Аудандық мәслихаттың "Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 203 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 маусымда № 4394 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 252 шешімімен

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Панфилов ауданы әкімінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы "Панфилов ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылыдың 06 ақпанында № 3031 тіркелген, аудандық "Жаркент өңірі" газетінде 2015 жылдың 21 ақпандағы № 8 жарияланған) № 01-02 шешімінің, Панфилов ауданы әкімінің 2015 жылғы 02 наурыздағы "Панфилов ауданы әкімінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы "Панфилов ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" № 01-02 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылыдың 04 наурызында № 3086 тіркелген, аудандық "Жаркент өңірі" газетінде 2015 жылдың 14 наурыздағы № 12 жарияланған) № 03-05 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мағрупова Роза Азаматқызына жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Абдулдаев