Гендерлік статистика көрсеткіштерінің жүйесін қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының м.а. 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қаңтарда № 12909 болып тіркелді

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Гендерлік статистика көрсеткіштерінің жүйесін қалыптастыру әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына басшылыққа алу және жұмыс бабында пайдалану үшін жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның
      міндетін атқарушы                          Б. Иманәлиев

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
міндетін атқарушының   
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 219 бұйрығымен бекітілді

Гендерлік статистика көрсеткіштерінің жүйесін
қалыптастыру әдістемесі 1. Жалпы ережелер

      1. Гендерлік статистика көрсеткіштерінің жүйесін қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес қалыптастырылатын статистикалық әдіснамаға жатады.
      2. Осы Әдістеме гендерлік статистика көрсеткіштері жүйесін құрайтын көрсеткіштерді қалыптастыру алгоритмін айқындайды.
      3. Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдары қолданады.
      4. Осы әдістемеде келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) гендер - бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы.
      2) гендерлік статистика - ерлер мен әйелдердің әлеуметтік-саяси өмірдің барлық салаларындағы тиісті жағдайын бейнелеу және қоғамдағы гендерлік проблемаларды көрсетеді.
      3) гендерлік теңдік - әлеуметтік функцияларды орындау кезінде жыныстық тегіне қарамастан әйелдер мен ерлердің ресурстар мен игіліктерге тең дәрежеде қол жеткізуі.

2. Гендерлік статистика көрсеткіштерінің ұлттық
жүйесін қалыптастыру алгоритмі

      5. Гендерлік статистика көрсеткіштерінің ұлттық жүйесін қалыптастыру үшін келесі негізгі бөлімдер айқындалды:
      1) кедейлікті еңсеру
      2) лайықты жұмыспен қамтылу
      3) кәсіби және отбасылық міндеттерді қоса атқару
      4) білім беру
      5) денсаулық сақтау
      6) қоғамдық өмір және шешім қабылдауға қатысу
      7) әйелдер мен қыздардың құқықтары
      8) әлеуметтік қорғау
      9) қоршаған ортаны қорғау
      10) ақпараттық коммуникациялық технологияларға қолжетімділік.
      6. Осы Әдістемеде әзірленген гендерлік статистика көрсеткіштерінің жүйесі 10 бөлімнен және 72 көрсеткіштен тұрады, республикадағы олар әйелдер мен ерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттайды. Өлшем бірліктері мен дереккөздері осы Әдістемеге  қосымшада келтірілген.

1-параграф. Кедейлікті еңсеру

      7. Кедейлікті еңсеруге 4 көрсеткіш енгізілген:
      1) азық-түлік қоржыны құнынан төмен табысы бар халықтың жынысы бойынша бөліністегі үлесі;
      2) күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасынан төмен табысы бар халықтың жынысы бойынша бөліністегі үлесі;
      3) жерге иелік ететін ересек халықтың жынысы бойынша бөліністегі үлесі;
      4) Шаруа немесе фермер қожалықтарын (ШФҚ) басқаратын әйелдердің үлесі.
      8. Табысы азық-түлік қоржынының құнынан төмен халықтың үлесі табысы азық-түлік қоржынының құнынан төмен халық санының пайыздық өлшеммен халықтың жалпы санына қатынасы ретінде анықталады.
      Ең төменгі азық-түлік қоржынының құны азық-түлік өнімдерін тұтыну нормаларын облыстарда айдың ортасында қалыптасқан орташа бағаға көбейту арқылы ай сайын есептеледі, бұл әр өңір бойынша инфляция деңгейін есепке алады.
      Азық-түлік қоржынындағы тамақ өнімдерінің жиынтығы 43 атаудан (ертерек 20) тұрады. Ең төменгі азық-түлік қоржынының жаңа құрамы маусымдылықты ескере отырып түзетіледі және оның үлесі күнкөрістің ең төменгі құнының 60%-ын құрайды.
      9. Күнкөрістің ең төменгі шамасынан төмен тұтынуға пайдаланылған табысы бар халық санының пайызбен халықтың жалпы санына қатынасы ретінде анықталады.
      Күнкөрістің ең төменгі деңгейі 2000 жылдан бастап өмір сүру деңгейін бағалау және кедейліктің шегін анықтау критерийі ретінде қолданылады.
      10. Жерге иелік ететін ересек халықтың үлесі жалпы халықтың санынан жер иелену құқығы бар ересек халықтың үлесі ретінде анықталады. Көрсеткіш халықтың, оның ішінде әйелдердің негізгі қор – жерге қол жетімділігін білдіреді.
      11. Шаруа және фермер қожалықтарын (ШФҚ) басқаратын әйелдердің үлесі ШФҚ басқаратын адамдардың жалпы санынан әйелдердің үлесі ретінде анықталады. Көрсеткіш ауылдық жерлерде әйелдердің мүмкіндіктерін күшейту деңгейін, атап айтқанда олардың жерге және олардың табыс әкелетін тұрақты қызметке қолжеткізу мүмкіндіктерін арттыратын өзге де материалдық ресурстарға қолжетімділігін сипаттайды.

