19.12.2015

Қор биржасы үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қор биржасы үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөніндегі" 2008 жылғы 28 қарашадағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 244 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5991 тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 168 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9796 тіркелген, 2014 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 10-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін қадағалау департаменті(Хаджиева М.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 252 қаулысымен
бекітілген

Қор биржасы үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін
қалыптастыру қағидалары

      1. Осы Қор биржасы үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - БҚР туралы заң) 49-1-бабына сәйкес әзiрлендi және қор биржасында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Қор биржасының Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесінің Қағидалардың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді және қор биржасының органдары, бөлімшелері мен қызметкерлері тәуекелдерді басқару саласында өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін жағдай жасайды.

      3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) баға тәуекелі – қор биржасының меншікті активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін қаржы нарықтарындағы жағдайлар өзгерген жағдайда туындайтын, қаржы құралдары құнының өзгеру салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

      2) бедел тәуекелі – жағымсыз қоғамдық пікір немесе қор биржасына деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

      3) бэк-тестинг – қор биржасы бойынша тарихи деректерді пайдаланумен және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;

      4) валюталық тәуекел – қор биржасы өз қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруімен байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі валюталар бойынша позицияларды құндық мәнде қайта бағалаудан туындайды;

      5) корпоративтік басқару – қор биржасының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған, қор биржасының жоғарғы органы, басқару органы, атқарушы органы және өзге де органдары арасындағы өзара қарым-қатынастар кешенін білдіретін және акционерлерге қор биржасының қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жасау мүмкіндігін беретін қор биржасын стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі;

      6) кредиттік тәуекел – серіктестің своптар, опциондар, форвардтар және кредиттік тәуекелге ұшырайтын өзге қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты және осы бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдары бойынша есеп айырысуды реттеу кезеңінде туындайтын шығындар тәуекелі кіретін, эмитенттің бағалы қағазды шығару талаптарында белгіленген мерзімде негізгі борышты және бағалы қағазды ұстаушыға тиесілі сыйақыны төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

      7) құқықтық тәуекел – қор биржасының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу, оның ішінде қор биржасының ішкі құжаттары БҚР туралы заңның 83, 84, 85, 86, 87, 88 және 89-баптарының талаптарына сәйкес келмеу, қор биржасының қызмет практикасының оның ішкі құжаттарына сәйкес келмеу, ал Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен қарым-қатыстарда – басқа мемлекеттер заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

      8) меншікті активтерді инвестициялау саясаты – инвестициялау объектілерінің тізбесін, қор биржасының меншікті активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат;

      9) операциялық тәуекел – ішкі процестерді жүзеге асыру барысында қызметкерлер тарабынан жол берілген кемшіліктердің немесе қателіктердің, сауда жүйесінің жұмыс істеу нәтижесінде, сондай-ақ сыртқы оқиғалардың салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

      10) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелі – қор биржасының өз міндеттемелерін ықтимал орындамауына не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретінде өтiмдiлiгiн жоғалту тәуекелі олардың төмен шығасылармен және қолайлы бағалар бойынша тез сатылу мүмкіндігімен айқындалады;

      11) "stop-loss" лимиттері – меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарымен операциялар бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі;

      12) стресс-тестинг – қор биржасының қаржылық жай-күйіне қор биржасының қызметіне әсерін тигізетін ерекше, бірақ ықтимал оқиғалардың әлеуетті ықпалын өлшеу әдістері;

      13) стресстік жағдайлар – сауда-саттықты жүзеге асыру барысында қор биржасының сауда жүйесінің жұмысында шамадан артық жұмыс істеудің, іркілістердің, қателіктердің және (немесе) өзге ақаулардың кездейсоқ туындау жағдайлары;

      14) "take-profit" лимиттері - меншікті активтер есебінен сатып алынған қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістердің шекті жол берілетін деңгейі бойынша лимиттерді белгілеу саясаты;

      15) тәуекелдерді басқару жүйесі - төрт негiзгi элемент: тәуекелді бағалау, тәуекелді өлшеу, тәуекелді бақылау және тәуекел мониторингі кiретiн процесс;

      16) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

      17) ішкі аудит қызметі - Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес құрылған қор биржасының бөлімшесі;

      18) ішкі бақылау жүйесі - қор биржасының рентабельдіктің және Қазақстан Республикасының заңнамасын, қор биржасының саясатын, ішкі қағидалар мен рәсімдерді сақтауға, шығындар тәуекелін немесе қор биржасының бедел тәуекелін төмендетуге ықпал ететін қаржылық және басқару есептілігінің сенімді жүйесін қолдаудың ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруын қамтамасыз ететін ішкі бақылаудың рәсімдері мен саясатының жиынтығын білдіретін тәуекелдерді басқару жүйесінің бөлігі;

      19) ішкі құжаттар - қор биржасы, оның органдары, бөлімшелері мен қызметкерлері қызметінің талаптары мен тәртібін реттейтін құжаттар.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қор биржасы жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қор биржасының тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау жөнінде есеп береді.

      5. Қор биржасы тоқсанына кемінде бір рет тәуекелдерді басқару бойынша қор биржасының саясатында көзделген тәртіпте тәуекелдердің негізгі түрлері (қор биржасының қаржы құралдарына инвестицияланған активтері бойынша баға тәуекелі, пайыз тәуекелі, операциялық тәуекел, валюта тәуекелі) бойынша стресс-тестинг жүргізеді.

      Сауда саттықты ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг қор биржасының сауда-саттық жүйесін қосылатын пайдаланушылар саны, ақпараттар ағынын өткізу қабілеттілігі, өтінімдер беру және мәмілелер жасау жылдамдығы, негізгі және (немесе) қосалқы серверлерде сауда-саттық жүйесі компоненттерінің істен шығуы кіретін сауда-саттық жүйесі элементтерінің стресстік жағдайларға модельдеуге тестілеу арқылы жүргізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу бөлігінде операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг қор биржасының сауда жүйесін стресстік жағдайларды және сауда жүйесінің элементтері қызмет ету параметрлерін, оның ішінде жүйелік біріктіргіштерді, операциялық жүйені, деректер базасын, сауда жүйесіне авторластыру (қол жетімділік) деңгейін, пайдаланушылар санын, ақпараттар ағымын, сауда-саттық көлемін, тоқсанына бір реттен жиі емес негізгі және (немесе) қосалқы серверге жүктемені қоса алғанда, жинақтауға, құрамдауға және модельдеуге тестілеу жолымен жүргізіледі.

      7. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7.1. Баға тәуекелі, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел, операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг нәтижелері қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатында айқындалған тәртіппен ресімделеді, және стресс-тест сценарийінің сипатын, таңдалған стресс-тест сценарийінің негіздемесін және стресс-тестинг нәтижелері бойынша ұсынымдарды қамтиды.

      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Қор биржасында тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы қор биржасы қызметінің корпоративтік басқару, лицензияланатын қызмет түрі шеңберінде операциялар жүргізу практикасының болу, сауда жүйесінің жұмыс істеу жөніндегі талаптарға сәйкес келуін көздейді.

      Қор биржасының тәуекелдерді басқару жүйесі оның қызметіне тән тәуекелдерді бақылауды, мониторингін және оларды барынша азайтуды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Қор биржасының тәуекелдерді басқару жүйесі мынадай бағыттарды қамтиды:

      1) қаржы құралдарымен сауда-саттық барысын ұйымдастыру, жүргізу және басшылық ету;

      2) қор биржасының мүшелері мен эмитенттер беретін ақпаратты жинау, енгізу, сақтау және тарату;

      3) сауда-саттықты ұйымдастыру барысы кідіріссіз, үзіліссіз болуын қамтамасыз ету мақсатында, сауда жүйесіне тұрақты мониторинг жүргізу;

      4) сауда-саттықты ұйымдастыру барысында пайдаланылатын қор биржасының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуінің аудиті;

      5) биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру;

      6) сауда-саттық, бағамдар, бағалар, индекстер, индекстің есептік базасы бойынша ақпаратты жинау, енгізу және сақтау;

      7) қор биржасының меншікті активтерін қаржы құралдарына инвестициялау;

      8) қор биржасын басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымын құру және жетілдіру;

      9) ішкі құжаттарды әзірлеу және бекіту;

      10) қор биржасының мүдделі органдары шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты беру және қор биржасының органдары мен бөлімшелері арасында ақпарат алмасу;

      11) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында және тәуекелдерді басқару саласындағы ішкі саясатта белгіленген талаптардың сақталуына мониторинг;

      12) қор биржасының мүшелерімен және трейдерлермен жұмысты ұйымдастыру тәртібін айқындау, оның ішінде дауларды қарау мен шешу бойынша рәсімдерді анықтау, сондай-ақ қор биржасының мүшелері мен трейдерлер өздерінің міндеттерін орындамаған жағдайда, тиісті шараларды қолдану.

      10. Тәуекелдерді басқару жүйесі мына ішкі құжаттардың болуын көздейді, бірақ олармен шектелмейді:

      1) қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты;

      2) қор биржасының меншікті активтерін инвестициялау тәртібі;

      3) ішкі бақылау мен ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдер;

      5) қор биржасында орын алған және потенциалды мүдде қақтығысын басқару рәсімі;

      6) қор биржасының басшылары мен өзге қызметкерлері инсайдерлік ақпаратты қолдануын болдырмауға бағытталған рәсімдер;

      7) қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі;

      8) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9) қор биржасының ақпараттық саясаты;

      10) техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулық.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты мыналарды айқындайды:

      1) тәуекелді басқару жөніндегі қор биржасының директорлар кеңесінің, басқармасының, жауапты бөлімшесінің және басқа бөлімшелерінің тәуекелді басқару саласындағы өкілеттігі мен функционалдық міндеттемелерді, сондай-ақ осы органдар және бөлімшелер арасында ақпаратпен алмасу тәртібін;

      2) қор биржасының қызметімен және оның сауда жүйесі жұмыс істеп тұруымен байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәнін анықтау тәртібін қоса алғанда, тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалау бойынша рәсімдерді, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәнін анықтау бойынша рәсімдерді;

      3) қор биржасының қызметі және оның сауда жүйесінің қызмет ету процесінде туындайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды;

      4) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдердің тиімділігі мониторингінің, қор биржасының тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері мен тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды бағалаудың бірдейлігінің тетігін;

      5) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдерге және осы тармақтың 3) тармақшасында белгіленген шараларға сәйкес келмеген жағдайда қолданылатын шаралар тиімділігі мониторингін жүргізу тетігін;

      6) сәйкестендірілген (анықталған) тәуекелдердің мониторингі, бағалау және бақылау бойынша рәсімдерді, оның ішінде:

      қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесі тәуекелдерді сәйкестендіру бойынша қор биржасының басқа бөлімшелерімен бірігіп қабылдайтын шаралар;

      тәуекелдер туындауының жиілігін бағалауды, осы тәуекелдер әкеп соққан ықпалды кейінен бөлуді және тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндерін белгілеуді қоса алғанда, қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесі жүзеге асыратын тәуекелдерді бағалау;

      тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері мен осындай көрсеткіштердің барынша рұқсат етілген мәндері өзгеруінің мониторингін қоса алғанда, қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесі жүргізетін тәуекелдердің, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштері мәндерінің тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді барынша азайту мақсатында қолданылатын шаралардың мониторингі;

      зиянға ұшырауға әкеп соғатын және (немесе) қор биржасының бедел және құқықтық тәуекеліне әсер етуге ықпал ететін кез келген маңызды жағдайлар жөнінде директорлар кеңесіне дереу есептілікті беру тетігі.

      12. Қор биржасының меншікті активтерін инвестициялаудың тәртібінде меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі, меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру процесінде қолданылатын құжаттардың үлгі нысандары белгіленеді және мыналар бойынша рәсімдер сипаттамасын қамтиды:

      1) қор биржасының меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлеу;

      2) қор биржасының меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау үшін ұсынымдар дайындау, онда мыналар көзделген:

      ұсынымдар беруге уәкілетті тұлғалар лауазымдарының тізбесі;

      инвестициялық портфельдің жай-күйін талдауды жүзеге асыру тәртібі;

      инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдары айналымының және кірістілігінің болуын, талаптарын талдауды жүзеге асыру тәртібі;

      инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдерді талдауды жүзеге асыру тәртібі;

      ұсынымдарды беру үшін маңызды факторларды талдауды жүзеге асыру тәртібі;

      3) инвестициялық комитет жұмысының сипаттамасын, отырыстардың өткізу және нәтижелерін рәсімдеу кезеңдігін қамтитын қор биржасының меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау;

      4) инвестициялық шешімдерді дайындау, қабылдау және орындау процесінде қор биржасының органдары мен бөлімшелерінің өзара әрекеттесу;

      5) меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасау және көмек көрсету арқылы мәміле жасау болжанатын (осындай бар болса) делдалмен (брокермен) өзара іс-қимыл ету процестерінің сипаттамасы бар олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, мәмілелер жасауға бақылау, активтердің құрамын және қозғалысын салыстырып тексеруді жүзеге асыру, жасалған мәмілелердің ішкі есепке алуын және құжат айналымын жүргізу, сондай-ақ меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тізбесі;

      6) қор биржасының басқармасы меншікті активтер есебінен жасалған қаржы құралдарымен операциялар жөніндегі қызметтің нәтижелері туралы есептілікті уәкілетті органға дайындау.

      13. Меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасауды қамтамасыз ету мақсатында, қор биржасы мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлейді:

      1) меншікті активтерді инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;

      2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесі;

      3) қаржы құралдарының түрлері және ашық валюталық позиция үлесі бойынша меншікті активтерді инвестициялау лимиттері;

      4) меншікті активтер есебінен жасалатын қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты бекітілген талаптар мен шектеулер;

      5) хеджирлеу құралдарының тізбесін және сипаттамасын көрсете отырып, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;

      6) меншікті активтерді инвестициялауға байланысты негізгі тәуекелдер туралы ақпарат.

