Азаматтық қызметшi болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкаларды белгiлеу тур

Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 422 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 тамызда № 5850 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 502 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 23.02.2016 № 224 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, 444 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәртөк ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мәртөк аудандық мәслихатының сессия төрайымы Н. Хусаинова
      Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы А. Исмагулов