2-параграф. Лайықты жұмыспен қамтылу

      12. Лайықты жұмыспен қамтылу ерлер мен әйелдердің еңбек нарығындағы жағдайын сипаттайтын 11 көрсеткіштен тұрады:
      1) 15 және одан үлкен жастағы (15-24 жас) халыққа жұмыспен қамтылудың жынысы бойынша бөліністегі деңгейі;
      2) жынысы мен жасы бойынша бөліністегі жұмыссыздық деңгейі;
      3) дербес қызметкерлердің жынысы бойынша бөліністегі үлесі;
      4) отбасылық кәсіпорындардың көмектесетін (ақы төленбейтін) қызметкерлерінің жынысы бойынша бөліністегі үлесі;
      5) жұмыс берушілердің жынысы бойынша бөліністегі үлесі;
      6) толық емес жұмыс күні жұмыс істейтін ішінара жұмыспен қамтылған қызметкерлердің жасы мен жынысы бойынша үлесі;
      7) жалақыдағы гендерлік айырмашылық;
      8) кәсіпорындардың көлемі бойынша бөліністегі әйелдер басқаратын кәсіпорындар пайызы;
      9) халықтың (еңбекке қабілетті жастағы) экономикалық тұрғыдан белсенділігінің жынысы бойынша бөліністегі деңгейі;
      10) экономикалық қызмет түрлерінің топтары бойынша жұмыспен қамтылғандардың жынысы бойынша бөліністегі үлесі;
      11) ауыл шаруашылығына жатпайтын секторда жалпы жұмыспен қамтылғандардан жынысы бойынша бөліністегі бейресми жұмыспен қамтылғандардың үлесі.
      13. Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі 15 және одан үлкен жастағы (15-24) халықтың жалпы санында экономикада жұмыспен қамтылған халық санының пайызбен өлшенген үлесі.
      Жұмыспен қамтылған адамдар санына:
      1) ақысы немесе табысы (немесе заттай төлемі) үшін жұмыс істейтіндер;
      2) науқастану, декреттік демалыс немесе бала күтімі бойынша демалыс, мерекелік күн, оқу немесе еңбек дауы уақытша жұмыста болмағандар себебінен және отбасындағы ақы төленбейтін қызметкерлер, бір сағаттан аз жұмыс істегендер.
      14. Жұмыссыздық деңгейі болып экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы жұмыссыздар санының пайызбен өлшенген үлесі саналады.
      Жұмыссыздарға халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы, қарастырылып отырған кезеңде:
      1) жұмыссыз болған (табысты жұмысы болмаған);
      2) оны іздеумен белсенді айналысқан;
      3) уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде жұмысқа кірісуге дайын болған деген үш негізгі критерийге бір мезгілде жауап берген адамдар жатады.
      15. Дербес қызметкерлер санының үлесі дербес қызметкерлер санының жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы ретінде анықталады. Дербес қызметкерлерге өз бетінше немесе бір я бірнеше серіктеспен жұмыс істей отырып, өз бетінше жұмыспен қамту негізінде қызмет істейтін және тұрақты негізде қызметкерлерді жалдамайтын адамдар жатады.
      16. Көмектесетін (ақы төленбейтін) қызметкерлердің үлесі отбасылық кәсіпорындардың көмектесетін (ақы төленбейтін) қызметкерлері санының жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санына қатынасы ретінде анықталады. Отбасылық кәсіпорындардың көмектесетін (ақы төленбейтін) қызметкерлеріне туыс адамы басқаратын кәсіпорында (шаруашылықта), әдетте, сыйақысыз жұмыс істейтін жеке тұлғалар жатады.
      17. Жұмыс берушілер үлесі жұмыс берушілер санының жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санына қатынасы ретінде анықталады.
      Жұмыс берушілерге өзінің меншікті кәсіпорнын басқаратын немесе қандай да бір экономикалық қызмет түрінде тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және бір немесе бірнеше жалдамалы қызметкерлері бар жеке тұлғалар жатады.
      18. Толық емес жұмыс күні жұмыс істейтін жұмыспен қамтылғандар үлесі жұмыс уақыты «толық жұмыс уақытынан» аз жұмыспен қамтылған халықтың бөлігін білдіреді.
      Ішінара жұмыспен қамтылғандардың (аптасына 30 сағаттан аз жұмыс істейтіндердің) үлесі ішінара жұмыспен қамтылғандардың (аптасына 30 сағаттан аз жұмыс істейтіндердің) жұмыспен қамтылғандардың жалпы санына қатынасы ретінде анықталады.
      19. Жалақыдағы гендерлік айырмашылық ерлердің орташа айлық жалақысының әйелдердің орташа айлық жалақысына қатынасы ретінде анықталады. Көрсеткіш ерлер мен әйелдердің арнайы алынған уақыт кезеңіндегі жалақы деңгейінің айырмашылығын көрсетеді.
      20. Әйелдер басқаратын кәсіпорындардың пайызы әйелдердің бизнеске қатысуын және тек орта және шағын бизнесті ғана емес (шағын, орта кәсіпорындар, дара кәсіпкерлер және ШФҚ) ірі бизнесті де көрсетеді. Кәсіпорындардың жалпы санынан әйелдер басқаратын кәсіпорындар үлесі ретінде анықталады (көлеміне қарамастан).
      21. Халықтың (еңбекке қабілетті жастағы) экономикалық тұрғыдағы белсенділік деңгейі (еңбекке қабілетті жастағы) – халықтың жалпы санындағы еңбекке қабілетті жастағы халықтың экономикалық тұрғыдан белсенді (еңбекке қабілетті жастағы) халық санының пайызбен өлшенген үлесі.
      Экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы халықтың бөлігі. Көрсеткіш барлық экономикалық қызмет түрлерінде жұмыспен қамтылғандарды және жұмыссыздарды қамтиды.
      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және «Қазақстан Республикасының азаматтарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес еңбекке қабілетті жастағы адамдарға 16 жасқа жеткен азаматтар және 63 жастағы ерлер, 58 жастағы әйелдер жатады.
      22. Экономикалық қызмет түрлерінің топтары бойынша жұмыспен қамтылғандардың үлесі үш негізгі топтардағы жұмыспен қамтылғандардың саны бойынша анықталады: ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және құрылыста, қызмет көрсету саласында.
      Көрсеткішті жыныс белгісі бойынша бөліністе экономика салаларында ерлер мен әйелдердің жұмыспен қамтылған жыныстық белгісі бойынша біркелкі бөлінуін көрсетеді. «Әйелдер» немесе «Ерлер» салаларына бастайтын кейбір салалардағы әйелдер немесе ерлердің жоғары басымдылығы қоғамда жыныс белгісі бойынша көлденең сегрегация және жасырын кемсіту көрсеткіші болып табылады.
      23. Ауыл шаруашылығына жатпайтын секторда жалпы жұмыспен қамтылғандардан бейресми жұмыспен қамтылғандардың үлесі ауыл шаруашылығына жатпайтын бейресми сектордағы жұмыспен қамтылғандар санының ауыл шаруашылығына жатпайтын сектордағы жұмыспен қамтылғандардың пайызбен өрнектелген жалпы санына қатынасы ретінде есептеледі.
      Бейресми секторда жұмыспен қамтылғандарға зерттеу кезеңі ішінде олардың жұмыспен қамтылу мәртебесіне, олар үшін бұл жұмыс негізгі немесе қосымша болып табылатындығына қарамастан, кем дегенде бейресми сектордың өндірістік бірліктерінің бірінде жұмыспен қамтылған тұлғалар кіреді.