      14. Қор биржасының меншікті активтерін инвестициялаудың саясатын және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қор биржасының директорлар кеңесі бекітеді.

      15. Ішкі бақылауды және ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері:

      1) ішкі аудит қызметінің құрамын, оның функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін;

      2) ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптарды;

      3) ішкі аудит пен ішкі бақылаудың мәнін және объектін;

      4) ішкі аудит қызметінің тексеру жүргізу ауқымын және жиілігін;

      5) ішкі аудитті жүргізу кезінде міндетті түрде пайдаланылатын бағалау жүйесін;

      6) ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарды;

      7) ішкі аудит қызметінің тексеру нәтижелері туралы есепті қор биржасының директорлар кеңесіне ұсыну мерзімдерін және нысанын айқындайды.

      16. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдерге мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді:

      1) операция "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) 4-бабының 1-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келетін жағдайда, Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес клиенттерді сәйкестендіру және олардың операцияларына мониторинг жасау;

      2) Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге шараларды қабылдайтын мемлекеттік органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы, оның ішінде күмәнді операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру.

      17. Қор биржасы қызметін жүзеге асыру барысында оның органдарымен және (немесе) бөлімшелері арасында туындайтын қор биржасында орын алған және потенциалды мүдделер қақтығысын басқару рәсіміне мыналар кіреді:

      1) мыналарды қамтамасыз етуге бағытталған қор биржасының органдары шешім қабылдау рәсімдері:

      қор биржасы органдарының мүшелері қабылдайтын шешімдердің тәуелсіздігін;

      қор биржасы органдарының мүшелері қабылдайтын шешімдерге мүдделі болмауын;

      қор биржасы органдары мүшелерінің және қызметкерлерінің қор биржасы органдарының отырыстарын жүргізу барысында алынған ақпаратты тұлғалардың көпшілік тобының арасында осы ақпаратты ресми жария еткенге дейін оны өзінің жеке мақсатында не үшінші тұлғалардың мүддесіне қолдануларын шектеу;

      2) қор биржасы органдарының отырыстарын жүргізу қорытындысы бойынша хаттамаларды міндетті жасау мен сақтау бойынша талаптар;

      3) қор биржасының бөлімшелері арасында, қор биржасының органдары мен бөлімшелері арасында, қор биржасының органдары арасында орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын сипаттау;

      4) орын алған мүдделер қақтығысын реттеу мақсатында қор биржасы жүргізетін іс-шаралар, сондай-ақ әлеуетті мүдделер қақтығысын реттеуге бағытталған алдын алу шаралары.

      18. Инсайдерлік ақпаратты қор биржасының басшылары мен өзге қызметкерлері қолдануларын болдырмауға бағытталған рәсімдер мынаны қамтиды:

      1) инсайдерлік ақпаратты өзінің мүддесі немесе үшінші тұлғалардың мүддесінде қолданумен мәмілелерді жасауды болдырмауды;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инсайдерлік және оған негізделген ақпаратты үшінші тұлғаларға беруді және тұлғалардың көпшілік тобы арасында оны таратуды болдырмауды;

      3) қор биржасы қызметкерлерінің инсайдерлік ақпаратқа негізделген қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер туралы ұсынымдарды үшінші тұлғалар беру мүмкіндігін шектеуді.

      19. Қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша есеп беруді жүзеге асыру тәртібі мыналарды көздейтін рәсімдердің сипаттамасын қамтиды:

      1) қор биржасында айналымға жіберілген қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша есептесуді ұйымдастыру мен жүзеге асыруды;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген есептесуді жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды дайындауды;

      3) қор биржасының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуін мәмілелер бойынша есептесуді жүргізу жүйесінде қателер мен техникалық жаңылулар болуына мониторингі және тестілеуді;

      4) қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелер бойынша есептесуді жүзеге асыру процесінде сауда-саттық қатысушылары мен қор биржасы арасындағы мәселелерді шешудің тәртібін.

      20. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Қор биржасының ақпараттық саясатына мыналар кіреді, бірақ онымен шектелмейді:

      1) қор биржасының эмитенттермен және қор биржасы мүшелерімен, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тәртібі;

      2) қор биржасының беделіне ықпал ете алатын ақпараттың тұрақты мониторингі бойынша талаптар;

      3) қор биржасының беделіне зиян әкелетін ақпарат пайда болған және таратылған жағдайда, қажетті шараларды қолдану бойынша талаптар.

      22. Кауіпсіздік техника жөніндегі нұсқаулық мыналарды қамтиды:

      1) өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптарды;

      2) төтенше және күтпеген жағдайлар туындау жағдайында қор биржасы қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің сипаты бар, төтенше және күтпеген жағдайлар туындау жағдайындағы іс-әрекеттер жоспарын;

      3) қор биржасының қызметкерлері бағдарламалық-техникалық кешенін және өзге жабдықты пайдалану тәртібін;

      4) қор биржасының үй-жайлары жабылу алдында қараудың жүйелілігі.

      23. Қор биржасының қызметін жүзеге асыру барысында органдары мен (немесе) бөлімшелерінің арасында туындайтын орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару мақсатында, қор биржасы мынадай шараларды қолданады:

      1) мүдделер қақтығысы орын алған немесе ол туындауы ықтимал бөлімшелердің қор биржасының түрлі басшыларына есептілігін қамтамасыз етіледі;

      2) орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын ескеріп, қор биржасының бөлімшелері мен органдары арасында ақпаратты алмасу тәртібі әзірленеді және енгізіледі;

      3) ішкі аудит қызметі қор биржасының бөлімшелері мен қызметкерлерінің қызметін қор биржасы қабылдаған орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсімдеріне сәйкес келуін тексеруді үнемі жүзеге асырады.

      24. Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің басшысы мен қызметкерлері жоғары білімді, кәсіби біліктілігі және тәуекелдерді басқару саласында жұмыс үш жылдан кем емес тәжірибесі бар болады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнама бойынша білімдері болуы қажет.

      25. Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің басшылары мен қызметкерлеріне қосымша қойылатын талаптарды қор биржасы белгілейді.

      26. Ішкі аудит қызметінің басшылары мен қызметкерлеріне бір уақытта қор биржасының басқа бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің, сондай-ақ қор биржасы органдарының функциялары жүктелмейді.

      27. Ішкі аудит қызметінің басшылары мен қызметкерлерінде жоғары білімі бар, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы, оның ішінде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы бойынша білімдері бар, кәсіби біліктілігіне ие, қаржылық қызметті ұсыну мен реттеу саласында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі (тәжірибесі) бар, сонымен қатар экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы жемқорлық және өзге қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ.

      28. Қор биржасының директорлар кеңесі ішкі аудит қызметінің қызметкерлерін тағайындайды.

