Қарағанды облысында коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің Қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 71/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 3627 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 02/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 10.01.2022 № 02/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө "Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйегіндегі заңнаманы орындау шаралары туралы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" өкіміне және Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашасындағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 тіркелген) Қарағанды облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысында коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 14 желтоқсандағы

71/02 қаулысымен бекітілген

Қарағанды облысында коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарағанды облысында коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін анықтайды.

      2. Коммуналдық қалдықтарға, тұрмыстық қатты қалдықтар және елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және пайда болу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары жатады.

2. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары есептеу тәртібі

      3. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.

      4. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.

      5. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреттері шегінде коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің сапасына және ұйымдастырылуына бақылауды жүзеге асырады.

      6. Заттай өлшеу жүргізу үшін жайлылық деңгейі әртүрлі екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:

      1) су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар жайлы тұрғын үй;

      2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрізі жоқ жайлы емес тұрғын үй.

      7. Тұрғындар тарапынан түзілетін коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын анықтау үшін тұрғылықты халықтың мынадай саны бар учаскелер бөліп алынады:

      халқының саны 300 мың адамға дейінгі қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын;

      халқының саны 300 - 500 мың адам болатын қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 1%-ын;

      халқының саны 500 мың адамнан асатын қалаларда - 0,5%-ын қамти отырып таңдалады (соның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).

      8. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша коммуналдық паспорт жасайды.

      9. Пайда болған және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.

      10. Өлшеуді бастамас бұрын контейнердегі қалдықтар тегістеледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтың көлемі анықталады.

      11. Жинақталған қалдықтардың массасы толған контейнерлерді өлшеу жолымен және кейін бос контейнердің массасын алып тастау арқылы анықталады.

      12. Егер бір учаскеде пайда болған және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған жағдайда, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға рұқсат етіледі.

      13. Пайда болған және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректер осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне жазылады.

      14. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін объектілердің әрқайсысы үшін алынған деректердің (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша жалпы саны шығарылады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақтаудың жиынтық маусымдық ведомосіне енгізіледі.

      15. Маусымдық өлшеу жүргізілгеннен кейін деректер (масса, көлем) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосіне енгізіледі.

      16. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге тиіс.

      17. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес пайда болу мен жинақталу коэффициентін анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны таңдап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.

      Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиіс.

      18. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу өлшеу жүргізген күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей жүргізіледі.

      19. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеу осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

  Қарағанды облысында
коммуналдық қалдықтардың пайда
болу және жинақталу нормаларын
есептеудің Қағидаларына
1-қосымша

Тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 25.02.2021 № 15/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

6

Емханалар

1 келіп кету

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

11

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1 м2

12

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

13

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м2

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

17

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

18

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

19

Тұрмыстық қызмет көрсету үйлері: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1 м2

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы 1 м2

21

Жағажайлар

жалпы алаңы 1 м2

22

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

23

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильге жанармай құю станциялары, гараждар

1 машина-орын

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

25

Гараж кооперативтері

1 гаражға

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

27

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м2

28

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 м2

29

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

30

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 м2

31

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар

1000 қатысушы

32

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

  Қарағанды облысында
коммуналдық қалдықтардың пайда
болу және жинақталу нормаларын
есептеудің Қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты

      Қала ___________________________________________________________

      1. Мекенжайы ___________________________________________________

      2. Қабаттылығы _________________________________________________

      3. Үйдің нөмірі __________________________________________________

      4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам ____________________________

      5. Жайлылық деңгейі:

      а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы ____________________________

      б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) ___________________

      в) отынның түрі - көмір (тас көмір, қоңыр темір), ағаш отын, газ

      _______________________________________________________________

      г) қоқыс құбырының болуы _______________________________________

      д) аула аумағының алаңы, м2 ______________________________________

      оның ішінде:

      жасыл екпелер бар _______________________________________________

      жабыны қатты __________________________________________________

      соның ішінде жаяусоқпақтар ______________________________________

      6. Контейнерлердің типтері, олардың саны және сыйымдылығы

      _______________________________________________________________

      7. Қоқысты шығару кезеңділігі ____________________________________

      8. Қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша)

      _______________________________________________________________

      Қолдары:

      Т.А.Ә., лауазымы

      Нысан

Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты

      Қала _____________________________________________________________________

      1. Объектінің атауы ________________________________________________________

      2. Мекенжайы _____________________________________________________________

      3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет) ________________________________________________________________________________

      4. Орын саны (қызметкерлер және т.б.) ________________________________________

      5. Тәулігіне өткізу қабілеті:

      ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) __________________________________

      қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) ___________________________

      6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам __________________________________

      7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 _______________________________________________

      Оның ішінде:

      сауда алаңы ______________________________________________________________

      қоймалық және қосалқы алаң _______________________________________________

      8. Аула аумағының алаңы, м2 _______________________________________________

      Оның ішінде:

      жасыл екпелер бар________________________________________________________

      жабын қатты _____________________________________________________________

      9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы ____________________

      10. Қалдықтарды шығару мерзімі __________________________

      11. Тамақ қалдықтарын және қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме? (қандай және қанша) __________________________________

