24.12.2015

Алматы облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 24.10.2023 № 369 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қантардағы Экологиялық кодексінің 20-бабының 17-3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. "Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М. Бигелдиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "24" желтоқсандағы № 560 қаулысына қосымша

Алматы облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Алматы облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және Алматы облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін анықтайды.
      2. Коммуналдық қалдықтарға тұрмыстық қатты қалдықтар және елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары жатады. 

2. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі

      3. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.
      4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10030 нөмірімен тіркелген) (бұдан әрі - Үлгілік қағидалары) 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.
      5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады. Облыстың қала және аудан әкімдіктердің тиісті бөлімдері өз құзыреттері шегінде коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеуді қамтамасыз етеді.
      6. Заттай өлшеу жүргізу үшін жайлылық деңгейі әртүрлі екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:
      1) су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар жайлы тұрғын үй;
      2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрізі жоқ жайлы емес тұрғын үй.
      7. Тұрғындар тарапынан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын анықтау үшін тұрғылықты халықтың мынадай саны бар учаскелер бөліп алынады:
      халқының саны 300 мың адамға дейінгі қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын қамти отырып таңдалады;
      халқының саны 300 - 500 мың адам болатын қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 1%-ын;
      халқының саны 500 мың адамнан асатын қалаларда - 0,5%-ын (соның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).
      8. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында облыстың қалалар және аудан әкімдіктердің тиісті бөлімінің өкілдерімен коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.
      9. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.
      10. Өлшеуді бастамас бұрын контейнердегі қалдықтар тегістеледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтың көлемі анықталады.
      11. Жинақталған қалдықтардың массасы толған контейнерлерді өлшеу жолымен және кейін бос контейнердің массасын алып тастау арқылы анықталады.
      12. Егер бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға рұқсат етіледі.
      13. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректер Үлгілік қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне жазылады.
      14. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша жалпы саны шығарылады және Үлгілік қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтарды түзудің және жинақтаудың жиынтық маусымдық ведомосіне енгізіледі.
      15. Маусымдық өлшеу жүргізілгеннен кейін деректер (масса, көлем) Үлгілік қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосіне енгізіледі.
      16. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге тиіс.
      17. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны таңдап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.
      Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиіс.
      18. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу өлшеу жүргізген күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей жүргізіледі.
      19. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу Үлгілік қағидалардың 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.


Дата вступления в силу:  22.01.2016
Дата изменения акта:  24.10.2023
Дата принятия акта:  24.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі, 05.05.2016
Место принятия:  100054002000
Орган, принявший акт:  154000000001
Регион действия:  100054000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  101737
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  560
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  001007000000 / 013000000000
Форма акта:  ПОСТ / ПРАВ
Юридическая сила:  1700
Язык акта:  kaz