      29. Қор биржасы өзінің қызметінде тәуекелдердің мынадай түрлерін жіктейді және сәйкестендіреді:

      1) операциялық тәуекелдерді;

      2) құқықтық тәуекелдерді;

      3) бедел тәуекелдерін;

      4) бағалық, валюталық және пайыздық тәуекелдерді;

      5) өтімділік жоғалту тәуекелдерін;

      6) тәуекелдерді басқару бойынша қор биржасының саясатына сәйкес өзге тәуекелдерді.

      30. Операциялық тәуекелдерге мыналармен байланысты тәуекелдер кіреді:

      1) жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік пен басқарудың құрылымын қоса алғанда, қор биржасының айқындалмаған және тиімсіз ұйымдастырушылық құрылымымен;

      2) ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегиялармен, саясатпен және (немесе) стандарттармен, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданудағы кемшіліктермен;

      3) қор биржасының қызметкерлерін тиімсіз басқарумен және (немесе) оның біліктіліксіз штатымен;

      4) қор биржасының сауда жүйесін рұқсатсыз пайдаланумен және қор биржасындағы сауда-саттық процесіне қатысушы-трейдерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігіне не қор биржасының сауда-жүйесінде олар мәмілелерді жасағанда қателіктерді жібергендерімен;

      5) қор биржасы қызметін жүзеге асыру процестерінің жеткіліксіз тиімді құрылымымен не ішкі ережелерді сақтаудың нашар қадағалауымен;

      6) қор биржасының қызметіне күтілмеген және бақыланбаған сыртқы факторлардың әсерімен;

      7) қор биржасының қызметін регламенттейтін ішкі құжаттарда (ережелерде) кемшіліктер мен қателердің бар болуымен;

      8) қаржы құралдарымен сауда-саттық процесі бұзылуына және қор биржасында операцияларды жүзеге асырумен;

      9) қор биржасының мүшелері мен эмитенттері беретін конфиденциалды ақпаратты заңсыз қолданумен;

      10) қор биржасындағы органдары мен бөлімшелері арасында мүдделер қақтығысы туындауымен;

      11) ақпаратты жинаумен, енгізумен, сақтаумен және таратумен байланысты қателер туындауымен;

      12) қаржы құрылдарының құны мен кірістілігін бағалауды және олар бойынша есептесуді жүзеге асыруды көздейтін қор биржасының әдістемелерінде барынша дәл есептесуді жеткіліксіз жүргізумен;

      13) қор биржасының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуі жұмыс істеуінде қателер мен жаңылу туындау ықтималымен;

      14) қор биржасы қызметі кезінде жетілмеген технологияларды пайдалану салдарынан, оның ішінде сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу, есептесуді жүргізу, қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша және жүйелі басқару функцияларын орындау процестерін қоса алғанда, зиян пайда болу ықтималымен;

      15) потенциалды тәуекелдер ретінде қор биржасы сәйкестендіретін өзге жағдайлармен.

      31. Қор биржасының құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесі (заң бөлімшесі) қор биржасы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуынан, оның ішінде қор биржасының ішкі құжаттары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмегенде, қор биржасының қызметінің практикасы оның ішкі құжаттарына сәйкес келмегенде туындайтын құқықтық тәуекелдерді реттеуді мыналар арқылы қамтамасыз етеді:

      1) қор биржа қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасына, қор биржасының ішкі ережелері мен рәсімдеріне және келісім қатынастарының талаптарына сәйкес келуіне бақылауды жүзеге асыру;

      2) қор биржасында сауда-саттықты өткізу процесінде қор биржасы мүшелерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында, қор биржасының ішкі ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуіне бақылауды жүзеге асыру;

      3) қор биржасының персоналын тұрақты негізде қор биржасының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстыру;

      4) қор биржасының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасы өзгеруіне байланысты, қор биржасының Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы тәуекелдері туындау мүмкіндігін бағалауды өткізу.

      32. Тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және бақылау процестерінің мақсаты болып мыналар табылады:

      1) сәйкес келтірілмеген тәуекелдер мен қауіпті алдын ала анықтау;

      2) тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген міндерін бағалау сапасын көтеру;

      3) тәуекелдерді бақылаудың баламалы механизмдерін дамыту;

      4) тәуекелдерді барынша төмендету мен басқару бойынша уақтылы іс-шараларды қабылдауды қамтамасыз ету;

      5) тәуекелдерді басқару бөлімшесін қоса алғанда, қор биржасының жекелеген бөлімшелерін тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалау процесіне тарту, сонымен қатар, тәуекелдерді басқару саласында қор биржасы қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру.

      33. Тәуекелдерді сәйкестендіру рәсімі қор биржасының бөлімшелері қызметінің түріне байланысты тәуекелдерді басқару бөлімшесімен бірге қор биржасының әр бөлімшесі жүзеге асыратын мұқият шолу мен мониторингке негізделеді.

      34. Сәйкестендіру тәуекелдері мына сипаттар бойынша талданады:

      1) тәуекелдердің басталу жиілігі;

      2) тәуекелдің әсер ету көлемі.

      35. Талдаудың нәтижесі негізінде тәуекелдер шекті ретінде айқындалған тәуекелдер көрсеткіштерінің мәніне қатысты қабылданатын және қабылданбайтын ретінде дифференциалданады.

      36. Тәуекелдерді бағалау мен бақылау нәтижелері қор биржаның толық қызметіне сияқты жеке қызмет түріне де тәуекел көрсеткішінің сандық мәнін айқындау үшін қолданылады.

      37. Тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәні тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғарғы рұқсат етілген мәнін, белгіленген шектеулі көрсеткіштеріне тәуекелдердің сәйкестігін, сондай-ақ белгіленген шектеулі көрсеткіштерге сәйкес келмейтін тәуекелдерді барынша төмендету мен басқару үшін тиісті шешімдерді қабылдау қажеттілігін бағалауға мүмкіндік береді.

      38. Қор биржасының жекелеген қызметіне тән тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәнін осы қызметті жүзеге асыратын қор биржасының бөлімшелері тәуекелдерді басқару бөлімшесімен бірігіп есептейді.

      39. Қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі қор биржасында қаржылық құралдармен сауда-саттық процесі бұзылуына әкелген техникалық жаңылулар мен өзге жағдайлар туралы директорлар кеңесі мен басқармаға хабарлайды.

      40. Қор биржасының директорлар кеңесі қаржы құралдарымен сауда-саттық процесінің бұзылуына әкелген техникалық іркілістер мен жағдайлар туралы ақпаратты олар басталған күннен кейінгі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      41. Тәуекелдерді басқару бойынша қор биржасының бөлімшесі тоқсан сайын директорлар кеңесі мен басқармаға тәуекелдердің туындауы оқиғаларының саны және тәуекелдердің туындауы нәтижесінде келтірілген залалдардың мөлшері туралы мәліметтер кіретін есеп жасайды, сондай-ақ тәуекелдердің өзін, сондай-ақ олардың туындауынан болатын салдарларды азайту бойынша іс-шаралар жоспарын ұсынады.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.09.2020 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      42. Қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәнін бағалау бойынша әзірлеген қорытындысының негізінде қор биржасының басқармасы директорлар кеңесі бекітетін тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғарғы рұқсат етілген мәнін айқындайды.

