"2015 – 2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 40 – 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 тамыздағы № 44-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 тамызда № 2725 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 08.04.2016 № 5-2-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күндер өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 378-бабымен белгіленген Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы салынатын жерлерге жер салығының мөлшерлемесін екі есе жоғарыласын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күндер өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С. Беспаев
      Ертіс аудандық
      мәслихатының хатшысы Ж. Беспаев