3-параграф. Кәсіби және отбасылық міндеттерді қоса атқару

      24. Кәсіби және отбасылық міндеттерді қоса атқару 4 көрсеткішті қамтиды:
      1) ақы төленбейтін үй еңбегіне жұмсалатын жынысы бойынша бөліністегі орташа сағат саны;
      2) ақы төленетін және төленбейтін үй еңбегіне жұмсалатын жынысы бойынша бөліністегі орташа сағат саны (еңбектің жүктеме жиынтығы);
      3) мектепке дейінгі ұйымдарда болатын 3 жасқа дейінгі балалардың үлесі (балабақшалар, шағын орталықтар);
      4) мектепке дейінгі біліммен жынысы бойынша бөліністе жалпы қамтылу.
      25. Ақы төленбейтін үй еңбегіне жұмсалатын жынысы бойынша бөліністегі орташа сағат саны ақы төленбейтін үй еңбегіне (үй жұмысына) ерлер мен әйелдердің арасындағы уақытты пайдаланудың айырмашылықтарын сипаттайды. Уақытты пайдалану күніне әртүрлі қызметке жұмсалатын орташа уақытты (күніне сағат және минут) білдіреді.
      Үй жұмысына мыналар кіреді: үй жұмысын, балаларға қарау, бақшада жұмыс істеу және жануарларға күтім жасау, құрылыс және жөндеу, сауда жасау және қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға бару және үй шаруашылығын жүргізу. Деректер аптаның барлық күнінде және мереке күндерін қоса алғанда осы қызметпен айналысқанына немесе айналыспағанына қарамастан барлық халықты қамтиды.
      26. Ақы төленетін және төленбейтін үй еңбегіне жұмсалатын жынысы бойынша бөліністегі орташа сағат саны (еңбектің жүктеме жиынтығы) ақы төленетін және төленбейтін жұмыстың түрлеріне ерлер мен әйелдердің арасындағы уақытты пайдаланудың айырмашылықтарын сипаттайды.
      Ақы төленетін жұмыс негізгі және қосалқы жұмысқа (бейресми жұмыспен қамту) және сонымен байланысты үзілістерге және жұмысты іздестіруге жұмсалған уақытты қамтиды.
      27. Мектепке дейінгі мекемелерде болатын 3 жасқа дейінгі балалардың үлесі (бала бақшалар, шағын орталықтар) мектепке дейінгі мекемеде тіркелген 3 жасқа дейінгі балалардың саны (балабақшалар, шағын орталықтар) тіркелген топтың сол жастағы 100 баласына шаққандағы саны ретінде анықталады.
      Мектепке дейінгі ұйымдар (балабақшалар, шағын орталықтар) жеке меншік немесе мемлекеттік болып табылады, бөбекжайлардағы балалар топтарына күтім жасауды және өз үйінде жұмыс істейтін және 2 немесе одан да көп балаларға күтім көрсететін бағушыларды қамтиды.
      Балаларға күтім жасауға 3 жастан кіші жастағы балалар жатады; мектепке дейінгі дайындық қамтылмайды.
      28. Мектепке дейінгі біліммен жалпы қамтылу мектепке дейінгі ұйымдарға баратын 1-6 жастағы балалар санының 1-6 жастағы балалардың жалпы санына қатынасы арқылы есептеледі.

4-параграф. Білім беру

      29. Білім беру 9 көрсеткіштен тұрады:
      1) 15-24 жастағы халық арасындағы жынысы бойынша бөліністегі сауаттылық деңгейі;
      2) бастауыш біліммен таза (түзетілген) қамтудың жынысы бойынша бөліністегі коэффициенті;
      3) орта біліммен қамтудың жынысы бойынша бөліністегі жалпы коэффициенті;
      4) жоғары біліммен қамтудың жынысы бойынша бөліністегі жалпы коэффициенті;
      5) бастауыш, орта және жоғары білім беру деңгейіндегі қыздар мен ұлдардың арақатынасы (гендерлік паритет индексі);
      6) жоғарғы оқу орындарында (ЖОО) білім алу деңгейінде мамандық топтары бойынша, жынысы бойынша бөліністе бөлу;
      7) жалпы білім беретін мектептер мен техникалық және кәсіптік білім беру (ТЖКБ) оқу орындары басшыларының арасындағы әйелдердің үлесі;
      8) ғылыми дәрежесі бар, ғылым салалары бойынша әйелдер мен ерлердің арақатынасы;
      9) жоғары білім беру жүйесіндегі басшылық деңгейіндегі әйелдер мен ерлердің арақатынасы.
      30. 15-24 жастағы халық арасындағы сауаттылық деңгейі 15-24 жастағы тұлғалар санын (оқып, жаза алатын, сондай-ақ күнделікті өмірдегі мәселелер бойынша қарапайым және қысқаша ақпаратты түсіне алатын) аталған жастағы топқа жататын халықтың жалпы санына бөлу арқылы есептеледі және нәтижесі 100 пайызға көбейтіледі.
      31. Бастауыш біліммен таза (түзетілген) қамтудың коэффициенті бастауыш мектепте оқитындардың бастауыш білім берудің жас топтарына қарай ресми белгіленген балалар санының бастауыш білім берудің жас топтарына қарай ресми белгіленген балалардың жалпы санына қатынасы.
      32. Орта біліммен қамтудың жалпы коэффициенті жас мөлшеріне қарамастан аталған білім беру деңгейінде оқитын оқушылар санының білім берудің орташа деңгейіне сәйкес келетін теориялық тұрғыдағы жас тобындағы халықтың жалпы санына арақатынасы ретінде есептеледі.
      33. Жоғары біліммен қамтудың жалпы коэффициенті жас мөлшеріне қарамастан аталған білім беру деңгейінде оқитын оқушылар санының білім берудің жоғары деңгейіне сәйкес келетін теориялық тұрғыдағы жас тобындағы халықтың жалпы санына арақатынасы ретінде есептеледі.
      34. Бастауыш, орта және жоғары білім беру деңгейіндегі қыздар мен ұлдардың арақатынасы (гендерлік паритет индексі) қыздардың жалпы қамтылу коэффициентіне сәйкес білім деңгейі үшін ұлдардың жалпы қамтылу коэффициентіне бөлу арқылы есептеледі.
      Бірлікке тең гендерлік паритет индексі жыныстардың теңдігін білдіреді. Мәні 1-ден кем көрсеткіш ұлдардың пайдасына шешілген теңсіздікті көрсетеді, яғни қыздар қолайсыз жағдайда деген сөз. Мәні 1-ден көп көрсеткіш қыздардың пайдасына шешілген теңсіздікті көрсетеді, яғни ұлдар қолайсыз жағдайда.
      35. Студенттерді мамандық топтары және жынысы бойынша ЖОО-дағы оқыту деңгейінде бөлу мамандық таңдау кезінде оқитындардың гендерлік басымдықтарын анықтайды, олар болашақта еңбек нарығындағы көлденең сегрегацияға әсер етеді.
      36. Жалпы білім беретін мектептер мен техникалық және кәсіптік білім беру (ТЖКБ) оқу орындары басшыларының арасындағы әйелдердің үлесі басшылардың жалпы санынан жалпы білім беретін мектеп, колледж және кәсіби лицей басшылары болып табылатын әйелдердің пайызы ретінде анықталады. Мектеп, колледж және кәсіби лицей директорлары бойынша деректер ғана енгізіледі.
      37. Ғылыми дәрежесі бар әйелдер мен ерлердің арақатынасы ғылым салалары бойынша ғылым кандидаттары мен докторлары, философия докторлары және PhD ғылыми дәрежелері бар әйелдер мен ерлердің пайыздық арақатынасы ретінде анықталады.
      Әйелдер мен ерлерді ғылымның әртүрлі салалары бойынша бөліністе салыстыру ғылыми қызметтің «әйелдерге» немесе «ерлерге» тән саласын анықтауға мүмкіндік береді.
      38. Жоғары білім беру жүйесіндегі басшылық деңгейіндегі әйелдер мен ерлердің арақатынасы жоғары оқу орындарындағы басшылық лауазымын атқаратын әйелдер мен ерлердің пайыздық арақатынасы ретінде анықталады.
      Жоғары оқу орындарындағы мынадай басшылық лауазымдары қамтылады: кафедра меңгерушілері, декандар және олардың орынбасарлары, проректорлар, ректорлар.