      43. Жаңа тәуекелдер пайда болған жағдайда және тәуекелдер көрсеткіштерінің мәні тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша жоғарғы рұқсат етілген мәніне сәйкес келмеген жағдайда, тәуекелді сәйкестендірген және (немесе) осы сәйкессіздікті анықтаған қор биржасының бөлімшесі директорлар кеңесіне және басқармаға ол туралы хабарлайды.

      44. Тәуекелдерді бағалау нәтижесінің негізінде оларды барынша төмендетуге бағытталған ықтимал іс-шаралар анықталады.

      45. Тәуекелдерді барынша төмендету тәуекелдер көрсеткіштері тәуекелдер көрсеткіштерінің шекті мәнінен асып түскен жағдайларда қажетті болып табылады. Тәуекелдерді барынша төмендету мына іс-шаралармен шектелмей жүзеге асырылады:

      1) ішкі бақылау жүйесін енгізу, тәуекелдерге мұқият мониторинг жүргізу мен қадағалауды жүзеге асыру, тәуекелдерді басқару саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

      2) қор биржасының қызметі процесінде қор биржасының органдары қабылдайтын сол және өзге шешімдерге тән тәуекелдер туындаған жағдайда, зиянды сәйкестендіру мен барынша төмендету бойынша рәсімдерді жетілдіру;

      3) трейдерлер болып табылмайтын, бірақ осындай лимиттерді белгілеуге уәкілетті тұлғалар қор биржасындағы сауда-саттық процесіне қатысушылар - трейдерлер үшін қаржы құралдары бойынша лимиттерді белгілеуді көздейтін бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді қор биржасының енгізуі;

      4) сауда-саттықты ұйымдастыру процесінде екі жылда бір реттен сирек емес қолданылатын қор биржасының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуіне аудитті жүргізу.

      46. Директорлар кеңесі тәуекелдер туындауы бойынша есептілікті беру тәртібін бекітеді, оның мақсаты болып мыналар табылады:

      1) тәуекелдер туындау салдарынан болған шығындар туралы ақпараттық базаны құру;

      2) тәуекелдер туындау нәтижесінде болған нақты зиян туралы ақпаратты талдауы арқылы тәуекелдерді басқару мен барынша төмендету процестерін жетілдіру;

      3) тәуекелдер туындау нәтижесінде пайда болатын зиянның құнын кезеңді бағалауды жүргізу;

      4) тәуекелдер туындауының маңызды жағдайларына уақтылы және тиісті ден қоюды қамтамасыз ету;

      5) деректерді жинау мен енгізу жөніндегі рәсімдерді толық үйлестіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпаратты қайталау және (немесе) жіберіп алу бойынша қателерді болдырмау.

      47. Қор биржасының меншікті активтерін тиімді инвестициялауды қамтамасыз ету мақсатында, тоқсанына бір реттен жиі емес мыналар жүргізіледі:

      1) эмитенттің қаржылық жай-күйін талдауды қоса алғанда, эмитенттерді және олар шығарған (берген) қаржы құралдарына, оның активтері құнының одан әрі өсу потенциалына, қабылданған міндеттемелер бойынша жауап беру қабілетіне, осы эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялауға және осы тәуекелдердің уәкілетті орган қор биржасы үшін белгілеген пруденциалдық нормативтерге және өзге де нормалар мен лимиттерге әсер етуіне байланысты тәуекелдерге талдау;

      2) инвестициялауды жүргізу көзделген қаржы құралдары айналымының талаптары мен кірістілігін талдау;

      3) портфельдің құрылымы, кірістіліктің өзгеру динамикасы туралы мәліметтерді, портфельдің құрылымын оңтайландыру бойынша шығынды позициялар мен ұсынымдарды талдауды қоса алғанда, меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар портфеліне талдау.

      48. Осы Нұсқаулықтың 47-тармағында көрсетілген аналитикалық зерттеулер негізінде осындай ұсынымдарды беруге негіздеме болған факторлардың толық тізбесі бар ұсынымдар әзірленеді.

      48-1. Ұсыныс қаржы құралдарымен бір немесе бірнеше мәмілелер жасауға қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау үшін әзірленеді.

      Ескерту. 48-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      49. Ұсынымдар:

      1) меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу, сондай-ақ көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      2) инвестициялау лимиттерін белгілеу мен қайта қарау;

      3) қор биржасының меншікті активтері есебінен мәмілелер жасау туралы инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде беріледі.

      50. Ұсынымда мынадай мәліметтер болады:

      1) ұсынымның нөмірі және берілген күні;

      2) қор биржасының ұсынымды дайындаған жауапты бөлімшесі және қызметкері туралы мәліметтер;

      3) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпарат дерек көздерінің тізбесі (сипаттамасы);

      4) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижелері, мына ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей:

      жасалатын мәміленің меншікті активтер бойынша кірістердің болжанатын өзгерісіне әсері туралы;

      осы қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдер туралы;

      жасалатын мәміленің уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтер мәнінің өзгеруіне әсері туралы;

      5) ұсынылатын инвестициялық шешімнің нұсқалары;

      6) аталған құралдың түрін, көлемдерінің, бағаларының және (немесе) кірістілік деңгейлерінің диапазонын және басқа да сипаттамаларын (шарттарын) көрсете отырып, қаржы құралының сипаттамасы;

      7) қор биржасының инвестициялау саясатына сәйкес мәміле жасауға ұсынылатын қорытындының мақсаты;

      8) ұсыным берген тұлғалардың атқаратын лауазымдарын көрсетумен қойған қолдары;

      9) қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген өзге де ақпарат.

      Ескерту. 50-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      51. Ұсынымдар оларды дайындауға негіздеме болған барлық құжаттармен бірге сақталады.

      52. Қор биржасының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі:

      1) қаржы құралдарымен операциялар бойынша, оның ішінде қаржы құралдары нарығында ("stop-loss" лимиттері) бағалардың күрт ауытқуымен байланысты шамадан тыс шығындарды болдырмау жөніндегі оперативті рәсімдерді, сондай-ақ тиісті кірістілікті қаржы құралдары бойынша бағалардың өлшемдік деңгейлерін белгілейді, ол деңгейлерге жеткеннен кейін қаржы құралының нарықтық құнының ("take-profit" лимттері) төмендеу ықтималдығы жоғарылайды. "stop-loss" және "take-profit" лимиттері белсенді нарық жұмыс істейтін қаржы құралдары үшін, сондай-ақ тізбесін Қордың (Ұйымның) инвестициялық комитеті белгілейтін өзге де құралдары үшін белгіленеді;

      2) қаржы құралдары нарығының ауқымы мен динамикасына және қаржы құралының өтімділігіне сәйкес лимиттерді қайта қарауға бастамашы болады;

      3) меншікті активтер бойынша өтімділікті жоғалту тәуекеліне ұшырайтындығы жөнінде қорытындыны дайындайды және осы қорытындыны директорлар кеңесіне береді;

