"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 31-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 43-3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 сәуірде № 4964 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 01 тамыздағы № 5-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 01.08.2016 № 5-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. “Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 31-5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4679 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 31 мамырда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
      2-тармағының 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      “8) уәкiлеттi орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдармалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі;”;
      6-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      “Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;”;
      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      “Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына орай Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне біржолғы әлеуметтік көмек - 150000 (бір жүз елу мың теңге) теңге мөлшерінде;”;
      8-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      “2-1) Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдерiне ай сайын 7,6 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;”.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш аудандық Жалағаш аудандық
      мәслихатының XLIII мәслихаттың
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Р.АЛИЕВА К.СҮЛЕЙМЕНОВ
      КЕЛІСІЛДІ:
      “Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды
      үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасы” мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _________________________ Ж.Жылқышиева
      “31” наурыз 2015 жыл