"Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 695 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 қаңтарда № 12932 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      «Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 14 қыркүйекте № 370-371 (26214) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларында:
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
      «13. Бас бухгалтер мемлекеттік мекеме басшысымен бірлесіп банк құжаттарына және материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын қабылдау мен беруге негіз болатын құжаттарға, сондай-ақ қаржы міндеттемелеріне қол қояды. Мемлекеттік мекеменің басшысы бас бухгалтердің ұсынымы бойынша банк құжаттары мен бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығын уәкілетті тұлғаларға беріледі. Осы өкілеттіктер мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтары негізінде беріледі. Бас бухгалтердің немесе оны алмастыратын тұлғаның қолтаңбасыз құжаттар жарамсыз болып есептеледі және орындалуға қабылданбайды.»;
      14-тармақтың жетінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «есепке алу, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды ұйымдастыру үшін қажет іс-шаралар;»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Операцияны немесе оқиғаларды жасау фактісін белгілейтін, дұрыс рәсімделген бастапқы құжаттар бухгалтерлік есептің тіркелімдерінде жазбаларды көрсетуге негіз болып табылады.
      Бастапқы құжаттар операцияны немесе оқиғаларды жасау кезінде жасалады, егер бұл мүмкін болмаса операция мен оқиғалар аяқталғаннан кейін тікелей жасалуы тиіс.
      Бастапқы құжаттардағы жазбалар ұзақ уақыт бойы жазбалардың сақталуын қамтамасыз ететін құралдар арқылы ғана жүргізіледі.
      Бастапқы құжаттарда мынадай міндетті деректемелер қамтылады:
      құжаттың атауы (нысандар);
      жасау күні;
      ұйым атауы немесе құжат кімнің атынан жасалса, соның тегі мен аты-жөні;
      операция немесе оқиға мазмұны;
      операция мен оқиғаның өлшем бірлігі (сандық және құндық шамада);
      операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс рәсімделуіне жауапты тұлғалардың лауазымдарының атауы, тектері, аты-жөндері және қолдары;
      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН).
      Бастапқы құжаттың электрондық нысаны қағаз жүзінде ресімделген бастапқы құжаттың күшінде болады. Электрондық қолдарды қолданушы электрондық қолтаңбаларды пайдалану және қол жеткізу құқығына қатысты тиісті сақтану шараларын және бақылауды белгілейді.
      Мемлекеттiк мекемелер электрондық тасымалдағыштарда бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерiн жасау кезiнде осындай құжаттардың көшiрмесiн қағаз тасығыштарда дайындайды.
      Бастапқы құжатта мынадай қосымша деректемелер көрсетіледі құжат нөмірі, мемлекеттік мекеменің мекенжайы, құжатпен тіркелген операция жасау үшін негіздеме, құжатталатын операциялардың сипатымен анықталатын басқа қосымша деректемелер.
      Материалдық құндылықтарды сатып алуға арналған құжаттарда осы құндылықтарды алғаны жөніндегі материалдық жауапты тұлғаның қолхаты, ал орындалған жұмыстар үшін құжаттарда – тиісті тұлғалардың жұмыстарды қабылдау растамасы болады.
      Бастапқы құжаттарда мәтіндік бөлімде де, сандық деректерде де келісілмеген түзетулер мен тазартуларға жол берілмейді.
      Бастапқы құжаттарда қателер дұрыс емес мәтінді немесе соманы сызып тастау жолымен түзетіледі және сызып тасталғанның үстінен дұрыс мәтінді немесе соманы жазу арқылы түзетіледі. Сызып тастау бұрынғы жазылғанды оқитындай етіп, жіңішке сызықпен жүргізіледі. Бастапқы құжатта қатені түзеу «Түзетілді» деген жазумен ескертілу және құжатқа қол қойған тұлғалардың қолымен, түзету енгізу мерзімін көрсету арқылы расталады.
      Кассалық және банктік бастапқы құжаттарға түзетулер енгізуге жол берілмейді.
      Халықаралық ұйымның дипломатиялық хатының негізінде жасалған бухгалтерлік анықтама Қазақстан Республикасының жарналарын төлеу кезінде корреспондент банктің комиссиялық сыйақысына арналған шығыстарды бухгалтерлік есепте көрсету үшін негіз болып табылады.»;
      24-тармақтың төртінші, алтыншы және жетінші бөлгілері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Карточкалар (активтер бойынша карточкалардан басқа) әр шот бойынша жеке жүргізілетін Нысандар альбомының 279 нысанды каточкалар тіркелімінде тіркеледі. Активтерді есепке алу карточкалары Нысандар альбомының ҰМА-10 нысанды ұзақ мерзімді активтерді есепке алу бойынша түгендеу карточкаларының тізімдемесінде тіркеледі.»;
      «Материалдарды есепке алу карточкалары тігілген түрде карточкалар тізілімімен, тіркелімдерімен және басқа бухгалтерлік құжаттармен бірге жыл сайын немесе екі жылда бір рет мұрағатқа тапсырылады. Жыл бойы шығып қалған активтерді есепке алу карточкалары осындай мерзімдерде мұрағатқа тапсырылады.
      Нысандар альбомының ҰМА-10 нысанды активтерді есепке алу бойынша түгендеу карточкаларының тізімдемесі Нысандар альбомының НҚ-6, 8, 9 нысанды соңғы түгендеу карточкасы бойынша мүкәммалды есептен шығару туралы белгі болғанда мұрағатқа тапсырылады. Тізімдемесіз түгендеу карточкаларын мұрағатқа тапсыру кезінде олар жеке ведомосте жазылады, онда карточка нөмірі және есептен шығарылған мүкәммалдың атауы, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда одан басқа қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекеменің атауы да көрсетіледі.»;
      2627 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Синтетикалық және талдамалы есеп шоттары бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын бақылау үшін тиісті синтетикалық шотпен біріктірілетін талдамалы шоттардың әрбір тобы бойынша Нысандар альбомының М-44, 285 және 326-ҰМА, 326-МЕА, 326-ИЖМ, 326-БА нысандарының айналым ведомостері жасалады. Айналымдардың қорытындылары және әрбір талдамалы шоты бойынша айналым ведомостерінің қалдықтары айналымдардың қорытындыларымен және Нысандар альбомының 308 нысанды «Басты-журнал» кітабының осы қосалқы шоттарының қалдықтарымен салыстырылады.
      Айналым, оның ішінде активтер бойынша ведомостер ай сайын жасалады.
      Нысандар альбомының 326-ҰМА, 326-МЕА, 326-ИЖМ, 326-БА нысандарындағы айналым ведомостеріндегі жазбалар бірнеше жыл бойы жүргізіле алады.
