Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 5/1 "Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 18/16 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 мамырда № 3215 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 5/1 "Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актлерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3013 болып тіркелген, "Приозерский вестник" газетінде 2015 жылдың 13 наурызында № 10/395 жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      "Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесінде 14 тармақтағы:
      1) тармақша келесі редакцияда баяндалсын:
      "1) қала әкімі және аппарат қызметкерлерінің қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету;";
      2) тармақша келесі редакцияда баяндалсын:
      "2) қала әкімі және аппарат қызметкерлерінің қызметiн құқықтық қамтамасыз ету;";
      3) тармақша келесі редакцияда баяндалсын:
      "3) қала әкімі және аппарат қызметкерлерінің ұйымдастырушылық қызметiн қамтамасыз ету.".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Қала әкімі

Қ. Камзин