"Ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 423 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 488 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 05 ақпанда № 4739 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 88 "Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінде суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3248 тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2008 жылғы 6 мамырында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      қаулының кіріспе бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев