Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 22/187 "2015 - 2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 28/235 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда № 2916 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 25.04.2016 № 108 қаулысымен (алғаш жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37–бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 5 ақпандағы № 45 "Индер ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2698 санымен тіркелген, аудандық "Дендер" газетінің 2013 жылғы 21 наурызында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екі пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін".
       Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Е. Нұрлыбаевқа жүктелсін.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Арыстан