5-параграф. Денсаулық сақтау

      39. Денсаулық сақтау 17 көрсеткіштен тұрады:
      1) контрацептивтерді пайдаланатын әйелдердің үлесі (15-49 жастағы);
      2) нәресте өлімінің коэффициенті (бір жасқа дейін);
      3) бес жасқа дейінгі бала өлімінің коэффициенті;
      4) аналар өлімінің коэффиценті;
      5) босанғанға дейінгі қызмет көрсетумен қамту (12 аптаға дейін – жүктіліктің барлық кезеңі үшін ең азы бір рет болу және 4 рет болу), соның ішінде 12 аптаға дейінгі мерзіммен есепке тұруға ерте келу;
      6) білікті босандыру көмегі кезіндегі бала туу үлесі;
      7) 15 және одан үлкен жастағы халық арасында жынысы бойынша бөліністегі шылым шегудің таралуы;
      8) артық салмақтан зардап шегетін ересек халықтың жынысы бойынша бөліністегі үлесі;
      9) 15-49 жас аралығындағы Адамның иммундық тапшылық вирусы/Жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромымен өмір сүретін әйелдер үлесі;
      10) антиретровирустық препараттарға жынысы бойынша бөліністегі қолжетімділік;
      11) Жынысы бойынша бөліністегі алдағы өмірдің күтілетін өмір ұзақтығы;
      12) 60 жастағы жынысы бойынша бөліністегі орташа өмір сүру ұзақтығы;
      13) өлім себептері мен жас топтары бойынша жынысы бойынша бөліністегі ересек халық арасындағы өлім-жітім;
      14) темір тапшылығы анемиясы табылған жүкті әйелдердің үлесі;
      15) йод тапшылығына байланысты аурулармен сырқаттанушылықтың жынысы бойынша бөліністегі деңгейі;
      16) қатерлі ісікпен сырқаттанушылықтың жынысы бойынша бөліністегі деңгейі;
      17) қанайналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылықтың жынысы бойынша бөліністегі деңгейі.
      40. Қазіргі уақытта контрацепцияның кем дегенде бір әдісін қолданатын контрацептивтерді пайдаланатын әйелдердің үлесі (15-49 жастағы) бала тууға қабілетті жастағы (15-49) әйелдер санының, әйелдердің орташа жылдық санына қатынасы.
      41. Нәресте өлімінің коэффициенті (бір жасқа дейін) 1000 тірі туғанға шаққанда өлім жағдайларының санымен көрсетіледі.
      42. Бес жасқа дейінгі бала өлімінің коэффициенті күнтізбелік жылдағы бес жасқа дейінгі жастағы балалар өлімінің саны сол жылы тірі туғандар санына бөлініп, 1000-ға көбейтіледі. Қандай да бір нақты жылы туылған сәтінен бастап бес жасқа дейін өлімнің жас мөлшерінің коэффициенттері болған жағдайда бала өлімінің болу ықтималдығын бейнелейтін көрсеткіш.
      43. Аналар өлімінің коэффициенті жүктілікпен немесе оны медициналық тұрғыдан сүйемелдеумен немесе жүктілік кезіндегі және босану кезіндегі не босанудан кейінгі 42 күн ішіндегі асқынған жағдаймен (оқыс оқиғаларды немесе қандай да бір басқа тосын себептерге) байланысты қандай да бір себептер нәтижесіндегі жүктілік мерзіміне және оның өткен орнына қарамастан белгілі жыл ішінде 100 000 тірі туылғанға есептегендегі аналар өлімінің саны ретінде есептеледі.
      44. Босанғанға дейінгі қызмет көрсетумен қамту (кем дегенде, бір рет бару) қарастырылып отырған кезең ішінде тірі туылған балалары бар, жүктілік кезінде кемінде бір рет білікті медициналық қызметкер тарапынан босанғанға дейінгі қызмет көрсетуді алған 15-49 жастағы әйелдер пайызын көрсетеді.
      Босанғанға дейінгі қызмет көрсетумен қамту (кем дегенде төрт рет бару) қарастырылып отырған кезеңде тірі туылған балалары бар, жүктілік кезінде кемінде төрт немесе одан да көп рет кез келген көздер тарапынан босанғанға дейінгі қызмет көрсетуді алған 15-49 жастағы әйелдер пайызын көрсетеді.
      45. Білікті босандыру көмегі кезіндегі бала туу үлесі, білікті медицина қызметкерінің (дәрігерлердің, медбикелердің немесе акушерлердің) көмегімен бала туудың саны сол кезеңдегі бала туудың жалпы санына бөлініп, 100-ге көбейтуімен есептеледі.
      46. 15 және одан үлкен жастағы халық арасында шылым шегудің таралуы күнсайын кем дегенде 1 темекіні шегетін 15 және одан үлкен жастағы халықтың жалпы халық санынан күнделікті сәйкес топ ішінен есептеледі.
      47. Артық салмақтан зардап шегетін ересек халықтың үлесі дене массасының индексі (ДМИ), халықаралық стандартқа сәйкес дене массасы салмағының аздығы, артық дене массасы мен семіздік арқылы анықталады.
      ДМИ адам бойының шаршы метріне бөлінген салмақ (килограмммен) ретінде анықталады: кг/шаршы метр.
      Ересек халықтың семіруін бағалау үшін ДМИ келесі санаттары бар:
      ДМИ 18,5 кг/ш.м. төмен = дене массасы төмен.
      ДМИ 25-<30 кг/ш.м = артық дене массасы
      ДМИ 30 кг/ш.м және одан артық = семіздік (Дерек: ДДҰ).
      48. 15-49 жас аралығындағы АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін әйелдер үлесі АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін 15-тен 49 жасқа дейінгі адамдардың жалпы санындағы әйелдердің үлесі ретінде есептеледі.
      49. Антиретровирустық препараттарға қолжетімділік АИТВ бар Антиретровирустық терапия (АРТ) қабылдауға мұқтаж және қабылдайтын ересектер мен балалар санын АИТВ бар және АРТ құқығы бар ересектер мен балалардың жалпы санына бөлу және алынған нәтижені 100-ге көбейту арқылы есептеледі.
      50. Алдағы өмірдің күтілетін орташа өмір ұзақтығы – бұл ұрпақтың бүкіл өмірінде әр жас тобындағы өлім-жітім деңгейінің көрсеткіші есепті жылдағыдай деңгейде өзгеріссіз қалатын жағдайда осы ұрпақтан туған бір адамның алдағы уақытта өмір сүретін жасы деп түсінеміз.
      51. 60 жастағы күтілетін орташа өмір сүру ұзақтығы адам 60 жасқа жеткен кезде өлім-жітімнің басымырақ құрылымы қалған өмірінің соңына дейін осындай болған кезде 60 жасқа дейін күтілген өмір сүру ұзақтығының орташа жас саны деп түсінеміз.
      52. Өлім себептері мен жас топтары бойынша ересек халық арасындағы өлім-жітім көрсеткіші, тиісті жас топтары үшін өлімнің негізгі себептері бойынша 100 000 халыққа жас бойынша стандартталған өлім-жітім көрсеткіші.
      Өлім себептері 10-шы қайта қарау аурулардың халықаралық жіктеліміне сәйкес анықталады.
      53. Темір тапшылығы анемиясы табылған жүкті әйелдердің үлесі осы жылы медициналық мекемеге жүгінген кезде немесе профилактикалық бақылаудан өту барысында «темір жетіспеушілік анемиясы» диагнозы алғаш рет анықталған жүкті әйелдер санының жүктілігі аяқталған әйелдердің жалпы санына арақатынасы.
      Көрсеткіш жүкті әйелдердің тамақтануда тапшылықты немесе бұзылуды білдіреді.
      54. Йод тапшылығына байланысты аурулармен сырқаттанушылықтың деңгейі осы жылы медициналық мекемеге жүгінген кезде немесе профилактикалық бақылаудан өту барысында «гипотиреоз» диагнозы алғаш рет анықталған науқастар санының халықтың жынысы бойынша орташа жылдық санына арақатынасы ретінде анықталады.
      55. Қатерлі ісікпен сырқаттанушылықтың деңгейі осы жылы медициналық мекемеге жүгінген кезде немесе профилактикалық бақылаудан өту барысында «қатерлі ісік» диагнозы алғаш рет анықталған науқастар санының халықтың жынысы бойынша орташа жылдық санына арақатынасы ретінде анықталады.
      56. Қанайналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылықтың деңгейі осы жылы медициналық мекемеге жүгінген кезде немесе профилактикалық бақылаудан өту барысында қанайналымы жүйесінің ауруларына жататын диагноз алғаш рет анықталған науқастар санының халықтың жынысы бойынша орташа жылдық санына арақатынасы ретінде анықталады.

