"Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасы туралы" облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 17 шілдедегі № 143 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 353 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 4689 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасы туралы" облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 17 шілдедегі № 143 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3621 тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасында:
      1-тармақта "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 712 және "Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 10 шілдедегі № 713 қаулыларының" сөздері "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 тіркелген, "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығының" сөздерімен алмастырылсын";
      14- тармақтың 5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) жергілікті атқарушы органдардың, энергия беруші (немесе энергия өндіруші) және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметкерлеріне тәуліктің кез келген уақытында жылу желілерінің, жылуды тұтыну қондырғыларының және коммерциялық есептеу құралдарының техникалық жағдайын қарауға мүмкіндік береді.";
      25 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "25. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдардың жылу желілеріне қосылу, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 тіркелген, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген, Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 3-тармағының екінші азат жолымен және 19-20 тармақтарымен белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.";
      26 - тармақта "тазартуға" сөзі "гидропневматикалық жууға, сығымдауға және дезинфекциялауға" сөздерімен алмастырылсын.";
      29 - тармақта:
      15) тармақша алынып тасталсын;
      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "18) жылуды тұтыну жүйесінің элементтерін механикалық тазарту арқылы гидропневматикалық жуу және жылуды тұтыну жүйесінің барлық элементтерінің механикалық беріктігін және жылуды тұтыну жүйесінің гидравликалық тығыздығын (гидравликалық қысым) гидравликалық сынақтан өткізу белгіленген үлгі бойынша акт жасалып, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі;";
      мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
      "20. дроссельдік құрылғыларды орнату және тексеру нормативтік-техникалық құжаттамаға және алынған есептеулерге сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі;
      21) жертөледегі және шатырдағы жайлардағы барлық жылумен қамтамасыз ету және ыстық су құбырларын гидрооқшаулау жасау.".
      мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:
      "38-1. Бес тәулік бойы сыртқы ауаның орташа температурасы +10°C және одан төмен немесе сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуі туралы болжам болғанда қала (аудандар) әкімдері тиісті өкіммен жылу маусымының басталғандығын жариялайды";
      42-тармақ мынадай мазмұндағы 5, 6) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5) мамандандырылған ұйымдармен пайдалануға қабылданбаған, жаңа құрылыс үйлердің жылу желілерін, орталық жылу пункттерін, сорғыларын, орталық жылу және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жылу маусымына дайындауды құрылыс ұйымдары қамтамасыз етеді;
      6) инженерлік коммуникацияларға барлық қажетті қосылулар тиісті жылдың 1 қазанына дейін орындалады. Жылу маусымы кезеңінде инженерлік коммуникацияларға қосылуға тиым салынады.".
      44-тармақ мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
      "Жылу желілері зақымдалған аймақта орналасқан инженерлік желілер мен коммуникациялардың меншік иелері, телефонхат алғаннан кейін, жер жұмыстарын атқаруды келісу үшін өз өкілдерінің бір сағаттың ішінде шығуын қамтамасыз етеді.";
      45 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "45. Бес тәулік бойы сыртқы ауаның орташа температурасы +10°C және одан жоғары немесе сыртқы ауа температурасы күрт көтерілуі туралы болжам болғанда қала (аудандар) әкімдері тиісті өкіммен жылу маусымының аяқталғандығын жариялайды.";
      47-тармақта "Су бөлетін нүктелерге (шүмектер, араластырғыштарға)" және "ыстық сумен жабдықтау қондырғыларын" сөздері "Теңгерімдік тиесілігі шекарасына" және "жылу желілерін, жабдықтарды" сөздерімен алмастырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Облыстықмәслихаттың хатшысы
      Л. ЖАЗЫҚОВА С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА