Кеңдала ауылдық округіндегі Кеңдала ауылының "Колхозная" көшесін қайта атау туралы

Алматы облысы Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 3 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 3658 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4)тармақшасына сәйкес және Кеңдала ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Талғар ауданының Кеңдала ауылдық округінің әкімі
      ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кеңдала ауылдық округіндегі Кеңдала ауылының "Колхозная" көшесі "Әубәкір Миерманов" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. "Талғар ауданының Кеңдала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ауелбаева Жазира Касенкановнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Б.Кадырсизов