Қарағанды қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтерді бекіту туралы

Қарағанды қалалық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы V шақырылған LIV сессиясының № 548 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 3588 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 250 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 22.12.2017 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға, шығаруға, көмуге және кәдеге жаратуға жеке және заңды тұлғалар үшін тариф қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды қалалық мәслихатының
V шақырылған LIV сессиясының төрағасы
М. Галяс
      Қарағанды қалалық
мәслихатының хатшысы
Қ. Оспанов

      Келісілді:

      "Қарағанды қаласының
      коммуналдық шаруашылығы,
      жолаушылар көлігі және автомобиль
      жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы А. Иманбай

      23.12.2015

  Қарағанды қалалық мәслихатының
2015 жылғы 23 желтоқсан
LIV сессиясының № 548 шешіміне
қосымша

Қарағанды қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тариф

Атауы

жинақталу нормасы м3

3
үшін тариф
(ҚҚС-мен) (теңге)

Бір айда коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару, көму және кәдеге жарату үшін қызмет құны (теңге)

Заңды тұлғаларға (1м3 үшін)


1411,9


Жеке тұлғалар

Жайлы тұрғын үй
(1 тұрғынға)

1,76

1411,9

207

Жайлы емес тұрғын үй
(1 тұрғынға)

2,26

1411,9

266

      Ескерту: ҚҚС – қосылған құн салығы;
      м3-текше метр.