Кейбір Қызылорда облысы әкімдігінің қаулылары мен Қызылорда облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 261 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 329 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 5291 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес тізбе бойынша кейбір Қызылорда облысы әкімдігінің қаулылары мен Қызылорда облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының Қызылорда облыстық
      әкімі мәслихатының
      _____________ Қ. Көшербаев _______________ Қ. Әжібеков
      Қызылорда облыстық
      мәслихаты хатшысының
      міндетін атқарушы
      ____________ Қ. Бисенов
      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігінің
      Статистика комитеті Қызылорда
      облысының статистика департаменті"
      Республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _____________ М. Ж. Баекеева

  2015 жылғы "10" желтоқсан
  Қызылорда облысы әкімдігінің
  2015 жылғы " 10 " желтоқсан № 261 қаулысына және
  Қызылорда облыстық мәслихатының
  2015 жылғы " 10 " желтоқсан № 329
  шешіміне қосымша

Өзгерістер енгізілетін кейбір Қызылорда облысы әкімдігінің қаулылары мен Қызылорда облыстық мәслихаты шешімдерінің тізбесі

      1. "Облыс аумағындағы жекелеген елді мекендерді тарату туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 322 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 40 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4196 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 28 желтоқсандағы "Сыр бойы" газетінде және 2008 жылғы 10 қаңтардағы "Кызылординские вести" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының статистика департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесіне осы қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.".
      2. "Қармақшы ауданының Т. Көмекбаев ауылдық округінің құрамында Шобанқазған ауылын құру туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 459 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 68 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4201 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 18 сәуірдегі "Сыр бойы" газетінде және 2008 жылғы 17 сәуірдегі "Кызылординские вести" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының статистика департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесіне осы қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.".
      3. "Бірқатар елді мекендерді ауылдық елді мекендерге жатқызу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2008 жылғы 27 маусымдағы № 36 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 маусымдағы № 80 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4206 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 13 тамыздағы "Сыр бойы" газетінде және 2008 жылғы 13 тамыздағы "Кызылординские вести" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының статистика департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесіне осы қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.".
      4. "Қызылорда қаласының көшелерін атау және қайта атау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 745 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2014 жылғы 24 қазандағы № 223 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 4801 тіркелген, 2014 жылғы 22 қарашадағы "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      3-тармақ алынып тасталсын.