      27. Жаңа қаржы жылында синтетикалық және талдамалық шоттар бойынша бухгалтерлік тіркемелерде жыл басындағы қалдықтардың сомасы бухгалтерлік баланс пен өткен жылғы есепке алу тіркемелерімен толық сәйкестікте жазылады.
      Егер бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi есепті қаржы жылындағы қаржылық есептiлiктi қабылдау кезiнде түзетулер жасаса, онда тиiстi жазбаша хабарлама негiзiнде бұл түзетулер осы есепті қаржы жылының бухгалтерлiк есебiнiң тiркелiмдерiне (бухгалтерлiк жазбаны түзету жолымен) және ағымдағы жылдың бухгалтерлiк есебiнiң тiркелiмдерiне (кiрiс қалдықтарын өзгерту жолымен) енгiзiледi.
      28. Әрбір есепті ай өткенен кейін барлық мемориалды ордерлер, мемориады ордерлер – жинақтау ведомостері оларға қатысты құжаттармен бірге хронологиялық тәртіппен іріктеледі және түптелед. Құжаттар саны аз болған кезде түптеуді үш айда бір дестеге жүргізіледі. Мұқабада мемлекеттік мекеменің немесе орталықтандырылған бухгалтерияның атауы, дестенің, істің атауы мен реттік нөмірі, есепті кезең жыл мен ай, мемориалды ордерлердің бастапқы және соңғы нөмірлері, істегі беттердің саны жазылады.
      Тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жағдайларында – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормалары қолданыла отырып, және онсыз мемлекеттік мекеменің міндеттемелері (тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға арналған азаматтық-құқықтық мәмілелер) бойынша шығыстар жүргізу үшін негіздеме болып табылатын құжаттар, төлеуге берілетін шот, шот-фактуралар, орындалған жұмыстардың актілері немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде белгіленген басқа да құжаттар номенклатуралық істерде хронологиялық тәртіпте нөмірленеді, тігінделеді және тігіледі.»;
      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Қаржылық есептiлiк элементiнiң анықтамасына жауап беретiн бап, егер:
      1) баппен байланысты кез келген болашақ экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті алады деген ықтималдық бар;
      2) объектіні сатып алуға немесе оның құнына іс жүзіндегі шығындар сенімді өлшенгенде танылады.»;
      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «52. 1030 «Есеп айырысу шоты» шотында Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі - СІМ) және басқа ұйымдар алған бюджет қаражатын есепке алу жүзеге асырылады.
      Түскен сома мынадай жазбамен көрсетiледi 1030 «Есеп айырысу шоты» шотының дебетi және 6010 «Ағымдағы қызметтi қаржыландырудан алынатын кiрiстер» шотының кредитi.
      Шетелдік мекемелер жүргiзген аударымдар 3210 «Жеткiзушiлерге және мердiгерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» шотының тиiстi қосалқы шоттарының, 3273 «Өзге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешектер» және 1410 «Берiлген қысқа мерзiмдi аванстар» қосалқы шоттарының дебетi және 1030 «Есеп айырысу шоты» қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi.»;
      55-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «55. 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шотында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар оларды қайтаруы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға белгілі бір шарттар басталған кезде аудару шарттарында мемлекеттік мекемеге беретін ақша қозғалысы ескеріледі.»;
      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «66. Осы шоттың қосалқы шоттарының дебетінде мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың сомасы, сондай-ақ ағымдағы жылдың кассалық шығындарын қалпына келтіруге енгізілген сома, ал кредитте - мақсатты тағайындау бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтарына сәйкес жұмсалған қаражат көрсетіледі.
      Мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін қабылдауға міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген жоспарлы тағайындаулардың сомасына мынадай жазба жүргізіледі:
      1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1083 «Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1086 «Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шоттарының дебеті және 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті.
      1082 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан түсетін кірістер» шотының кредиті;
      1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6030 «Трансферттер бойынша кірістер» шотының кредиті;
      1085 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6040 «Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер» шотының кредиті;
      1087 «Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебiнен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 5012 «Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебiнен күрделі салымдарды қаржыландыру» қосалқы шотының кредиті.
      Ағымдағы жылдың кассалық шығыстарын қалпына келтіруге түскен сома 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиісті қосалқы шоттарының дебетіне және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шоттарының, 1260 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты қосалқы шоттарының және басқа шоттардың кредитіне жазылады.»;
      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «68. Төлеуге берілетін шот негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің аударған нысаналы трансферттер сомасына мынадай жазба жүргізіледі 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шоттарының дебеті, 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шоттарының кредиті.
      Жалпы сипаттағы алынған трансферттерді аудару кезінде тиісті бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға 7240 «Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша шығыстар» шотының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
      Алынған трансферттердің қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды есептен шығару мынадай жазбамен жергілікті атқарушы органдардың есептері негізінде жүзеге асырылады 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» шотының дебеті, 1210 «Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті.»;
      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «70. 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебетінде міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың сомалары, сондай-ақ ағымдағы жылдың кассалық шығыстарын қалпына келтіруге енгізілген сомалар, ал кредитте мақсатты тағайындау бойынша бюджеттік сыныптама кодына сәйкес жұмсалған қаражат көрсетіледі.
      Міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың сомасына мынадай жазбалар жүргізіледі:
      1091 «Жеке қаржыландыру жоспарына бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті;
      1092 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан түсетін кірістер» қосалқы шотының кредиті;
      1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6030 «Трансферттер бойынша кірістер» шотының кредиті;
      1094 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6040 «Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер» шотының кредиті;
      1095 «Жергілікті бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті.»;
      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «73. 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоттары бойынша бухгалтерлік жазбаларды тексеру үшін мемлекеттік мекеме 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны бойынша ай аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде тоқсан сайын аумақтық қазынашылық бөлімшесімен айдың бірі күніне салыстыруды жүргізеді.
      Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мекеме, аумақтық қазынашылық бөлімшесі 4-09 нысанды «Мерзімді міндеттемелердің бөлшектері» есебін, 4-12 нысанды «Орындалмаған міндеттемелердің бөлшектері» есебін және 4-20 нысанды «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» есебін қалыптастырады «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер 4-09 нысанды «Мерзімді міндеттемелердің бөлшектері», 4-12 нысанды «Орындалмаған міндеттемелердің бөлшектері», 4-20 нысанды «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» есептерін дербес қалыптастырады.»;
      83-тармақтын үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының орындалуын дербес жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерде және орталықтандырылған бухгалтерияларда мемлекеттік мекемелер бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жалпы жеке жоспарын жасау кезінде міндеттемелерді қабылдауға, кассалық және нақты шығыстардың талдамалы есебі бағдарламалар, кіші бағдарламалар және бюджеттік сыныптама ерекшеліктері бойынша Нысандар альбомының 294 нысанды жоспарлы тағайындауларда және шығыстарды есепке алу кітабында жүргізіледі. Жазбалар бір күнде түскен әр құжат бойынша жүргізіледі.»;
      88 және 81-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «88. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс (аудан) әкімшіліктерінің, Астана және Алматы қалаларының шешімі негізінде квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға немесе жарғылық капиталын толықтыруға бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бөлінген ақша қаражатын аударған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 2120 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» шотының дебеті және 1082 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1092 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша жазба жүргізеді.
