10.12.2015

"Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 26 – 6 шешіміне өзгер

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 13.05.2019 № 55-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Талас аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 26 – 6 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2101 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтардағы № 5 аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Талас ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      8 – тармақтағы "Бір рет әлеуметтік көмек Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігі бекіткен тізім бойынша:

      - туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға, амбулаториялық ем алушыларға 40 000 (қырық мың) теңге көлемінде көрсетіледі" деген сөздер "Бір рет әлеуметтік көмек көрсету өтінішке сәйкес:

      - ең төмен күнкөріс деңгейінің жеті еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруымен ауырып, амбулаториялық жағдайда ем жалғастырушы тұлғаларға 40 000 (қырық мың) теңге әлеуметтік көмек көрсетіледі" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      9 – тармақтағы 1 абзацы " - жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын санаттағы азаматтар" деген сөздер " - жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын санаттағы азаматтар" деген сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Талас аудандық мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасының
      міндетін атқарушы,
      Мәслихат хатшысы Ж. Әсемов


Дата вступления в силу:  08.01.2016
Дата изменения акта:  13.05.2019
Дата принятия акта:  10.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Талас тынысы" 15.01.2016 ж. № 6 (9706); "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 16.06.2016 ж.
Место принятия:  100058011000
Орган, принявший акт:  158011000002
Регион действия:  100058011000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  97267
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  48-5
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  003000000000 / 003001000000 / 003005000000
Форма акта:  РЕШ
Юридическая сила:  1600
Язык акта:  kaz