6-параграф. Қоғамдық өмір және шешім қабылдауға қатысу

      57. Қоғамдық өмір және шешім қабылдауға қатысу 13 көрсеткіштен тұрады:
      1) Қазақстан Республикасы Парламентіндегі (Сенат, Мәжіліс) әйелдердің үлесі;
      2) жергілікті биліктің сайлау органдарындағы (мәслихаттар) әйелдердің үлесі;
      3) Үкіметте министр лауазымындағы адамдар арасындағы әйелдердің үлесі;
      4) саяси мемлекеттік қызметшілердің арасындағы әйелдер үлесі;
      5) басшылық лауазымындағы әйелдердің үлесі;
      6) елші әйелдердің үлесі;
      7) әлеуетті құрылымдарда басшы лауазымын атқаратын әйелдердің үлесі;
      8) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот мүшелерінің арасындағы әйелдердің үлесі;
      9) сот әйелдердің үлесі;
      10) Кәсіподақтар және Үкіметтік емес ұйымдар басшылары арасындағы әйелдердің үлесі;
      11) Ұлттық Банк басқармасы мүшелерінің арасындағы әйелдердің үлесі;
      12) полициядағы әйелдердің үлесі;
      13) жоғары оқу орындарының басшылары әйелдердің (ректорлардың) үлесі.
      58. Қазақстан Республикасы Парламентіндегі (Сенат, Мәжіліс) әйелдер алатын орын үлесі парламенттегі орындардың жалпы санына бөліп, 100-ге көбейткендегі әйелдер алатын орындардың жалпы саны ретінде есептеледі.
      59. Жергілікті биліктің сайлау органдарындағы (мәслихаттар) әйелдердің үлесі 100-ге көбейтілген мәслихат депутаттары болып табылатын әйелдер санының (облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде) маслихат депутаттарының жалпы санына қатынасы ретінде есептеледі.
      60. Қазақстан Республикасы Үкіметінде министр лауазымындағы адамдар арасындағы әйелдердің үлесі министр лауазымындағы адамдардың жалпы санынан басшылық ететін министр лауазымындағы әйелдердің пайызы ретінде анықталады.
      61. Саяси мемлекеттік қызметшілердің арасындағы әйелдер үлесі Қазақстан Республикасы Президенті тағайындайтын соның ішінде жергілікті атқарушы деңгейдегі (әртүрлі деңгейдегі әкімдер) саяси лауазымдарды атқаратын адамдардың жалпы санынан әйелдердің пайызы ретінде анықталады.
      62. Басшылық ұстанымын атқаратын әйелдердің үлесі Кәсіптердің халықаралық стандарттық жіктелімінің (КХСЖ-88) 11 (заң шығарушылар және жоғары шенді шенеуніктер) және 12 (корпоративті менеджерлер) санатына сәйкес келетін жоғары және орта буындағы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санындағы әйелдердің үлесі ретінде анықталады.
      Қызмет түрі КХСЖ 88-ге сәйкес жіктеледі, ол атқарылатын жұмыстың міндеттері мен міндеттемелеріне сәйкес жұмысты нақты белгіленген топтар жиынтығында ұйымдастырады.
      КХСЖ-88-ден 13-ішкі топ (жалпы менеджерлер) осы көрсеткіштің есебіне кірмейді, өйткені бұл топ негізімен шағын кәсіпорындардың басшыларын қамтиды.
      63. Елші әйелдердің үлесі елші лауазымын атқаратын адамдардың жалпы санындағы әйелдердің пайызбен өрнектелген үлесі ретінде анықталады. Көрсеткіш дипломатиялық қызмет құрамының жоғары басшылық құрамында әйелдердің болуын сипаттайды.
      64. Әлеуетті құрылымдарда басшы лауазымын атқаратын әйелдердің үлесі әлеуетті құрылымдағы басшы лауазымындағы адамдардың жалпы санынан әйелдердің пайызы ретінде анықталады.
      65. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот мүшелерінің арасындағы әйелдердің үлесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мүшелерінің жалпы санынан әйелдердің пайызы ретінде анықталады, сот билігінің жоғары деңгейінде әйелдердің болуын көрсетеді.
      66. Сот әйелдердің үлесі соттардың жалпы санынан әйелдердің пайызы ретінде анықталады, сот билігінің деңгейінде әйелдердің болуын сипаттайды.
      67. Кәсіподақтар және Үкіметтік емес ұйымдар басшылары арасындағы әйелдердің үлесі кәсіподақтар және Үкіметтік емес ұйымдар басшыларының жалпы санынан әйелдердің пайызы ретінде анықталады.
      68. Ұлттық Банк басқармасы мүшелерінің арасындағы әйелдердің үлесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасы мүшелерінің жалпы санынан әйелдердің пайызы ретінде анықталады.
      69. Полициядағы әйелдердің үлесі ішкі істер органдарында жұмыс істейтіндердің жалпы санынан әйелдердің үлесі ретінде анықталады.
      70. ЖОО басшы-әйелдердің (ректорлардың) үлесі жоғары оқу орындары ректорларының жалпы санынан әйелдердің пайызы ретінде анықталады. Көрсеткіш жоғары білім беру жүйесіндегі басшылық деңгейіндегі әйелдердің болуын сипаттайды.