      Қолдары:

      Т.А.Ә., лауазымы

  Қарағанды облысында
коммуналдық қалдықтардың пайда
болу және жинақталу нормаларын
есептеудің Қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Бастапқы жазба бланкісі

      _________________

      (күні)

      _______________________________________________ объектісі бойынша

      (атауы, мекенжайы)

Контейнердің
р/с №

Жиналған қалдықтар қабатының биіктігі, h, м

Контейнер негізінің алаңы, S, м2

Контейнердегі қалдықтардың көлемі, h*S, м3

Қалдықтар тиелген контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), mз, кг

Бос контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), mп, кг

Контейнердегі қалдықтардың массасы, mз - mп

1







2













Тәулік ішіндегі жиыны



Vтәу



Mтәу

  Қарағанды облысында
коммуналдық қалдықтардың пайда
болу және жинақталу нормаларын
есептеудің Қағидаларына
4-қосымша

      нысан

Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі

      20__ жылғы ___ _____________ бастап ___ ____________ дейін
      Жайлылық типі _________________________________________

Аптаның күндері

Объектінің атауы

Объектінің қызмет түрі

Есептік бірліктің саны

Жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі/массасы

Орташа тығыздығы, кг/м3

Барлығы қайталама шикізат іріктеп алынды (бөлек жинаған кезде)

жалпы

1 есептік бірлікке

кг

м3

кг

м3

кг

м3

Дүйсенбі











Сейсенбі











Сәрсенбі











Бейсенбі











Жұма











Сенбі











Жексенбі











Тәулігіне орташа











       

      Қолдары
      Т.А.Ә., лауазымы

  Қарағанды облысында
коммуналдық қалдықтардың пайда
болу және жинақталу нормаларын
есептеудің Қағидаларына
5-қосымша

      нысан

Коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі

      Жайлылық типі _________________________________________________

Объект

Ай

Өлшенетін бірліктің саны

Қалдықтардың жиналуы

Біртекті емес коэффициент

Бөлек жинау, кг

жалпы

өлшенетін 1 бірлікке

жалпы

өлшенетін 1 бірлікке

м3

кг

м3

кг

м3

кг

м3

кг

м3

кг

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

 













 













 













 













 













 













 













      Барлығы
      Тәулігіне орташа
      Қолдары
      Т.А.Ә., лауазымы

  Қарағанды облысында
коммуналдық қалдықтардың пайда
болу және жинақталу нормаларын
есептеудің Қағидаларына
6-қосымша

Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеу

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 25.02.2021 № 15/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:

      1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде пайда болған және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт., м3):

      V конт=h*S

      мұндағы h - контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м;

      S - контейнер түбінің алаңы, м2;

      2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:

      Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3….

      мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;

      3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mконт =m3- mп

      мұндағы m3 - қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг;

      mп - қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;

      4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mтәу = mконт1+mконт2+mконт3…

      мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;

      5) жинақталу нормалары жылдың маусымдары бойынша анықталады. Өлшеу қызмет көрсету кестесіне сәйкес контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір мезгілінде жеті күн бойы (үзіліссіз) жүргізіледі.

      Өлшеу жүргізу мерзімдері: қыста - желтоқсан/қаңтар; көктемде - сәуір/мамыр; жазда - маусым/шілде; күзде - қыркүйек/қазан.

      Маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+….+ Vтәу7

      мұндағы Vтәу1, Vтәу2 - белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;

      6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mмаус= mтәу1 + mтәу2 +…+ mтәу7

      мұндағы mтәу1, mтәу2 - белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;

      7) объектіде коммуналдық қалдықтардың пайда болу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша (Vтм, м3):

      Vтм = Vмаус / (n × a)

      массасы бойынша (mтм, кг):

      mтм = mмаус / (n × a)

      мұндағы n - маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны;

      a - есептік бірліктің саны;

      8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша (Vтом, м3):

      Vтом= (Vқ тм + Vк тм + Vжтм +Vкү тм)/n

      массасы бойынша (mтом, кг):

      mтом= (mқ тм + mк тм + mж тм+ mкү тм)/n

      мұндағы жоғарғы индекстер "қ", "к", "ж", "кү" - қыста - "қ", тиісінше көктемде - "к", жазда - "ж", күзде "кү" - есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;

      n - қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).

      9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша (Vж, м3)

      Vж = Vтож х nк

      массасы бойынша (mж, кг):

      mж = mтож х nк

      мұндағы nк - жылдағы күннің саны.

      2. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтау мақсатында қосымша мынадай есеп жүргізіледі:

      1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gор, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      qор =m/V,

      мұндағы m және V - есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;

      2) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша:

      Kбе = Vом/Vж

      массасы бойынша:

      Kбе = mом/mж

      3) коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша:

      Kмбе = Vmaxтәу./Vом

      мұндағы Vmaxтәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3.

      массасы бойынша:

      kсн = mmaxтәу./mом

      мұндағы mmaxтәу. - маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.

      3. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі. Осылайша алынған коммуналдық қалдықтардың пайда болуының есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың пайда болуының сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.