11.12.2015

2016 жылға Ерейментау ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № а-4/152 (қол қойылған күнінен бастап күшінен енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға Ерейментау ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
      2) туберкулез, онкологиялық аурулар, жүрек-қан тамырларының ауруларымен,адамның иммун тапшылығы вирус инфекциясын жұқтырғандар, жұктырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын тұлғалар;
      3) маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған тұлғалар;
      4) бұрында жұмыс істемеген тұлғалар (жұмыс өтілі жоқ);
      5) оңалту және емдеу курсынан өткен, есірткіге тәуелді адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Е.Әлжановқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі Е.Нұғыманов


Дата вступления в силу:  05.01.2016
Дата изменения акта:  20.04.2016
Дата принятия акта:  11.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 21.01.2016 ж.
Место принятия:  100052011000
Орган, принявший акт:  152011000001
Регион действия:  100052011000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  97438
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  а-12/602
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  002002000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1700
Язык акта:  kaz