"Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 899 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 ақпанда № 13036 болып тіркелді

      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 70-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11097 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 9 шілдедегі № 129 (28607) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларында:
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Төтенше жағдайларды жоюға қатыстырылатын азаматтық қорғау күштерi мен құралдары:
      азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерiнен;
      авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарынан;
      мемлекеттік және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелерінен;
      азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның авиациясынан;
      сел, тасқын және қар көшкіндері қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтерінен;
      азаматтық қорғау құралымдарынан;
      ішкі істер органдарынан, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнен, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарынан тартылатын күштері мен құралдарынан;
      халықты қорғау және азаматтық қорғау күштерін жарақтандыру үшін қолданылатын материалдық-техникалық мүліктен тұрады.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Төтенше жағдайлардың туындауы туралы хабар беру мына тәртіппен жүзеге асырылады.
      Төтенше жағдайлар туындаған кезде төтенше жағдай фактісі және ахуал туралы ақпарат:
      барлық деңгейдегі әкiмдердің аппараттары, ұйымдар, сондай-ақ халық - дереу азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне;
      ұйымдар - өздерiнiң өкiлеттiктеріне сәйкес дереу орталық атқарушы органдарға;
      азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері - дереу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi Төтенше жағдайлар комитетінің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығына;
      орталық атқарушы органдар – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi Төтенше жағдайлар комитетінің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығына ведомстволық бағынысты ұйымдардағы төтенше жағдайлар туралы ақпарат береді.
      Жаhандық және өңірлік төтенше жағдайлар туындаған жағдайда олар туралы ақпаратты қосымша:
      азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері - азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері арқылы Қазақстан Республикасының шекаралас әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң әкiмдерiне;
      азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - өздерiнiң өкiлеттiктерiне сәйкес дереу Қазақстан Республикасының Үкiметiне, орталық атқарушы органдарға бередi.».
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
      2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      _________________ А. Мамытбеков
      2015 жылғы 20 қараша

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      _________________ А. Сәрінжіпов
      2015 жылғы 2 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      _________________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы 29 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      _________________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 16 қараша

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _________________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 22 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі
      _______________ И. Тасмағамбетов
      2015 жылғы 31 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі
      _______________ Е. Ыдырысов
      2015 жылғы 15 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 27 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      _________________ В. Школьник
      2015 жылғы 11 желтоқсан