7-параграф. Әйелдер мен қыздардың құқықтары

      71. Әйелдер мен қыздардың құқықтары әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және репродуктивті құқықтың сақталуын сипаттайтын 6 көрсеткішті қамтиды:
      1) соңғы 12 ай ішінде жыныстық серіктесі тарапынан күш көрсету немесе сексуалды зорлық-зомбылыққа душар болған 15-49 жастағы әйелдердің үлесі;
      2) соңғы 12 ай ішінде жыныстық серіктес болып табылмайтын адамның тарапынан күш көрсету немесе сексуалды зорлық-зомбылыққа душар болған 15-49 жастағы әйелдердің үлесі;
      3) 18 жасқа толғанға дейін некеге немесе отбасы одағына тұрған 20-24 жастағы әйелдердің үлесі;
      4) жасөспірімдер арасындағы туу коэффициенті;
      5) әйелдерге қатысты тіркелген тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының саны;
      6) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша шығарылған қорғау ұйғарымдары мен белгіленген ерекше талаптар саны;
      7) мемлекет кепілдік берген заң көмегін алған халықтың үлесі, жынысы бойынша бөліністе;
      8) мемлекет кепілдік берген заң көмегін алған кәмелетке толмағандардың үлесі.
      72. Соңғы 12 ай ішінде жыныстық серіктесі тарапынан күш көрсету немесе сексуалды зорлық-зомбылыққа душар болған 15-49 жастағы әйелдердің үлесі соңғы 12 айда жыныстық серіктесі тарапынан күш көрсету немесе сексуалды зорлық-зомбылыққа душар болған 15-49 жастағы әйелдердің жалпы санының 15-49 жастағы сауалнама алынған әйелдердің жалпы санына қатынасы ретінде есептеледі.
      73. Соңғы 12 ай ішінде олардың жыныстық серіктесі болып табылмайтын адамның тарапынан күш көрсету немесе сексуалды зорлық-зомбылыққа душар болған 15-49 жастағы әйелдердің үлесі соңғы 12 айда жыныстық серіктесі болып табылмайтын адамның күш көрсету немесе сексуалды зорлық-зомбылыққа душар болған 15-49 жастағы әйелдердің санының 15-49 жастағы сауалнама алынған әйелдердің жалпы санына қатынасы ретінде есептеледі.
      74. 18 жасқа жеткенге дейін некеге тұрған немесе отбасылық одақ құрған 20-24 жастағы әйелдердің үлесі ерте некеге тұрудың таралуын сипаттайды.
      75. Жасөспірімдер арасындағы туу коэффициенті жасөспірім жастағы әйелдердің арасындағы жылына тірі туылғандар санының жасөспірім жастағы 1 000 әйелге қатынасын білдіреді. Осы көрсеткішті есептеу мақсатындағы жасөспірім жастағы әйелдер 15-тен 19 жасқа дейінгі әйелдер болып табылады.
      76. Әйелдерге қатысты тіркелген тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының саны есепті кезеңдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық себебінен көмек сұраған әйелдердің ішкі істер органдарына ресми өтініштерінің санын көрсетеді.
      77. Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша шығарылған қорғау ұйғарымдары мен белгіленген ерекше талаптар саны, есепті кезеңде тұрмыстық-зорлық зомбылық жасаған адамдарға қатысты шығарылған жазалау шараларының санын көсетеді.
      78. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алған халықтың үлесі есептік кезеңдегі әйелдер мен ерлердің үлесін көрсетеді.
      79. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алған кәмелетке толмағандардың үлесі есептік кезеңдегі кәмелетке толмағандардың үлесін көрсетеді.

8-параграф. Әлеуметтік қорғау

      80. Әлеуметтік қорғауға 4 көрсеткіш кіреді:
      1) зейнетақы алушылар арасындағы әйелдер мен ерлердің жергілікті жер типі және жынысы бойынша бөліністегі саны;
      2) ең төменгі зейнетақы алушылар арасындағы жергілікті жер типі бойынша бөліністегі әйелдер мен ерлердің саны;
      3) әйелдер мен ерлердің жергілікті жер типі бойынша орташа айлық зейнетақы мөлшері;
      4) атаулы әлеуметтік көмек алатын әйелдердің үлесі.
      81. Зейнетақы алушылар арасындағы әйелдер мен ерлердің саны зейнеткерлер санының жынысы, сонымен қатар жергілікті жер типі бойынша бөлінуін көрсетеді. Зейнетақыға уәкілетті ұйымнан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, зейнетақы төлемдерінің жиынтығы кіреді. Көрсеткіш әйелдер мен ерлердің әлеуметтік қамсыздандырудағы жағдайын көрсетеді.
      82. Ең төменгі зейнетақы алушылар арасындағы әйелдер мен ерлердің саны ең төменгі зейнетақы алушылардың жынысы бойынша, соның ішінде жергілікті жер типі бойынша бөлінуін көрсетеді. Ең төменгі зейнетақы мөлшері әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарт болып табылады.
      83. Әйелдер мен ерлердің орташа айлық зейнетақы мөлшері әйелдер мен ерлерге тағайындалған зейнетақы мөлшерінің гендерлік айырмашылығын көрсетеді.
      84. Атаулы әлеуметтік көмек алатын әйелдердің үлесі атаулы әлеуметтік көмек алатындардың жалпы санындағы жан басына шаққандағы орташа табысы кедейліктің белгіленген шегінен аспайтын әйелдердің үлесін көрсетеді.