      88-1. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін түзуге немесе толықтыруға бюджеттік бағдарламалар әкімшісі берген негізгі қаражатты бухгалтерлік есепте көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мүлікті иелену бойынша уәкілетті органның шешімдері негізінде жүргізіледі.
      Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланстық құны бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерін (мемлекеттік кәсіпорындарды) түзуге немесе толықтыруға негізгі қаражатты беру кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай жазба жүргізеді:
      2120 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» шотының дебеті 2300 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі шоттарының кредиті;
      жинақталған амортизация сомасына:
      2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының дебеті және 2300 «Негізгі құралдар» шоттарының кредиті.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы жүргізген берілетін негізгі құралдарды бағалау нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алуға ақы төлеу үшін негізгі құралдарды беру кезінде жазбалар жүргізіледі.
      Негізгі құралдарды қайта бағалау (жете бағалау):
      2300 «Негізгі құралдар» шотының дебеті және 5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға резерв» қосалқы шотының кредиті;
      жинақталған амортизацияны түзету сомасына:
      5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға резерв» қосалқы шотының дебеті және 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» шотының кредиті.
      Негізгі құралдарды беру:
      2120 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» шотының дебеті және 2300 «Негізгі құралдардың» кіші бөлімі шоттарының кредиті;
      жинақталған амортизация сомасына:
      2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының дебеті және 2300 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі шоттарының кредиті;
      негізгі құралдарды қайта бағалау бойынша резервті есептен шығару:
      5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға резерв» қосалқы шотының дебеті және 5220 «Алдағы жылдардағы қаржы нәтижесі» шотының кредиті.»;
      97-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «97. Ішкі кредиттеу бойынша бюджеттік кредиттер беру кезінде шоттардың мынадай корреспонденциясы 1110 «Қысқа мерзiмдi берiлген қарыздар», 2120 «Ұзақ мерзiмдi қаржы инвестициялары» шотының дебетi және 1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1091 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоттарының кредитi бойынша жүзеге асырылады.»;
      120-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «120. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі жалпы сипаттағы трансферттер бойынша операцияларды мынадай түрде көрсетеді:
      қаржыландырудың түсуі 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6030 «Трансферттер бойынша кірістер» шотының кредиті;
      жалпы сипаттағы трансферттерді аудару 7240 «Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша шығыстар» қосалқы шотының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті;
      Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі нысаналы трансферттер бойынша мынадай түрде көрсетіледі:
      қаржыландыру түсімі 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6030 «Трансферттер бойынша кірістер» қосалқы шотының кредиті;
      төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді аудару 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті;
      төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасы әкімшісінің есептері негізінде нысаналы трансферттерді есептен шығару 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» шотының дебеті және 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
      келесі жылға жоғарыда түрған бюджетке трансферттердің пайдаланылмаған сомаларын қайтару 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті.».
      ағымдағы жылы төменгі бюджеттен пайдаланылмаған трансферттер сомасының түсімдері 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шот дебеті және 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.;
      121-тармақ алып тасталсын;
      121-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «121-1. Өткен жылдардағы нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған сомаларын бюджетке қайтару кезінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай жазба жүргізеді:
      төмен тұрған бюджеттерден пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 1212 «Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шоттарының кредиті.
      пайдаланылмаған нысаналы трансферттердің сомаларын бюджетке қайтару 3133 «Бюджет алдында өзге операциялар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешегі» шотының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының.»;
      128 және 129-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «128. Анықталған жетіспеушіліктер мен талан-тараж етулер тексеру немесе тексеріс актісінде көрсетілген сомада кінәлі тұлғаларға жатқызылады және анықталған жетіспеушіліктер мен талан-тараж етулер бойынша қызметтік тексерулер жүргізгеннен кейін 5 күнтізбелік күн ішінде материалдар кінәлілік дәрежесін анықтау үшін тергеу органдарына беріледі. Алынған сот шешімі негізінде кінәлілік дәрежесі дәлелденген кезде кінәлі тұлғаларға жатқызылған сома нақтыланады.
      Жетіспеушіліктер мен талан-тараж етуден келтірілген зиян айқындалған кезде зиянды анықтаған күндегі материалдық құндылықтардың құнына сүйенген жөн.
      129. Түгендеу барысында анықталған ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың және басқа активтердің жетіспеушілігі қызметтік тергеу аяқталғанша және кінәлілік дәрежесі анықталғанша материалдық жауапты адамға жатқызылады және есепке алуда мына корреспонденциялармен көрсетіледі:
      кейіннен есептен шығару тәртібі анықталғанға дейін жетiспеушiлiгі анықталған кезде 1280 «Өзге қысқа мерзiмдi дебиторлық берешектер» шотының дебетi, 1300 «Қорлар» шотының қосалқы шоттары, ұзақ мерзiмдi активтердiң және басқа активтердің шоттары, анықталған жетіспеушілікті есептен шығару тәртібі белгілі болғаннан кейін осы жазба жойылады;
      кiнәлi тұлға есебiнен жетiспеушiлiктi есептен шығару 1262 «Қызметкерлердiң өзге есеп айырысу түрлерi бойынша қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi» қосалқы шотының дебетi, 1280 «Өзге қысқа мерзiмдi дебиторлық берешектер» шотының дебетi және 6360 «Өзге кiрiстер» шотының кредитi және бір мезгілде 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредитi;
      қорлар бойынша жетіспеушілікті анықтау кезінде дебет бойынша 7460 «Басқа шығыстар» шоты көрсетіледі және кредит бойынша 1300 «Қорлар» шоты көрсетіледі, активтердің басқа түрлері бойынша жетіспеушілікті анықтау кезінде активтердің жетіспейтін активтердің түрлерін шығару бойынша шоттар корреспонденциясы жүзеге асырылады;
      мемлекеттік мекеме арқылы бюджет кірісіне ақша қаражатының түсуі 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті және 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының кредиті, бір мезгілде 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті;
      бюджет кірісіне ақша қаражатының түсуі 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының кредиті.»;
      151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «151. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қараджаты есебінен тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатып алуға жасасқан азаматтық-құқық мәмілелердің шарттарын орындау Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітіліген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 153-1-тармағымен толықтырылсын:
      «Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен шарттар бойынша үмітсіз дебиторлық берешекті есептен шығару мынадай тізбектермен көрсетіледі:
      егер бұрын күмәндi берешекке резерв құрылса – тепе-тең құрылған резервке 1290 «Күмәндi дебиторлық берешектер бойынша резерв» шотының дебетi және үмiтсiз берешек қосалқы шотының кредитi;
      егер күмәндi берешекке резерв болмаса – шығыстарға 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының дебетi және үмiтсiз берешектiң тиiстi қосалқы шоттарының кредитi.»;
      154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «154. Дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу нәтижелері бойынша мынадай:
      1) дебиторлық берешек:
      өндіріп алуға сот бас тартқан, оның ішінде талап ету уақытының өтіп кету себебі бойынша;
      мүлкінің жетіспеуіне байланысты борышкерді таратқан кезде қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін кредит беруші мәлімдемеген;
      егер міндеттеме борышкердің қайтыс болуына байланысты тоқтатылса, егер атқару борышкердің жеке қатысуысыз жүргізіле алмаса немесе міндеттеме борышкердің жеке басына басқаша ажыратусыз байланысты болса;
      2) кредиторлық берешек:
      кредитор таратылған жағдайда;
      кредитор қарызды кешкен жағдайда, егер борыштан босату туралы шешімді кредит беруші мүлкінің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға қабылдаса;
      мемлекеттік мекемеден өндіріп алуға сот бас тартса, оның ішінде талап ету уақытының өтіп кету себебінен есептен шығаруға жатады.
      Мемлекеттік мекеменің басшысы есеп айырысуларды түгендеу актісін (онда басшының бұйрығына сәйкес комиссия құрамы, дебиторлардың және кредиторлардың атауы, берешектің сомасы, пайда болуын уақыты мен себебі көрсетіледі), сондай-ақ түгендеу комиссиясы хаттамасының негізінде бұл туралы он күн мерзімде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне хабарлай отырып, дебиторлық және кредиторлық берешекті есептен шығару туралы шешім қабылдайды.
      Есептеп шығарылған дебиторлық берешек 04 «Төлеуге қабілетсіз дебиторлардың есептен шығарылған берешегі» баланстан тыс шотына көшіріледі.»;
      155-тармақ алып тасталсын;
      171-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «171. 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу және корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып, бюджеттік ақша қаражаты есебінен есеп айырысу жолымен жүргізілмейтін шығыстарды төлеуге оларға берілетін іссапар шығыстарына берілетін аванстар бойынша есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу ескеріледі.»;
      172-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бухгалтерлiк қызметте аванстық есептер арифметикалық түрде тексеріледi, сондай-ақ құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы мен қаражаттың мақсатқа сай жұмсалуы тексеріледі. Тексерілген аванстық есептерді мемлекеттік мекеменің басшысымен немесе ол уәкілеттілік берген адам бекітеді.»;
      174-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «174. Мемлекеттік мекеменің қызметкері ақшалай қаражаттың іс жүзіндегі шығыстары туралы аванстық есептерді белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе аванстың пайдаланылмаған сомасын кассаға қайтармаған жағдайда мемлекеттік мекеме берешекті еңбекақыларынан ұстауды жүргізіледі.»;
      179-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «179. Мемлекеттік мекеме қызметкердің жазбаша өтініші негізінде, кейіннен мақсатына сай аудара отырып қызметкерлер мен қызметшілердің жалақысынан мынадай ұстап қалуларды жүзеге асырады:
      партиялық жарналарды төлеуге 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
      кәсіподақтық мүшелік жарналарды төлеуге 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 3245 «Кәсіподақтық мүшелік жарна сомаларын қолма-қол емес аударымдар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
      банктердің салымдары бойынша шоттарға 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебетіне және 3247 «Банктерге салымдар бойынша шоттарға аударылған қолма-қол ақшасыз аударымдар бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
      сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін төлеуге 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
      Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында белгіленген тәртіппен банктен алынған несиені өтеуге 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
      қызметкердің өтініші бойынша жалақыдан өзге ұстап қалуларға 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының дебеті және 3273 «Өзге де қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті.»;
      181-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «181. Мемлекеттік мекеме есепті жылдың аяғында қызметкерлердің пайдаланылмаған демалыстары бойынша резерв есептеуді жүргізеді.
      Ағымдағы қаржы жылының пайдаланылмаған демалыстары бойынша резерв есептеу төлемі есепті қаржы жылында жүргізілген болуға тиіс міндеттемелер бойынша жүргізіледі.
      Есепті қаржы жылының аяғындағы пайдаланылмаған демалыстар бойынша резервтің сальдосы есепті жылдың басындағы пайдаланылмаған демалыстар бойынша резерв сальдосы қосу өткен есепті жылдар үшін пайдаланылмаған демалыстар бойынша жүргізілген төлемдер сомасын алғандағы есепті қаржы жылы үшін есептелген пайдаланылмаған демалыстар бойынша резерв сомасы ретінде айқындалады.»;
      208-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қорлардың ағымдағы қалпына келтіру бағасы деп субъектіде есептілік күніне активтерді сатып алу нәтижесінде туындаған шығындар ұғынылады.»;
      220-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «220. Сатып алынған және ағымдағы қажеттіліктерге берілген кеңсе жабдықтары (қағаз, қаламсаптар, сиялар, қауырсындар және басқа кеңсе жабдықтары), сондай-ақ дәрі-дәрмектер мен дайын дәрілер (спиртті, байлау құралдары мен қымбат тұратын дәрі-дәрмектерді қоспағанда) кіріс пен шығыс бойынша жалпы сомасын көрсету арқылы нақты шығындарға 1316 «Шаруашылық материалдары және кеңсе жарақтары» қосалқы шотында есептен шығарылады.»;
      228-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Денсаулық сақтаудың емдеу-алдын-алу мемлекеттік мекемелерінің бөлімшелерінде (кабинеттерінде) дәрі-дәрмектер мынадай топтар бойынша заттық-сандық есепке жатады:
      улы дәрі-дәрмектер;
      есірткі дәрі-дәрмектері;
      этил спирті;
      денсаулық сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының нұсқауларына сәйкес клиникалық сынақ пен зерттеуге арналған жаңа препараттар;
      тапшы қымбат тұратын дәрі-дәрмектер мен байлау құралдары;
      бос та, дәрі-дәрмектерден бос емес те ыдыс.»;
      250-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «250. Мемлекеттік мекеме негізгі құралдар объектісінің түсімін Шоттар жоспарының «Негізгі құралдар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының дебеті және кредиті бойынша көрсетеді:
      бюджеттік қаржыландыру есебінен немесе ақылы қызметтерден, демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен - сатып алу құны бойынша – 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының;
      әділ құн бойынша – қайырымдылық және демеушілік көмек ретінде алынған 6050 «Демеушілік және қайырымдылық көмектен алынатын кірістер» шотының;
      әділ құн бойынша – үшінші тұлғаларға қайтарусыз беру нәтижесінде алынған; сондай-ақ баланстық құн бойынша – мемлекеттік мекемелер арасында негізгі құралдарды беру нәтижесінде 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер» шотының, бұл ретте жинақталған амортизация сомасына 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының кредиті бойынша бір уақытта жазба жүргізіледі.»;
      258-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «258. Амортизация төмендегі мынадай негізгі құралдардың объектілеріне есептелмейді:
      жерге;
      мәдени мұра активтеріне;
      жабдыққа, экспонаттарға, үлгілерге, әрекет етуші және әрекет етпейтін модельдерге, макеттерге және кабинеттер мен зертханалардағы және оқыту және ғылыми мақсаттар үшін пайдаланылатын басқа да көрнекі құралдарға;
      жұмысшы малға, буйволдарға, өгіздерге, ауылшаруашылық қызметке байланысты емес, пайдалану жасына жетпеген көп жылдық екпелерге;
      жануарлар әлемінің экспонаттарына (зообақтар және басқа ұқсас мемлекеттік мекемелерде);
      кітапханалық қорларға, киноқорға, сахналық-қойылым құралдарына, мұражайлық және көркем құндылықтарға;
      қару-жарақ пен әскери техникаға;
      арттехқару-жараққа;
      консервациялауға ауыстырылған активтерге.
      Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бірдей тозу нормасы бар негізгі құралдар объектілерінің элементтері амортизациялық есептеулерді анықтау үшін топталады.
      Амортизациялық аударымдарды айқындау үшін тозудың әртүрлі нормалары бар негізгі құрал объектісінің құрауыштары бөлек есептеледі. Мемлекеттік мекеме негізгі құрал объектілерінің бастапқы құнын осындай құрауыштары арасында бөледі және әрбір құрауышты жеке амортизациялайды.»;
      мынадай мазмұндағы 258-1-тармақпен толықтырылсын:
      «258-1. Негізгі құралдың амортизациясын мемлекеттік мекеме ол пайдалану үшін қол жетімді болған, орынында болған және тікелей нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды болған кезде есептейді.»;
      264-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «264. Тозуды біркелкі есептеу әдісін қолдану кезінде негізгі құралдардың амортизациясын есептеу мынадай тәсілдермен:
      1) амортизацияның белгіленген нормаларын пайдалана отырып;
      2) пайдалы қолданудың белгілі бір мерзімін пайдалана отырып жүргізіледі.»;
      267-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «267. Негізгі құралдар амортизациясын есептеу 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар» шотының дебеті және 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» шотының кредиті бойынша жүзеге асырылады.»;
      276-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «276. Мемлекеттік мекеме негізгі құралдардың сатылуын корреспонденциялармен көрсетеді 7420 «Ұзақ мерзiмдi активтердi қатардан шығару жөнiндегi шығыстар» шотының дебетi және баланстық құнға - Шоттар жоспарының «Негiзгi құралдар» бөлiмi шотының тиiстi қосалқы шотының кредитi, бiр мезгiлде осы актив бойынша жиналған амортизацияның сомасына 2391 «Негiзгi құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының дебетi және Шоттар жоспарының «Негiзгi құралдар» кiшi бөлiмi шотының тиiстi қосалқы шотының кредитi. Құнсызданудан бұрын есептелген резерв болған кезде шығып қалған ұзақ мерзiмдi активтер бойынша оның есептен шығуы жүзеге асырылады 2392 «Негiзгi құралдардың құнсыздануына арналған резерв» қосалқы шотының дебетi және 7440 «Активтердiң құнсыздануынан түсетiн шығыстар» шотының кредитi.»;
      278-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «278. Негізгі құралдардың жетіспеушілігін анықтаған кезде жазбамен оларды есептен шығару жүргізіледі;
      жетіспейтін негізгі құралдардың баланстық құны есептен шығарылады:
      7420 «Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар» шотының дебеті және 2300 «Негізгі құралдар» шоты тиісті қосалқы шоттарының кредиті»;
      жинақталған амортизация есептен шығарылады 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының дебеті және Шоттар жоспарының «Негізгі құралдар» бөлімі шотының (жинақталған амортизацияның сомасына) тиісті қосалқы шотының кредиті.»;
      280-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Барлық негізгі құралдар мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тағайындалған лауазымды тұлғалардың жауапты сақталуынады. Негізгі құралдар объектілерінің сақталуына жауапты тұлғалар Нысандар альбомының ҰМА-13 нысаны бойынша объект бойынша негізгі құралдардың және инвестициялық жылжымайтын мүліктің түгендеу тізімін жүргізеді. Жауапты тұлғалар негізгі құралдардың сақталуын қадағалайды және барлық өзгерістердің есебін жүргізеді.»;
      283-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «283. Нысандар альбомының ОС-6, ОС-9 нысанды түгендеу карточкалары активтерді есепке алу Нысандар альбомының ҰМА-10 нысанды түгендеу карточкаларының тізілімінде тіркеледі. Тізілім бір данада жүргізіледі. Онда жазулар карточканы ашу жылын көрсете отырып активтер тобының бөлінісінде жүргізіледі. Әр топ үшін беттердің тиісті саны беріледі. Нөмірлеу әр топ бойынша 1-нөмірден бастап жүргізіледі. Орталықтандырылған бухгалтерияларда тізілімдер әрбір қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме бойынша осындай тәртіпте жүргізіледі. Активтер шығып қалған не ауысқан жағдайда тізілімнің «Ескертпе» бағанында мемориалды ордердің мерзім (күні, айы, жылы) мен нөмірі көрсетіледі.»;
      328-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «286. Комиссия есептен шығару себептерiн (тозу, реконструкциялау, апат және басқа есептен шығару себептерi), есептен шығарылатын объектiнiң жекелеген материалдарын, бөлшектерiн, материалдарын пайдалану мүмкiндiгiн анықтайды, оларды бағалауды жүргiзедi және негiзгi құралдар объектiлерiн есептен шығару актiсiн жасайды. Жарамсыз негiзгi құралдарды, аяқталмаған құрылысты және инвестициялық жылжымайтын мүлiктi есептен шығару Нысандар альбомына сәйкес ресмелейді «Негiзгi құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлiктi есептен шығару актiсi» (Нысандар альбомының ОС-3 нысаны), «Автокөлiк құралдарын есептен шығару актiсi» (Нысандар альбомының ОС-4 нысаны), «Құралдар балансынан, өндiрiстiк және шаруашылық мүкәммалын есептен шығару актiсi» (Нысандар альбомының 443-нысаны), «Мемлекеттiк мекемелерде кiтапханадан әдебиеттi есептен шығару актiсi» (Нысандар альбомының 444-нысаны). Негiзгi құралдарды және инвестициялық жылжымайтын мүлікті есептен шығару актiсiн мемлекеттiк мекеме басшысы бекiтедi. Есептен шығару актiсiн бекiткенге дейiн негiзгi құралдар, аяқталмаған құрылыс және инвестициялық жылжымайтын мүлiк объектiлерiн жинауға және қайта жөндеуге рұқсат етiлмейдi. Мемлекеттiк мекемелердiң мүлкін есептен шығару Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Негізгі құралдардың жекелеген объектілерін жинаудан алынған және мемлекеттік мекеменің шаруашылық қажеттілігі үшін қалдырылған материалдар қорларға қайта сыныпталады және Нысандар альбомының 429-р нысаны бойынша Ұзақ мерзімді активтерді бұзу және бөлшектеу кезінде алынған қорларды кіріске алу туралы актімен ресімделеді.
