Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 маусымдағы № 41/2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 шілдеде № 5046 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 48/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 23.12.2015 № 48/8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 (елу) пайызға жоғарылатылсын.
       Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 378-бабында белгіленген жер салығының мөлшерлемесі үш есеге жоғарылатылсын.
       Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шиелі аудандық мәслихатының Шиелі аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы хатшысы
      П. Архабаев Ә. Оразбекұлы
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысы бойынша
      Мемлекеттік кірістер департаментінің
      Шиелі ауданы бойынша
      Мемлекеттік кірістер басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Е.Абдрахманов _____________
      "18" маусым 2015 жыл