10.12.2015

Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінің шекараларын белгілеу туралы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Түпқараған аудандық мәслихаты мен Түпқараған ауданы әкімдігінің Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінің шекараларын белгілеу туралы ұсынысын қарай келіп, «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы қаулы мен шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінің жалпы көлемі 3748,8566 гектар болып шекарасы белгіленсін.
      2.іМаңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д. Сейбағытов) осы қаулының және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев
 
      Сессия төрағасы                         М. Ибағаров

      Облыстық мәслихат
      хатшысы                                 Б. Жүсіпов

Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 383
қаулысына және Маңғыстау облыстық
мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 29/438 шешiмiне 1 қосымша


      Келісілді
      Түпқараған ауданының әкімі
      Т.Асауов
 
      Түпқараған аудандық
      мәслихат хатшысы
      А.Досанова
 
      С.Шапағатов ауылдық
      округінің әкімі
      Ж.Ағжанов

Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 383
қаулысына және Маңғыстау облыстық
мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 29/438 шешiмiне 2 қосымша

Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінің шекараларының сипаттамасы

      Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округі Түпқараған ауданының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Сайын Шапағатов ауылдық округінің батыс шекарасы Каспий теңізінің жағалау желісі бойынша өтеді, солтүстіктен «Жайлау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерлерімен шектеседі, шығыстан «Ақтау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының жерлерімен шектеседі, оңтүстіктен Ақшұқыр ауылымен шектеседі. Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінің жалпы көлемі 3748,8566 гектарды құрайды.
      Ауылдық округ жерінің құрамына кіреді:
      үй маңындағы жер учаскелері бар тұрғын аймақтар – 108,0 гектар;
      жолдар, көшелер, алаңдар – 21,6 гектар;
      ауыл шаруашылық пайдаланудағы жерлер – 3263,0 гектар;
      басқа да жерлер – 356,2566 гектар.


Дата вступления в силу:  15.01.2016
Дата изменения акта:  10.12.2015
Дата принятия акта:  10.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі, 26.01.2016
Место принятия:  100063002000
Орган, принявший акт:  163000000001 / 163000000002
Регион действия:  100063000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  97882
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  29/438
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001000000000
Форма акта:  РЕШ / ПОСТ
Юридическая сила:  1710
Язык акта:  kaz