11.12.2015

Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө өкіміне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшы міндетін атқарушы Солтанбеков Нұрлан Қожахметұлына осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ә. Жақсыбеков

  Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 367-2307 қаулысына
қосымша

1. Астана қаласында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау
бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 10.01.2018 № 367-70 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Ай атауы

Өлшем бірлігі

Тұрғын үй

Жатақхана (1 бөлме)

1 бөлмелі пәтер

2 бөлмелі пәтер

3 бөлмелі пәтер

4 бөлмелі пәтер

5 бөлмелі пятер

6 бөлмелі пәтер

1

Қаңтар

кВт.с

164,1

237,9

287,1

311,7

336,3

360,9

410,9

2

Ақпан

кВт. с

144,6

200,4

237,6

256,2

274

293,4

330,6

3

Наурыз

кВт. с

139,5

201,9

233,1

248,7

264,3

279,9

311,1

4

Сәуір

кВт. с

144,6

173,4

192,6

202,2

211,8

221,4

240,6

5

Мамыр

кВт. с

146,7

168,3

182,7

189,9

197,1

204,3

218,7

6

Маусым

кВт. с

141

159

171

177

183

189

201

7

Шілде

кВт. с

145,5

145,5

163,5

175,5

181,5

187,5

193,5

8

Тамыз

кВт. с

147,9

173,1

189,9

198,3

206,7

215,1

231,9

9

Қыркүйек

кВт. с

146,4

180,6

203,4

214,8

226,2

237,6

260,4

10

Қазан

кВт. с

158,1

213,9

251,1

269,7

288,3

306,9

344,1

11

Қараша

кВт. с

157,8

226,2

271,8

294,6

317,4

340,2

385,8

12

Желтоқсан

кВт. с

165,9

245,1

297,8

324,3

350,7

377,1

439,8


      Ескертпе:

      Электр энергиясы шығындарының нормалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілген Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы қағидарына сәйкес есептелген.

2. Астана қаласында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін
жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну
нормалары

Көрсеткіштер

Үйлердің үлгілері

Қабаттылық

Өлшем бірлігі

Айлар

Жылыту маусымына қарай орташа көрсеткіш (Тн.в.=-8,10С)

Қаңтар (Тн.в.= -16,70С)

Ақпан (Тн.в.=-16,20С)

Наурыз (Тн.в.=-10,4 0С)

Сәуір (Тн.в.=+2,90С)

Қазан (Тн.в.=+2,90С)

Қараша (Тн.в.=--7,20С)

Желтоқсан (Тн.в.=-14,00С)

Тұрғын үй қорының тұрғын үйлер мен қосалқы орын-жайлар үшін норма

1985 жылға дейін салынған

1-2

Гкал/м2

0,0999

0,0890

0,0827

0,0450

0,0465

0,0716

0,0925

0,0753

3-4

0,0615

0,0548

0,0509

0,0277

0,0286

0,0441

0,0569

0,0464

5 және одан жоғары

0,0418

0,0373

0,0347

0,0189

0,0195

0,0300

0,0388

0,0316

1985 жылдан кейін салынған

1-2

0,0768

0,0685

0,0636

0,0346

0,0358

0,0551

0,0712

0,0580

3-4

0,0440

0,0392

0,0364

0,0198

0,0205

0,0315

0,0407

0,0332

5 және одан жоғары

0,0371

0,0331

0,0308

0,0167

0,0173

0,0266

0,0344

0,0280

      Ескертпе:

      Жылуға арналған жылу энергиясы шығындарның нормалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілген Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы қағидалары және ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2010, ҚР ҚН 2.04-21-2004* және "Жылу желілері" МСН 4.02-02-2004 құралының деректері бойынша сыртқы ауа температурасына түзетумен айлар бойынша есептелген.

      Шығын нормалары ай сайын "ҚазГидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мәліметтері бойынша нақты сыртқы ауа температурасына қарай түзетіледі.

      Жылытуға арналған жылу энергиясы шығындарының нормалары сәуір және қазан айларына жылыту жүйесінің нақты жұмыс істеу сағаттары мен аталған кезеңде сыртқы ауаның нақты орташа температурасына қарай түзетіледі.

      Бір айдан астам мерзімде жылу энергиясын тұтыну есебінінің аспабы бойынша уақытша бұзылған жағдайда жылу энергиясы шығындарының нормалары тұрғын үйлердің тұтынушылары үшін, сондай-ақ аспаптары бар үйлер үшін пайдаланылады.

3. Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру бойынша коммуналдық қызметтерін тұтыну нормалары

      Ескерту. Норма жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 10.01.2018 № 367-70 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Тұтынушылардың атауы

Өлшегіш

Норма тәулігіне/литр
 

1

2

3

4

1.