      4) қаржы құралдарын сатып алуға байланысты кредиттік, пайыздық, валюталық және баға тәуекелдерінің деңгейін бағалау туралы қорытынды дайындайды және осы қорытындыны инвестициялық комитетке ұсынады;

      5) тәуекелдерді бағалау моделі және ағымдағы бағаларды нарықтыққа келтіру негізінде қаржы құралдары құнын бағалауды жүргізеді, оның ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1-нысанына сәйкес баға тәуекелі бойынша стресс-тестингті жүзеге асырады;

      6) бэк-тестинг жүргізеді, қор биржасы бойынша тарихи деректерді қолданып және стресс-тестинг жүргізу нәтижесінде есептелген нәтижелерді қаржы құралдарымен операцияларды жасасудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстырып, тәуекелдерді өлшеу рәсімінің тиімділігін тексеруді жүзеге асырады;

      7) стресс-тестингтің және бэк-тестингтің нәтижелерін директорлар кеңесіне және тәуекелдерді бағалау мен жүйелі түрдегі стресс-тестингтердің нәтижелерін қаржы құралдарымен мәмілелерді жасасуға қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдауда қолданатын инвестициялық комитетке береді.

      Ескерту. 52-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      53. Қор биржасының тәуекелдерді басқаруды бойынша бөлімшесінің осы Қағидалардың 52-тармағының 4) тармақшасына сәйкес дайындалған қорытындысында мына мәліметтерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) инвестициялық комитет белгілеген лимиттердің сақталуына жасалатын мәміленің әсері туралы;

      2) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтер мәнінің ықтимал өзгеруіі туралы;

      3) осы қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдер туралы.

      54. Ұсынымдар мен директорлар кеңесінің қорытындысы негізінде инвестициялаудың басымды бағыттарын айқындайды, ал инвестициялық комитет инвестициялық шешімді қабылдайды және жылына бір реттен жиі емес мына инвестициялау лимиттерін белгілейді және қайта қарайды:

      1) қаржы құралдарының түрлері бойынша инвестициялау лимиттерін;

      2) ашық валюталық позициялар бойынша лимиттерді және валюталық нетто-позицияның лимиттерін;

      3) негізгі қызмет түрі экономиканың белгілі бір секторымен байланысты эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттерін;

      4) қаржы құралдары үшін "stop-loss" лимиттерін;

      5) қаржы құралдары үшін "take-profit" лимиттерін.

      55. Инвестициялық комитет отырысының өткізілу қорытындылары бойынша міндетті түрде мыналарды көрсетумен хаттама жасалады:

      1) отырыста қаралатын мәселелер тізбесін;

      2) инвестициялық шешімді қабылдау үшін инвестициялық комитетке ұсынылған құжаттар тізбесін;

      3) қаржы құралдарының атауын, сондай-ақ олармен мәмілелер жасау талаптарын көрсетумен, осы отырыста қабылданған инвестициялық шешімдердің параметрлерін;

      4) отырыста қаралатын әрбір мәселе бойынша дауыс беру қорытындыларын;

      5) инвестициялық комитет мүшелерінің негіздемелері мен күтілетін тиімділігі бар пікірлерін, оның ішінде олардың қабылданған шешіммен келіспеушілігі және ерекше пікір болған жағдайда.

      56. Хаттамаға инвестициялық комитеттің отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері қол қояды және ол инвестициялық комитет қабылданған инвестициялық шешімдермен бірге сақталады.

      57. Инвестициялық шешім қаржы құралдарымен жасалатын бір және сондай-ақ бірнеше мәмілелерге қатысты қабылданады.

      58. Инвестициялық комитеттің отырысының қорытындысы бойынша қабылданған қаржы құралдарымен мәміле жасау үшін инвестициялық шешімде:

      1) инвестициялық шешімнің қабылданған күні және нөмірі;

      2) инвестициялық шешім қабылдауға негіздеме болған ұсынымның берілген күні және нөмірі;

      3) жасалуы тиіс мәміленің түрі;

      4) мәміле жасалуы тиіс қаржы құралын сәйкестендіргіш;

      5) жасалуы тиіс мәміленің көлемдерінің, бағаларының және (немесе) кірістілік деңгейлерінің диапазоны;

      6) мәміле жасау мерзімдері;

      7) мәміле жасау болжанатын нарықтың типіне сілтеме (алғашқы немесе қайтара, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған, халықаралық нарықтар);

      8) көмегі арқылы мәміле жасау болжанатын делдалдың (брокердің) атауы (мұндай бар болған кезде);

      9) инвестициялық комитет мүшелерінің біреуінде инвестициялық шешімнің қабылдануына (қабылданбағанына) қатысты ерекше пікірінің болуына сілтеме;

      10) инвестициялық шешімді қабылдаған, тұлғалардың атқаратын лауазымдарын көрсетумен қойған қолдары болады.

      Ескерту. 58-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      59. Хеджирлеу құралдарымен мәміле жасау үшін инвестициялық шешім Қағидалардың 58-тармағының 1), 2), 3), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтермен қатар мыналардан тұрады:

      1) хеджирлеу құралын оның түрін, жасалу мерзімін, көлемін, құнын (сыйлықақысын) көрсете отырып, хеджирлеу операциясының жасалуы жоспарланатын нарықты және осы құралдың басқа да сипаттамаларын (талаптарын) жан-жақты сипатталуы;

      2) осы хеджирлеу құралын қолданудан күтілетін нәтижелер;

      3) хеджирлеу объектісі тәуекелін (базистік активінің) оның түрін (пайыздық, баға, валюталық және тағы басқалар), сондай-ақ оның бағалау әдісін көрсете отырып бағалау;

      4) қажетті деректемелері (ұлттық сәйкестендіру нөмірі, саны, құны, көлемі, валютасы) көрсетілген хеджирлеу объектісін сипаттау;

      5) осы операцияны жасау арқылы хеджирлеу объектісі бойынша ықтимал шығындардың (алынбаған кіріс) мөлшерін төмендетуге алып келетінін растайтын есеп айырысу.

      60. Инвестициялық комитеттің отырысының қорытындысы бойынша қабылданған инвестициялық шешім қаржы құралдарымен мәмілені жасасу үшін орындалуға беріледі.

      61. Қор биржасының Директорлар кеңесі ішкі бақылаудың бірдей жүйесінің болуын қамтамасыз етеді және қор биржасы қызметкерлерінің ішкі бақылау саласында өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды.

      62. Қор биржасындағы ішкі бақылау жүйесі мынадай мақсаттарға:

      1) қор биржасының активтерін басқарудың, листинг рәсімдерінің, биржалық мәмілелер бойынша есептесуді жүзеге асырудың, қор биржасының биржалық мәмілелерге, қор биржасының мүшелеріне және эмитенттеріне қатысты қадағалау функцияларын орындаудың және шығындар болуын айқындаудың тиімділігін тексеруді көздейтін қор биржасы қызметінің операциялық және қаржылық тиімділігіне;

      2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігін, толықтығы мен уақтылығына. Аталған мақсат шынайы және сапалы қаржылық есептің жасалуын және шешімдер қабылдаған кезде қор биржасы пайдаланған басқа қаржы құжаттарын тексеруді болжалдайды;

      3) қор биржасы Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ қор биржасының ішкі саясаты мен рәсімдерін айқындайтын құжаттардың талаптарын тексеруді болжайтын Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтауға жету үшін құрылады.

