Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 193 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 216 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 наурызда № 5423 болып тіркелді

      Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 193 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5209 тіркелген, 2014 жылғы 31 желтоқсанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
      1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Кезектен тыс
      сессияның төрайымы

А. Кеңесбаева

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы

А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ

      «Әулиекөл ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _____________________Айсин Ә.С.