Жеке немесе аз пәтерлі тұрғын үйлер

1.1.

Көшелік су тарату колонкаларынан су пайдаланумен

Тәулігіне 1 тұрғын

70

1.2.

Аулалық колонкаларынан су пайдаланумен немесе аулалық су тарату крандарындағы су пайдаланумен

Тәулігіне 1 тұрғын

250

1.3.

Эконом-кластағы тұрғын үйлер*

Тәулігіне 1 тұрғын

400

1.4.

Жоғарғы жайлылығы бар тұрғын үйлер **

Тәулігіне 1 тұрғын

600

2.

Көпқабатты тұрғын үйлер



2.1.

Орталықтандырылған ыстық және суық сумен жабдықталған

Тәулігіне 1 тұрғын

332

2.2.

Орталықтандырылған суық сумен жабдықталған

Тәулігіне 1 тұрғын

164

3.

Жатақханалар

3.1.

Дәліз үлгісіндегі жатақхана

Тәулігіне 1 тұрғын

160

3.2.

Секциялық үлгідегі жатақхана

Тәулігіне 1 тұрғын

250

4.

Монша

Айына 4 рет

0,18 м3 х 4 = 0,72 м3

5.

Бассейн

1 м3

(1 м3 бассейн х тариф)

6.

Бақша, бау-бақша

6.1.

Бақшаны суару

1 жүздік

(0,6 м3 х 30 күн х 3 ай) = 54 м3

6.2.

Бау-бақшаны суару

1 жүздік

(0,3 м3 х 30 күн х 3 ай) = 27 м3

      Ескерту:

      * міндетті керек-жарақтардың ең төменгі жиынтығымен жабдықталған (су құбыры) және бірлі-жарым санитарлық-техникалық құралдары орнатылған (унитаз, жуғыш, ванна, қол жуғыш) тұрғын үйлер

      ** міндетті керек-жарақтардың толық жиынтығымен жабдықталған (су құбыры, кәріз) және бірнеше санитарлық тораптары, ванналары және душ бөлмелері бар, тұрмыстық су тұтыну құралдары (ыдыс-аяқ жуатын машина, автоматты кір жуғыш машина) орнатылған тұрғын үйлер

4. Астана қаласы бойынша газбен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерін тұтыну нормалары

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 927 қаулысымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларына сәйкес есептеу аспаптары болмаған жағдайда Астана қаласына арналған сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары (бұдан әрі – СМГ) төмендегі есеп бойынша бекітіледі:

      СМГ тұтыну нормалары тұрғын үй орын-жайларында газ плиталары бар және орталық ыстық сумен жабдықталған жағдайда жылу шығыны жылдық нормаларының негізінде есептеледі Q;

      Бір адамға орташа айлық СМГ тұтыну нормаларының есебі – Н, айына адам/кг төмендегі формула бойынша жүргізіледі:

      Н=Q/Qнв*12

      мұнда:

      Q – бір адамға жылу шығынының жылдық нормасы

      МДж/жыл*адам.=3850 МДж/жыл*адам

      Qнв – СМГ жағудың төменгі массалық жылуы, МДж/кг

      12 - жылдағы айлар саны

      Жағудың төменгі массалық жылуының есебі – Qнв

      Нормативтер бойынша келіп түсетін газ суық қысқы кезеңде (1 қазаннан бастап 1 мамырға дейін) 80% пропаннан және 20% бутаннан, жылы жазғы кезеңде (1 мамырдан бастап 1 қазанға дейін) газ 40% пропан мен 60% бутаннан құралуы тиіс.

      Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген Қағидаларға (3.2-кесте) сәйкес суық және жылы кезеңге арналған төменгі массалық жылудың ұлғаюы қабылданады – қысқы кезеңде 46,3 МДж/кг және жазғы кезеңде 46,0 МДж/кг. Есептеу үшін жағудың төменгі массалық жылуының орташа айлық ұлғаюы шығарылады.

      Qнв = (46,3*7+46,0*5)/12=46,17 МДж/кг

      Н – СМГ орташа айлық тұтыну нормасының есебі

      Н=3850 МДж/ жылына * адам / (46,17 МДж/кг*12)

      Н=6,95 кг/айына/ адам


Дата вступления в силу:  19.01.2016
Дата изменения акта:  10.01.2018
Дата принятия акта:  11.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 02.02.2016 ж.; "Астана ақшамы" 28.01.2016 ж. № 10 (3362); "Вечерняя Астана" от 28.01.2016 г. № 10 (3380)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  151000000001
Регион действия:  100051000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  98452
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  367-2307
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  018008000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1700
Язык акта:  kaz