Қостанай қаласындағы "Әуежай" жобаланатын шағын ауданы шегінде Тарелочка тоғанының су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 554 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қаңтарда № 6143 болып тіркелді

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39116125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалық құжаттама негізінде Қостанай қаласындағы "Әуежай" жобаланатын шағын ауданы шегінде Тарелочка тоғанының су қорғау аймағы мен белдеуі 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қостанай қаласындағы "Әуежай" жобаланатын шағын ауданы шегінде Тарелочка тоғанының су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қостанай облысының әкімі

А. Мұхамбетов


       КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Су
      ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы" республикалық
      мемлекеттiк мекемесінің басшысы
      ________________ Г. Оспанбекова
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық
      экономика министрлігі Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай
      облысы тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау департаменті" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _______________ В. Нечитайло
      "Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрлігі Мұнай-газ
      кешеніндегі экологиялық реттеу және
      бақылау комитетінің Қостанай
      облысы бойынша экология департаменті"
      республикалық мемлекеттік мекемесінің
      басшысының міндетін атқарушы
      _______________ В. Мұхамеджанов
      "Қостанай облысы әкімдігінің жердің
      пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысының міндетін атқарушы
      ________________ В. Крячко
 


Әкімдіктің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 554 қаулысына 1-қосымша

Қостанай қаласындағы "Әуежай" жобаланатын шағын ауданы шегінде Тарелочка тоғанының су қорғау аймағы мен белдеуі

Су объектісі,
оның учаскесі
 

Су қорғау аймағы
 

Су қорғау белдеуі
 

Орташа көп жылдық судың сабалық кемері
(метр)
 

ұзындығы (метр)
 

ені
(метр)
 

ауданы
(гектар)
 
 

ұзындығы
(метр)
 

ені
(метр)
 
 

ауданы
(гектар)
 
 



Қостанай қаласындағы "Әуежай" жобаланатын шағын ауданы шегіндегі Тарелочка тоғаны
 

1181
 

35-150
 

5,293
 

646
 

35
 

2,261
 

175,15
 


            Ескерту: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары "Қостанай облысының, Қостанай қаласындағы "Әуежай" жобаланатын шағын ауданы шегінде Тарелочка тоғанының су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу жобасы" жобасының картографиялық материалында көрсетілген (су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу жобасына тапсырыс беруші - "Промстройпроект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).
 


Әкімдіктің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 554 қаулысына 2-қосымша

Қостанай қаласындағы "Әуежай" жобаланатын шағын ауданы шегінде Тарелочка тоғанының су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары

      Су қорғау белдеулерінің шегінде:
      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
      2. Су қорғау аймақтарының шегінде:
      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.