10.12.2015

"Жер учаскелерінің жеке меншікте болуы мүмкін шекті (ең жоғары) мөлшері, суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2003 жылғы 27 тамыздағы № 600 қаулысына және Қызылорда облыстық

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Жер учаскелерінің жеке меншікте болуы мүмкін шекті (ең жоғары) мөлшері, суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2003 жылғы 27 тамыздағы № 600 қаулысына және Қызылорда облыстық мәслихатының 2003 жылғы 27 тамыздағы № 226 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3465 нөмірімен тіркелген, 2003 жылғы 2 қыркүйектегі "Сыр бойы" мен "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулы мен шешімнің кіріспесі, 1, 2-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын және мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 50-бабының 2-тармағында санамаланған, жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері осы қаулы мен шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Меншікке немесе жер пайдалануға берілетін суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері осы қаулы мен шешімнің 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.";
      аталған қаулы мен шешімнің 1 және 2-қосымшалары осы қаулы мен шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының Қызылорда облыстық
      әкімі мәслихатының кезекті
       42 сессиясының төрағасы
      _______________ Қ. Көшербаев ______________ Қ. Әжібеков
      Қызылорда облыстық
      мәслихаты хатшысының
      міндетін атқарушы
      _____________ Қ. Бисенов

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы "10 " желтоқсан № 260 қаулысына және
Қызылорда облыстық мәслихатының
2015 жылғы "10" желтоқсан № 336 шешіміне 1-қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің
2003 жылғы "27" тамыздағы № 600 қаулысына және
Қызылорда облыстық мәслихатының
2003 жылғы "27" тамыздағы № 226 шешіміне 1-қосымша

"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 50 бабының 2-тармағында санамаланған, жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері

            (гектар)

Аудан (қала) атауы
Ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін
Жеке тұрғын үй
құрылысы үшін
Бағбандық, сондай-ақ
саяжай құрылысы
үшін
суарылмайтын жерде
суарылмалы жерде
Арал
3,0
2,0
0,5
0,6
Қазалы
2,5
1,5
0,5
0,6
Қармақшы
2,0
1,0
0,5
0,6
Жалағаш
2,5
1,5
0,5
0,6
Сырдария
3,0
2,0
0,5
0,6
Шиелі
1,75
0,75
0,5
0,6
Жаңақорған
1,75
0,75
0,5
0,6
Қызылорда қаласы
2,0
1,0
0,5
0,6

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы "10" желтоқсан № 260 қаулысына және
Қызылорда облыстық мәслихатының
2015 жылғы "10" желтоқсан № 336 шешіміне
2-қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің
2003 жылғы "27" тамыздағы №600 қаулысына және
Қызылорда облыстық мәслихатының
2003 жылғы "27" тамыздағы №226 шешіміне
  2-қосымша

Меншік немесе жер пайдалануға берілетін суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері

            (гектар)

Аудан (қала) атауы
Инженерлік тұрғыда Әзірленген суармалы жерлерде
Басқа да суармалы жерлерде
Арал
200
2
Қазалы
350
2
Қармақшы
250
2
Жалағаш
200
2
Сырдария
350
2
Шиелі
300
2
Жаңақорған
200
2
Қызылорда қаласы
350
2

      

Дата вступления в силу:  28.12.2015
Дата изменения акта:  10.12.2015
Дата принятия акта:  10.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Сыр бойы" 12.01.2016 ж. № 4; "Кызылординские вести" 12.01.2016 г. № 4; "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 04.02.2016 ж.
Место принятия:  100061000000
Орган, принявший акт:  161000000001 / 161000000002
Регион действия:  100061000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  97933
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  260
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  005000000000 / 017000000000
Форма акта:  РЕШ / ПОСТ
Юридическая сила:  1710
Язык акта:  kaz