Ұйғыр ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 54-4 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2016 жылы 18 қаңтарда № 3676 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қызметін Ұйғыр ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Манапова Арзигуль Гопуровнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері" жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарынан мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Н.Дауренбеков
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Н.Есжан

  Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы "Ұйғыр ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 54-4 шешіміне қосымша

Қызметін Ұйғыр ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері

Р/


Салық салу объектісінің
атауы

Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге
арналған, ұтыссыз ойын
автоматы

3

2.

Біреуден артық ойыншылардың
қатысуымен ойын өткізуге
арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

3.

Ойын өткізу үшiн
пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

6

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

8