаев

      Аудандық
      мәслихат хатшысы                           А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі басшысының міндетін
      атқарушы
      ___________________ Тетерюк Л.Е.
      2015 жылғы 21 желтоқсан