      Бағалы металдарды қолдана отырып жасалған бөлшектер мен желілер мамандандырылған кәсіпорындарға тапсыруға жатады, ал түсті металлдардан жасалған және басқа жабдықты жөндеу үшін қолданылмайтын бөлшектер мен желілер осындай шикізатты жинау жүктелген ұйымдарға тапсыруға жатады. Бағалы металлдарды қолдана отырып баланстан есептен шығарылған бөлшектер мен желілер белгіленген тәртіпке сәйкес ескеріледі.
      328-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «328. Биологиялық активті танығаннан кейін биологиялық активтерді іс жүзіндегі шығындар (өзіндік құны) бойынша есепке алу кезінде кез келген жиналған амортизацияны және құнсыздану нәтижесінде кез келген жиналған шығындарды алып тастағанда оның өзіндік құны бойынша жүргізіледі.
      Биологиялық активтердің амортизациясы амортизацияның белгіленген жылдық нормаларға сүйене отырып ай сайынғы амортизация нормаларын пайдалана отырып, толық тозғанға дейін тұрақты негізде ай сайын есептеледі.
      Биологиялық активтердің жойылу құны нөлге тең.
      Сатып алынған биологиялық активтердің амортизациясын есептеу сатып алудан кейінгі айдың 1-інен бастап жүргізіледі және биологиялық активтің шығып қалуынан кейінгі айдың 1-інен бастап тоқтатылады.
      Биологиялық активтердің амортизациясын есептеу мынадай жазбамен көрсетіледі 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар» шотының дебеті және 2631 «Биологиялық активтердің жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының кредиті.»;
      331-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Барлық биологиялық активтер мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тағайындалған тұлғалардың жауапты сақталуында болады. Жауапты тұлғалар биологиялық активтердің түгендеу тізімдерін Нысандар альбомының «Мемлекеттік мекемелерде биологиялық активтерді (жануарларды) есепке алудың түгендеу карточкасы», «Мемлекеттік мекемелерде биологиялық активтерді (өсімдіктерді) есепке алудың түгендеу карточкасы» БА-3 пен БА-3А нысаны бойынша объект бойынша жүргізеді. Жауапты тұлғалар сақталуын қадағалайды және барлық өзгерістердің есебін жүргізеді. Нысандар альбомының БА-3 және БА-3А нысанды түгендеу карточкалары Нысандар альбомының ҰМА-10 нысанды мемлекеттік мекемелердегі ұзақ мерзімді активтерді есепке алу жөніндегі түгендеу карточкаларының тізімдемесінде тіркеледі. Тізімдеме бір данада жасалады. Ондағы жазба карточкаларды ашу жылын көрсете отырып, ұзақ мерзімді активтердің топтары бөлінісінде жүргізіледі. Нөмірлеу 1-нөмірден бастап әрбір топ бойынша жүргізіледі.»;
      357-тармақ алып тасталсын;
      360-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «360. Мемлекеттік мекеме материалдық емес активтердің қатардан шығуын мынадай корреспонденциялармен көрсетеді:
      бұрын бюджеттік қаржыландыру есебінен сатып алынған қатардан шығып қалған жағдайда 7420 «Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар» шотының дебеті және баланстық құнға – Шоттар жоспарының «Материалдық емес активтер» бөлімінің шотының тиісті қосалқы шотының кредиті, бірмезгілде 2721 «Материалдық емес активтердің жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының дебеті және осы актив бойынша жиналған амортизация сомасына – Шоттар жоспарының «Материалдық емес активтер» бөлімінің шотының тиісті қосалқы шотының кредиті. Осы активтің құнсыздануына есептелген резерв болған кезде құнсызданудан шығынды есептен шығару жөнінде жазба жүзеге асырылады 2722 «Материалдық емес активтердің құнсыздануына арналған резерв» қосалқы шотының дебеті және 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының кредиті;
      активтерді сатудан түсетін сома, егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен осы соманы қолданудың өзге тәртібі белгіленбесе, мемлекеттік мекемелер бюджет кірісіне аударады және есепте көрсетеді 1231 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының дебеті және 6320 «Активтерді істен шығарудан түсетін кірістер», бір мезгілде 7120 «Бюджетпен есеп айырысулар бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3131 «Активтерді сатудан түсетін кіріс бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.»;
      363-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нысандар альбомының НОС-6 нысанды түгендеу карточкалары Нысандар альбомының ҰМА-10 нысанды мемлекеттік мекемелерде ұзақ мерзімді активтерді есепке алу жөніндегі түгендеу карточкаларының тізімдемесінде тіркеледі. Тізімдеме бір данада жүргізіледі. Ондағы жазбалар карточкаларды ашу жылын көрсете отырып ұзақ мерзімді активтердің топтары бөлінісінде жүргізіледі. Әрбір топ үшін тиісті беттер саны беріледі. Нөмірлеу 1-нөмірден бастап әрбір топ бойынша жүргізіледі. Орталықтандырылған бухгалтерияларда әрбір қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекеме бойынша осы тәртіппен жүргізіледі. Ұзақ мерзімді активтер шығып қалған және ауыстырған кезде тізімдеменің «Ескерту» бағанында мемориалды ордердің күні (күні, айы, жылы) және нөмірі көрсетіледі.»;
      376-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Болашақ кезеңдерге аванстық төленген шығыстар есепті кезеңнің шығыстары деп тани отырып, жүйелі түрде бөлуге жатады. Ағымдағы кезеңге (айға, тоқсанға) жататын төлемдер сомасы 1420 «Алдағы кезеңдердің шығыстары» шотының кредитінен 7140 «Өзге операциялық шығыстар», 7130 «Жал бойынша шығыстар» шотының дебетіне есептен шығарылады.»;
      384 және 385-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «384. Күрделі салымдар бойынша жоспарлы қаржыландыруды бөлу 1082 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1092 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті бойынша және 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
      385. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төмен тұрған бюджет үшін трансферттер бойынша қаржыландыру алуы 6030 «Трансферттер бойынша кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі, бұл ретте 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шоты дебеттеледі.
