Әкімдіктің 2014 жылғы 2 қазандағы № 1808 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1777 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 қаңтарда № 6190 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 464 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 04.05.2016 № 464 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 қазандағы № 1808 "Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5140 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде 18) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "18) Рудный қаласы әкімдігінің "Балалар мен жастарды дамыту және шығармашылық сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Рудный
      қаласының әкімі Б. Ғаязов