      63. Ішкі бақылау жүйесі мынадай үш кезеңнің үздіксіз кезекті түрде жүру принципі бойынша қызмет етуі тиіс:

      1) қор биржасының ішкі регламенттеріне рәсімдерді қосу жолымен ішкі бақылау жүйесін (тиімділікті бақылау нәтижелерін есепке ала отырып) қалыптастыру;

      2) жұмыста қор биржасының ішкі регламенттерін пайдалану;

      3) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау.

      64. Ішкі бақылау жүйесін мына рәсімдерді жүргізуді қамтиды:

      1) қызметтің жоспарлы көрсеткіштерін қоса беріп, қор биржасының қаржылық қызметінің ағымдағы нәтижелері туралы есептерді директорлар кеңесіне беру арқылы қор биржасының алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу процесін тоқсан сайын тексеру;

      2) бөлімше қызметінің нәтижелері туралы стандарт нақты есептерді бөлімше басшыларының ай сайынғы негізде тексеруі;

      3) материалдық маңызды ақпаратқа және бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге қол жетімділікті шектеуге бақылау жүргізу мақсатымен тексеру;

      4) тәуекелдің белгіленген лимиттерінің сақталуын тексеру мен анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

      5) міндетті авторизацияны талап ететін операциялардың тізбесіне қор биржасының басшылығының талаптарын белгілеу;

      6) операциялардың шарттары мен қор биржасының қызметіне байланысты тәуекелдерді басқару үлгілерін қолданудың нәтижелерін тексеру;

      7) жүргізілген операцияларды қор биржасының есебінде және есептілігінде көрсетудің уақтылығын, дұрыстығын, толықтығы мен дәлдігін тексеру;

      8) қор биржасының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етілуінің сенімді қызмет етуін тексеру;

      9) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдердің тиімділігін тексеру;

      10) қор биржасында мүдделердің бар болған және потенциалды қақтығысын басқаруға бағытталған рәсімдердің тиімділігін тексеру;

      11) қаржы құралдардың құнын бағалау және кірістілік бөлігінде әдістерді қоса алғанда, қор биржасының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржы құралының құнын бағалаудың дұрыстығын және шынайылығын тоқсан сайынғы тексеру.

      65. Ішкі аудиттің мақсаты болып ішкі бақылау жүйесінің бара бар болуын және тиімділігін бағалау, қор биржасының бөлімшелерінің жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жағдайы туралы уақтылы және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмысты жақсарту жөніндегі ұтымды және тиімді ұсынымдарды беру табылады.

      66. Директорлар кеңесі ішкі бақылау жүйесінің жағдайын объективті бағалауды және оларды жетілдіру бойынша ұсынымдарды беру жолымен тиісті ішкі бақылау жүйесінің бар болуын және қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша функцияларын жүзеге асырғанда туындайтын міндеттерді шешу мақсатымен ішкі аудит қызметі құрылады.

      67. Ішкі аудит қызметі өз қызметінде "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын, ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі және қор биржасының ішкі аудит қызметі туралы ережені, сондай-ақ қор биржасының қызметін реттейтін басқа ішкі құжаттарды және Қағидалардың талаптарын басшылыққа алады.

      68. Ішкі аудит қызметі қор биржасының кез келген бөлімшесінің қызметін немесе лауазымды тұлғасының қызметін тексеруді тағайындайды. Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесінің алдында үнемі есеп береді.

      69. Ішкі аудит қызметі ішкі аудиттің жоспары мен қор биржасының директорлар кеңесі бекітетін ішкі аудит бағдарламасын жасайды.

      70. Ішкі аудит қызметінің міндетіне мынадай мәселелерді:

      1) ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуін;

      2) директорлар кеңесіне ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы есептілікті дайындау;

      3) директорлар кеңесіне, басқармаға және сыртқы пайдаланушыларға берілетін қор биржасының лицензияланатын қызмет түрі аясында кез келген мәлімет пен ақпараттың шынайлығы мен дәл болуын;

      4) ішкі немесе сыртқы аудитор анықтаған бухгалтерлік есептегі немесе ішкі аудиттегі кез келген елеулі кемшіліктерді қарау мен талқылау кіреді.

      71. Ішкі аудитті қызметінің негізгі функциялары:

      1) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін тексеру мен бағалау;

      2) тәуекелдерді бағалау әдістемесінің және тәуекелдерді басқару рәсімдерінің (әдістемелерінің, бағдарламаларының, ережелерінің және банк операцияларын жасау мен мәмілелер, тәуекелдерді басқару рәсімдерінің) қолдану толықтығын және тиімділігін тексеру;

      3) деректер базасының тұтастығы мен оларды санкция берілмеген рұқсаттан қорғауды, күтпеген жағдайларда іс-қимыл жоспарының болуын қоса отырып, сауда жүйесінің қызмет ету тиімділігін тексеру;

      4) бухгалтерлік есеп пен есеп берудің анықтығын, толықтығын, объективтілігі мен уақтылығын, сонымен қатар ақпарат пен есептіліктің сенімділігін әрі уақтылығын тексеру;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге мәліметтерді берудің анықтығын, толықтығын, объективтілігі мен уақтылығын тексеру;

      6) қор биржасының мүлігінің сақталуын қамтамасыз етудің қолданылып жүрген тәсілдерін (әдістерін) тексеру;

      7) қор биржасының жасаған операцияларының экономикалық мақсатқа лайықтылығын және тиімділігін бағалау;

      8) ішкі бақылаудың процестері мен рәсімдерін тексеру;

      9) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында құрылған жүйелерді тексеру;

      10) қор биржасының қызметкерлерін басқару қызметінің жұмысын бағалау;

      11) анықталған тәуекелдер деңгейін төмендетуді немесе қор биржасының бөлімше басшысының және (немесе) басқару органдарының қор биржасы үшін анықталған тәуекелдердің жарамдылығы туралы қабылдаған шешімін құжаттандыруды қамтамасыз ететін қор биржасының бөлімшелерін тексеру нәтижелері бойынша қор биржасының бөлімшелері мен органдарының қабылдаған шараларының тиімділігіне бақылау жасау;

      12) қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген басқа мәселелер болып табылады.

      72. Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру қор биржасының Қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келуімен қамтамасыз етіледі.

