"Темір ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2014 жылғ

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 295 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қаңтарда № 4710 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 60 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 20.12.2016 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Темір ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2014 жылғы 14 наурыздағы № 169 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3794 тіркелген, 2014 жылғы 14 наурызда "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Темір ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жыл сайын бюджет қаражаты есебінен 7 500 (жеті мың бес жүз) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін, орталықтандырылған жылумен жабдықтау және газбен жылыту жүйелеріне қосылған үйлерде тұратын мамандардан басқаларына."
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Қ.ЕСҚАЛИЕВ Н.ӨТЕПОВ