23.12.2015

Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 25.07.2017 № 11/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына және 386-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының мөлшерлемелері 50 (елу) пайызға жоғарылатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері сегіз есеге жоғарылатылсын.
      3. "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 13 шілдедегі 5046 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 18 шілдеде "Өскен өңір" газетінде жарияланған) аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 маусымдағы № 41/2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      Б. Сүлейменов Ә. Оразбекұлы
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік
      кірістер департаментінің Шиелі ауданы
      бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Е. Абдрахманов ______________
      "23" желтоқсан 2015 жыл


Дата вступления в силу:  19.01.2016
Дата изменения акта:  25.07.2017
Дата принятия акта:  23.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 26.02.2016 ж.
Место принятия:  100061008000
Орган, принявший акт:  161008000002
Регион действия:  100061008000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  98200
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  48/8
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  006011000000 / 006002000000
Форма акта:  РЕШ
Юридическая сила:  1600
Язык акта:  kaz