  Қор биржасы үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын
бағалау бойынша есеп

      "______________________________________________"

      (қор биржасының атауы)

      "______" жыл үшін

Қағиданың тиісті абзацын, бөлігін, тармақшасын, тармағын көрсету

Тәуекелдерді бағалау жүйесінің талаптарына сәйкестігін бағалау

Тәуекелдерді бағалау жүйесінде анықталғанкемшіліктер

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша қажетті іс-шаралар, жауапты адамдар мен іс-шараларды орындаудың мерзімдері

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6








      Тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін

      бағалау:

      _____________________________________________________________________

      Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      Тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкестігін

      бағалауды мынадай критерийлердің үш балдық жүйесі бойынша жүзеге

      асыру қажет: сәйкес, ішінара сәйкес, сәйкес емес:

      1) "сәйкес" ретінде бағалау қор биржасының тәуекелдерді басқару

      жүйелеріне қойылатын талаптардың критерийлерін қандай да бір маңызды

      кемшіліктерсіз орындауы кезінде шығарылады;

      2) "ішінара сәйкес" ретінде бағалау қор биржасының тәуекелдерді

      басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың нақты критерийін сақтаудағы

      мүмкіндігіне қатысты маңызды күмәндер пайда болуына жеткілікті болып

      есептелмейтін кемшіліктер анықталғанда шығарылады;

      3) "сәйкес емес" ретінде бағалау қор биржасының тәуекелдерді

      басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың критерийін орындамаған кезде

      шығарылады.

      Егер тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын жекелеген

      талаптар қор биржасының қатысты қолданылмайтын жағдайда, талаптың осы

      критерийіне сәйкестігін бағалау жүзеге асырылмайды және тиісті

      "қолданылмайды" деген жазбамен белгіленеді.

      Қор биржасының бірінші басшысы (ол болмаған кезде - оның орнындағы

      адам)

      ____________________________________ ______________ _________________

      тегі, аты, жөні (ол бар болса ) қолы күні

      Тәуекелдері басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің басшысы

      ____________________________________ ______________ _________________

      тегі, аты, жөні (ол бар болса) қолы күні

      Ішкі аудит қызметінің басшысы ________________ __________ ___________

      тегі, аты, жөні (ол бар болса) қолы күні

  Қор биржасы үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
2-қосымша

      1-нысан

Баға тәуекелі бойынша стресс-тестинг

Қаржы құралдарының санаты

Қаржы құралының ағымдағы құны (теңгемен)

Қаржы құралының ағымдағы құнының төмендеу сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

0%-5%

5%-10%

10%-20%

20%-30%

30% астам

1

2

3

4

5

6

7

8

























































Шығын жиынтығы


      1-нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. 1-бағанда нарықтық бағасы бар қаржы құралдары көрсетіледі.

      Бұл ретте қаржы құралдары қаржы құралдарының түрлері және

      экономиканың секторы бойынша топтастырылды.

      2. 2-бағанда қаржы құралының ағымдағы құны (теңгедегі)

      көрсетіледі.

      3. 3, 4, 5, 6 және 7-бағандарда қаржы құралдарының әрбір санаты

      бойынша қаржы құралының ағымдағы құнының болжанған бір сценарий ғана

      таңдалады.

      4. 8-бағанда таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгедегі)

      көрсетіледі.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      _____________________________________________________________________

      Қор биржасының бірінші басшысы (ол болмаған кезде - оның

      орнындағы адам) _____________________ ________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы күні

      2-нысан

Пайыздық тәуекел бойынша стресс-тестинг

Борыштық бағалы қағазды өтеуге дейінгі мерзім

Қаржы құралының ағымдағы құны

Купонды сыйақының пайыздық мөлшерлемесін төмендету сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

0%-2%

2%-4%

4%-6%

более 6%

1

2

3

4

5

6

7

6 айдан кем







6-12 ай







12-18 ай







18-24 ай







24 айдан астам







Борыштық бағалы қағазды өтеуге дейінгі мерзім


      2-нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. 2-бағанда қаржы құралының ағымдағы құны көрсетіледі.

      2. 3, 4, 5 және 6-бағандарда купондық сыйақының пайыздық

      мөлшерлемесінің төмендеу сценарийі көрсетіледі. Осы бағандарда бір

      санаттағы қаржы құралдары купондық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің

      төмендеуінің бірнеше сценарийіне ұшыруы мүмкін.

      3. 7-бағанда таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

      көрсетіледі.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:_____________________

      Қор биржасының бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)

      _____________________________________ ________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы күні

      3-нысан

Активтер бойынша, валюталық тәуекел стресс-тестингі

Шетел валютасы

Осы шетел валютасына номинирленген қаржы құралдарының ағымдағы құны (теңгемен)

Шетел валютасына қатысты теңгені нығайту сценарийі

Таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгемен)

1%-3%

3%-5%

5%-7%

7%- 13%

13%-20%

более 20%





































Шығынның жиынтығы


      3-нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. 1-бағанда қаржы құралының шетел валютасы көрсетіледі.

      2. 2-бағанда қаржы құралының осы шетел валютасымен (теңгемен)

      номинеирленген ағымдағы құны көрсетіледі.

      3. 3, 4, 5, 6, 7 және 8-бағандарда теңгенің шетел валютасына

      қатысы бойынша нығаю сценарийі көрсетіледі.

      4. 9-бағанда таңдалған сценарий бойынша шығын (теңгедегі)

      көсретіледі.

      Таңдалған сценарийдің қысқаша негіздемесі:

      _____________________________________________________________________

      Қор биржасының бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)

      _____________________________________ ________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы күні

  Қор биржасы үшін тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау
жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
3-қосымша

      нысан

Операциялық тәуекел бойынша стресс-тестинг

Сауда жүйесін тестілегендегі стресстік жағдай

Тестілеуде сауда жүйесінің элементтері қызмет етуіне қойылатын параметрлер

Тестілеу нәтижелері (оқиғалар мен салдары басталу мүмкіндігін басталған жағдайда бағалау)

параметр1

параметр2,3,...,n-1.

параметрn
















Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. 1-бағанда қор биржасының есепке алу жүйесін, дербес

      шоттардың бірыңғай жүйесін және өзге ақпараттық және коммуникациялық

      жүйелерді тестілеу кезіндегі стрестік жағдай көрсетіледі.

      2. 2, 3, және 4-бағандарда элементтер жүйелерінің жұмысына

      қойылатын параметрлер көрсетіледі.

      3. 5-бағанда тестілеу нәтижелері (оқиғалар мен салдарлар

      басталған кезде олардың басталу ықтималдылығын бағалау) көрсетіледі.

      Стресстік жағдайдың және қор биржасының есепке алу жүйесі

      элементтерінің жұмыс істеуіне қойылатын параметрлердің, жеке

      шоттардың бірыңғай жүйесінің және өзге ақпараттық және

      коммуникациялық жүйелердің оларды стресстік жағдайға тестілеу

      кезіндегі қысқаша сипаттамасы. Тестілеу әрбір жүйе бойынша жүзеге

      асырылады.

      Қор биржасының бірінші басшысы (не оның орнындағы адам)

      _____________________________________ ________________ ______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы күні


Дата вступления в силу:  03.02.2016
Дата изменения акта:  21.09.2020
Дата принятия акта:  19.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 29.02.2016 ж.; "Егемен Қазақстан" 28.05.2016 ж. № 101 (28829); "Казахстанская правда" от 28.05.2016 г. № 101 (28227)
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  117000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  98756
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  252
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  006007000000 / 006010000000 / 001008000000
Форма акта:  ПОСТ / ПРАВ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz