Жақсы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-34-2 "2015-2017 жылдарға арналған Жақсы ауданының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 қазандағы № 5ВС-43-1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қазанда № 5028 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Ұзынкөл ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Теректі ауданы Ұзынкөл ауылдық округі Ұзынкөл ауылының кейбір көшелері:
      "Советская" көшесі – "А. Кердері" көшесі;
      "Центральная" көшесі – "Абай" көшесі;
      "Победы" көшесі – "Жеңіс" көшесі;
      "Зеленая" көшесі – "Саябақ" көшесі;
      "Школьная" көшесі – "Астана" көшесі;
      "Мирная" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "Степная" көшесі – "Жайлау" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Ұзынкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А. А. Шингалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі М. Мурзакаев