"Ауданаралық темір жол қатынастарын анықтау туралы" 2010 жылғы 14 шілдедегі № 216/313 Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысына және мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 450 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 357 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қаңтарда № 4698 болып тіркелді

      "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 1-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 27-баптарына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Ауданаралық теміржол қатынастарын анықтау туралы" 2010 жылғы 14 шілдедегі № 216/313 Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысына және мәслихатының шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3341 тіркелген, 2010 жылғы 10 тамызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. "Ақтөбе-Шалқар" темір жол бағыты әлеуметтік маңызы бар ауданаралық қатынас болып анықталсын".
      2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. САПАРБАЕВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Л. ЖАЗЫҚОВА