Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің (шегін) шекарасын белгілеу туралы

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 42/05 бірлескен қаулысы және Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 49/535 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қаңтарда № 3616 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес алаңдарда Топар кентінің (шегі) шекарасы белгіленсін.
      2. "Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жер–есепке алу құжаттарына қажетті өзгерістер енгізілсін.
      3. Осы шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Е. Тыңғышев
      Абай ауданының әкімі С. Шайдаров
      Абай аудандық мәслихатының хатшысы Б. Цай

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Абай ауданының жер қатынастары,
сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Р. Сатыбаева

      2015 жылғы 14 желтоқсан

  Абай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 42/05 қаулысы мен
Абай аудандық маслихатының
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
49 кезектен тыс сессиясының
№ 49/535 бірлескен шешіміне
қосымша

Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің жер түсініктемесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 19.05.2016 № 19/01 бірлескен қаулысымен және Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 19.05.2016 № 5/45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.


Жерлер
Алаңы, га

1

Өнеркәсіп жерлері

6111,9

2

Бақшалық және саяжай құрылысы жерлері

168,0

3

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер

168,0

4

Топар су қоймасы демалыс аймақтар жерлері

68,0

5

Аумақтағы тұрғылықты жерлер

354,0

6

Ауыл шаруашылығын пайдалану жерлері

1842,23

Барлық жерлер

8712,13