Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35 сессиясының № 35/4 "2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 48/4 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 желтоқсанда № 3543 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген, 2013 жылғы 23 ақпандағы № 74 (28013) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      тақырыбы мына редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы».
      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурстарында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне (Е.Н. Иманғалиевке) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                А. Сәрінжіпов