      Пайдаланылмаған трансферттердің сомасына төмен тұрған бюджеттің кредиторлық берешек есептеуі есепті жылдың аяғында 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
      Трансферт сомаларын келесі жылы түгел пайдалануға рұқсат берілген жағдайда 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» дебеті және 5220 «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі» қосалқы шотының кредиті бойынша деген жазба жүргізіледі.
      Пайдаланылмаған трансферттерді қайтару сомасына төмен тұрған бюджеттің кредиторлық берешектіөтеуікелесі жылы 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 388-1-тармақпен толықтырылсын:
      «388-1. Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның шеңберінде тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) үшін тікелей төлеммен ақы төлеу 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шотының дебеті және 6060 «Гранттар бойынша кірістер» қосалқы шотының кредиті бойынша бір мезгілде 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»қосалқы шотының дебеті және1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шотыныңкредиті бойынша көрсетіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 389-1-тармақпен толықтырылсын:
      «389-1. Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның шеңберінде тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) үшін тікелей төлеммен ақы төлеу 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шотының дебеті және 6070 «Сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырудан түскен кірістер» қосалқы шотының кредиті бойынша бір мезгілде 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»қосалқы шотының дебеті және 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.»;
      412 және 413-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «412. Мемлекеттік мекеме бюджет қаражатынбекітілген қаржыландыру жоспарларында көзделген нысаналы мақсатына қатаң сәйкестікте жұмсауға міндетті.
      Бюджет бойынша шығындарды есепке алу мекеме, бағдарлама, кіші бағдарлама бойынша және бюджеттік сыныптаманың ерекшеліктері бойынша жүргізіледі.
      413. Мемлекеттік мекеменің шығыстарын есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
      7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар»;
      7020 «Стипендиялар төлеу бойынша шығыстар»;
      7030 «Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар»;

      7040 «Әлеуметтік салыққа арналған шығыстар»;
      7050 «Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар»;
      7060 «Қорлар бойынша шығыстар»;
      7070 «Іссапарларға арналған шығыстар»;
      7080 «Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша шығыстар»;
      7090 «Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар»;
      7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар»;
      7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар»;
      7130 «Жал бойынша шығыстар»;
      7140 «Өзге операциялық шығыстар»;
      7210 «Трансферттер бойынша шығыстар»;
      7220 «Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша шығыстар»;
      7230 «Субсидиялар бойынша шығыстар»;
      7240 «Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша шығыстар»;
      7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар»;
      7320 «Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар»;
      7410 «Әділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар»;
      7420 «Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар»;
      7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар»;
      7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар»;
      7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар»;
      7460 «Өзге шығыстар».»;
      416-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «416. 7200 «Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар» кіші бөлімінің шоттарында мемлекеттік мекеменің трансферттер, субсидиялар, зейнетақы мен жәрдемақылар, субвенциялар төлеу бойынша шығыстары ескеріледі.»;
      471-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «471. Салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға жоспарлы тағайындауларды мемлекеттік мекемеге бөлгенде, күрделі салымдарды қаржыландыру танылады және мынадай жазбамен көрсетіледі 1082 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1092 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан түсетін кірістер» қосалқы шотының кредиті.
      Сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен қаржыландырудың түсімі 1087 «Сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті 5012 «Сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен күрделі салымдарды қаржыландыру» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Қаржылық жыл аяқталғаннан кейін сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар шоттардың кері корреспонденциясымен жабылады.»;
      472-тармақ алып тасталсын;
      473-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «473. Есепті жылдың соңында жоспарлы тағайындаулар шоттарындағы күрделі салымдарға қалдықтар бюджетке қайтаруға жатады 6090 «Қаржыландыруды бюджетке қайтару» қосалқы шотының дебеті және 1082 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» немесе 1092 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті.»;
      479-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «04 «Төлеуге қабілетсіз дебиторлардың есептен шығарылған берешегі» - төлем қабілетсіз дебиторлардың берешегі есептен шығарылған сәттен бастап үш жыл бойы борышкерлердің мүліктік жағдайы өзгерген жағдайда оны өндіріп алу мүмкіндігін бақылау үшін ескеріледі;»;
      506507508509 және 510-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «506. Ұзақ мерзімді активтер мен қорлар үшін жеткізушімен есеп айырысуларды тапсырыс беруші мемлекеттік мекемелерді орталықтандырылған жабдықтау ретінде 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотында ескереді. Өнім берушінің шотын төлегенде тапсырыс беруші 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотын дебеттейді және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотын кредиттейді.
      507. Жүкті алушыға жіберілген құндылықтарға жеткізушіден алынған, ұсынылған құжаттар (шоттар, жүкқұжаттар және басқа құжаттар) негізінде Тапсырыс беруші жүкті алушыға немесе орталықтандырылған бухгалтерияға Нысандар альбомының 280-нысаны бойынша хабарлама жібереді. Хабарлама хатқа жүкті алушының мекенжайына жіберілген материалдық құндылықтарға жеткізуші шотының көшірмесі ұсынылады.
      508. Жүкті алушының бухгалтериясы жеткізушінің жіберілген материалдық құндылықтарына хабарлама мен шоттардың көшірмесі негізінде жүкті алушының мекенжайына мынадай жазбаларды жүргізеді:
      ұзақ мерзімді активтердің түскен сомасына Шоттар жоспарының ұзақ мерзімді активтерінің тиісті қосалқы шотын/шоттарын дебеттейді және 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер» шотын кредиттейді;
      түскен материалдардың немесе қайтарылатын бос ыдыстар, сондай-ақ киім-кешек, төсек орын, киім мен аяқ-киім сомасына 1310 «Материалдар» шотының тиісті қосалқы шоттарын дебеттейді және 6330«Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер» шотын кредиттейді.
