Көшелерге атау беру және қайта атау беру туралы

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің 2015 жылғы 09 желтоқсандағы N 113 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда N 5281 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 27 тамыздағы №3 қорытындысына сәйкес Тереңөзек кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тереңөзек кентінің бұрынғы О.Мәлібаев ауылы аумағындағы "1 Мамыр" көшесі "Бәкір Өтепов" көшесі деп қайта аталсын;
      Тереңөзек кентінің атауы жоқ көшесіне "ағайынды Бозжановтар" есімі берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңөзек кенті әкімінің орынбасары Е.Бахтияровқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Тереңөзек кентінің әкімі Ж. Сыздықов