"Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 188 шешіміне өзгерістер мен толықтырула

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 395 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қаңтарда № 4713 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 23.11.2016 № 114 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылдың 20 желтоқсанындағы № 188 "Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылы 28 желтоқсанда № 3726 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтардағы мен 2014 жылдың 16 қаңтарындағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларындағы:
      1 тараудың 6 тармағы келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "21-23 наурыз – Наурыз мейрамы.";
      2 тараудың 8 тармағы:
      2) тармақшадағы:
      "27" сандары: "32" сандарымен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы:
      "16,5" сандары: "21,5" сандарымен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы:
      "мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын" сөздері алынып тасталсын;
      "5,4" сандары: "10,4" сандарымен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы:
      "19" сандары: "24" сандарымен ауыстырылсын;
      6) тармақшадағы:
      "11" сандары: "16" сандарымен ауыстырылсын;
      7) тармақшадағы:
      "5,4" сөздері және сандары: "10,4" сөздерімен және сандарымен ауыстырылсын;
      8) – 9) тармақшаларындағы:
      "5,5" сандары: "10,5" сандарымен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы
Ақтөбе қалалықмәслихатының хатшысы
      А. Болатов С. Шынтасова