      Жүкті алушы жеткізуші жіберген, бірақ хабарлама хат алған сәтке дейін түспеген құндылықтардың сомасына 1350 «Жолдағы қорлар» шотын дебеттейді және 6330«Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер» шотын кредиттейді. Бұл құндылықтарды алғаннан кейін 1310 «Материалдар» шотының тиісті қосалқы шоттары дебеттеледі және 1350 «Жолдағы қорлар» шоты кредиттеледі.
      Бұл жазба Нысандар альбомының 280-нысаны бойынша хабарламада көрсетілген жеткізу шарттарын ескере отырып, жүргізіледі.
      Жүкті алушының бухгалтерлік қызметі материалдық құндылықтарды қабылдағаннан кейін дереу Нысандар альбомының 280-нысанындағы хабарлама бойынша алынған құндылықтардың есепке алынғаны туралы жауап хабарлама жібереді.
      509. Жүкті алушыдан жауап хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс берушініңбухгалтерлік қызметі 7460 «Өзге шығыстар» шотының дебеті және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті бойынша жазба жүргізеді.
      Жүкті алушы құндылықтар мен заттарды қабылдау кезінде анықталған жетіспеушілік пен құндылықтардың бүліну сомасына немесе заттардың жиынтығы жетпеген сомаға актілер ресімдейді.
      510. Жеткізушіге қайтарылатын ыдысты жіберген кезде жүк алушының бухгалтерлік қызметі тапсырыс берушіге жеткізушімен есеп айырысу үшін санын, бағасын және құнын көрсету арқылы ыдыстың жіберілуін растайтын барлық құжаттарды салып жібереді. Бұл операциялар бойынша жүкті алушы 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер» шотының дебеті және қайтарылатын ыдыс сомасына 1319 «Өзге материалдар» қосалқы шотының кредиті бойынша жазбалар жүргізеді.
      Тапсырыс беруші бұл операциялар бойынша мынадай жазбаларды жүргізеді:
      жүкті алушыдан жіберілген қайтарылатын ыдысқа құжаттарды алғанда және ол үшін жеткізушіге шоттар көрсеткенде (бос ыдысты сатып алу бағасы бойынша) ұсынылған шот сомасына 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотын дебеттейді және 7460 «Өзге шығыстар» шоты кредиттейді, бос ыдысты сатып алу бағасы мен жеткізушіге ыдыс қайтарылған баға арасындағы сома айырмасына 7460 «Өзге шығыстар» шотын дебеттейді және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотын кредиттейді;
      қайтарылған ыдыс үшін ақша алғанда 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотын дебеттейді және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотын кредиттейді. Егер қайтарылатын ыдыс былтыр сатып алынған болса, тапсырыс беруші бұл соманы ол қаржыландырылатын бюджет кірісіне енгізеді.»;
      511-тармақ алып тасталсын;
      513514515 және 516-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын;
      «513. Жүкті алушыға жіберілген құндылықтарға жеткізушіден алынған ақталу құжаттары (шоттар, жүкқұжаттар және басқа құжаттар) негізінде Тапсырыс беруші жүкті алушыға немесе орталықтандырылған бухгалтерияға Нысандар альбомының 280-нысаны бойынша хабарлама жібереді.
      Бұл ретте тапсырыс беруші жүкті алушының бухгалтерлік қызметіне Нысандар альбомының 280-нысаны бойынша хабарлама жібереді. Хабарламаға жіберілген құндылықтарға жеткізуші шотының көшірмесі қоса беріледі.
      514. Жүкті алушының бухгалтерлік қызметі жеткізушінің жіберілген материалдық құндылықтарына хабарлама хат пен шоттар көшірмесін алғаннан кейін жүкті алушының мекенжайына мынадай жазбаларды жүргізеді:
      келіп түскен ұзақ мерзімді активтердің сомасына Шоттар жоспарының ұзақ мерзімді активтерінің қосалқы шотын/шоттарын дебеттейді және 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер» шотынкредиттейді;
      келіп түскен материалдардың немесе қайтарылатын ыдыстар, іш киім, төсек орын, киім мен аяқ-киім сомасына 1310 «Материалдар» шотының тиісті қосалқы шоттарын дебеттейді және 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер» шотын кредиттейді.
      Жүкті алушы жеткізуші жүкті алушының мекенжайына жіберген, бірақ хабарлама алған сәтке дейін түспеген құндылықтардың сомасына 1350 «Жолдағы қорлар» шотын дебеттейді және 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер» шотын кредиттейді. Бұл жазба Нысандар альбомының 280-нысаны бойынша хабарламада көрсетілген жеткізу шарттарын ескере отырып, жүргізіледі.
      Бұл құндылықтарды алғаннан кейін түскен материалдардың немесе қайтарылатын ыдыстың сомасына 1310 «Материалдар» шотының тиісті қосалқы шоттары дебеттеледі және 1350 «Жолдағы қорлар» шоты кредиттеледі.
      515. Жүкті алушының бухгалтерлік қызметі активтерді қабылданған соң тапсырыс берушіге жедел жабдықтаудың орталықтандырылған тәртібінде келіп түскен құндылықтарды есепке алу туралы Нысандар альбомының 280-нысаны бойынша жауап хабарлама жіберуге міндетті.
      Жүкті алушыдан жауап хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс берушінің бухгалтерлік қызметі 7460 «Өзге шығыстар» шотының дебеті бойынша және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті бойынша жазба жүргізеді.
      Жүкті алушы құндылықтар мен заттарды қабылдау кезінде анықталған жетіспеушілік пен құндылықтардың бүліну сомасына немесе заттардың жиынтығы жетпеген сомаға актілерді ресімдейді.
      516. Жеткізушіге қайтарылатын ыдысты жөнелту кезінде жүк алушының бухгалтерлік қызметі тапсырыс берушіге жеткізушілермен есеп айырысу үшін оның санын, бағасын және құнын көрсете отырып ыдыстың жіберілуін растайтын барлық құжаттарды салып жібереді және бұл операциялар бойынша 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер» шотының дебетіне және 1319 «Өзге материалдар» қосалқы шотының кредитіне жазба жүргізеді.
      Тапсырыс беруші есепке алуда бұл операциялар бойынша мынадай жазба жүргізеді:
      жүк алушының бухгалтерлік қызметінен жіберілген қайтарылатын ыдысқа құжаттарды алғанда және ол үшін жеткізушіге шоттар көрсеткенде 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотын дебеттейді және 7460 «Өзге шығыстар» шотын кредиттейді;
      жеткізушіден бос ыдыс үшін ақша алған кезде 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотын дебеттейді және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотын кредиттейді. Қайтарылатын ыдыс былтыр сатып алынған жағдайда, тапсырыс беруші бұл соманы ол қаржыландырылатын бюджет кірісіне енгізеді.»;
      531-тармақ алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т.Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы Министрі                             Б. Сұлтанов