9-параграф. Қоршаған ортаны қорғау

      85. Қоршаған ортаны қорғау гендерлік статистика саласындағы салыстырмалы түрде жаңа бағыт болып табылады, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғауды басқарудағы әйелдер мен ерлердің теңсіздігін көрсетеді. Қоршаған ортаны қорғауға 2 көрсеткіш кіреді:
      1) қатты отын түрлерін қолданатын үй шаруашылықтарының үлесі;
      2) үйдегі (пәтердегі) су құбырымен жабдықталған жалпы алаңның үлес салмағы.
      86. Қатты отын түрлерін пайдаланатын үй шаруашылықтарының үлесі пайызбен көрсетілген үй шаруашылықтарының жалпы санына қатты отын түрлерін пайдаланатын үй шаруашылықтарының қатынасы ретінде анықталады. Көрсеткіш үй-жайдың ішіндегі ауаның ластануы, ормандардың жойылуы және топырақ эрозиясы және парниктік газдар шығарындылары арасындағы өзара байланысты көрсетеді.
      87. Үйдегі (пәтердегі) су құбырымен жабдықталған жалпы алаңның үлес салмағы республиканың тұрғын үй қорының абаттандырылу деңгейін көрсетеді.

10-параграф. АКТ-ға қолжетімділік

      88. АКТ-ға қолжетімділік, әйелдер мен ерлердің құқықтық мүмкіндігін кеңейту, әсіресе білім алу, біліктілігін жоғарлату, жұмыспен қамту, жаңа бизнесті ашу және экономикалық әлеуетті жоғарлату үшін маңызды ресурс болып табылады. АТК-ға қолжетімділікке 2 көрсеткіш кіреді:
      1) 6-74 жастағы халықтың жалпы санынан Интернет желісін пайдаланушылардың жынысы бойынша бөліністегі үлесі;
      2) Ұтқыр телефондарға жынысы бойынша бөліністегі қолжетімділік.
      89. 6-74 жастағы халықтың жалпы санынан Интернет желісін пайдаланушылардың үлесі 6-74 жастағы Интернетті пайдаланушылар санының 100-ге көбейтілген 6-74 жастағы халықтың орташа санына қатынасы ретінде анықталады.
      Интернет желісіне компьютер, ұтқыр телефон, ойын консолдары, сандық теледидарды қоса алғанда кез келген құрылғылар арқылы есепті кезеңде кем дегенде 1 рет және кез келген жерде (жұмыста, үйде, қоғамдық орындарда және өндірісте) қосылған тұлға интернетті пайдаланушы болып саналады.
      90. Ұтқыр телефондарға қолжетімділік ұтқыр байланысты қолданатындардың санының пайызбен көрсетілген халықтың жалпы санына қатынасы арқылы анықталады. Ұтқыр кең жолақты қосылыс (ұтқыр байланыс) деп телекоммуникацияның, бұл ретте дауыс, мәтіндік және графикалық ақпарат белгілі бір орынға немесе аумаққа бекітілмеген абоненттік сымсыз терминалдарға берілетін түрі ұғынылады.

Гендерлік статистика көрсеткіштерінің
жүйесін қалыптастыру әдістемесіне
қосымша             

Өлшем бірліктер мен дереккөздер

№ р/с Көрсеткіш атауы Өлшем бірлігі Дереккөздер
1. Кедейлікті еңсеру

1

Азық-түлік қоржыны құнынан төмен табысы бар халықтың жынысы бойынша бөліністегі үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі - Комитет) (тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу). Комитет тоқсан сайынғы негізде тұрмыс деңгейін зерттеу бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеуді жүргізеді. 2006 ж. бастап үй шаруашылықтарының іріктемелі торабы жыл сайын 30%-дық ротацияға (ауысуға) ұшырайтын 12 мың зерттелетін бірлікті құрайды.

2

Күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасынан төмен табысы бар халықтың жынысы бойынша бөліністегі үлесі

пайызбен

Комитет (тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу).

3

Жерге иелік ететін ересек халықтың жынысы бойынша бөліністегі үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (жер кадастры), Комитет (Ауыл шаруашылығы санағын 10 жылда бір рет өткізеді)

4

Шаруа және фермер қожалықтарын (ШФҚ) басқаратын әйелдердің үлесі

пайызбен

Комитет («Ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімі» ақпараттық жүйесі)

2. Лайықты жұмыспен қамтылу

1

15 және одан үлкен жастағы (15-24 жас) халыққа жұмыспен қамтылудың жынысы бойынша бөліністегі деңгейі

пайызбен

Комитет (Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу).
Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеуді Комитет әр тоқсан сайынғы негізде өткізеді.

2

Жынысы мен жасы бойынша бөліністегі жұмыссыздық деңгейі

пайызбен

Комитет (халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу).

3

Дербес қызметкерлердің жынысы бойынша бөліністегі үлесі

пайызбен

Комитет (халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу).

4

Отбасылық кәсіпорындардың көмектесетін (ақы төленбейтін) қызметкерлерінің жынысы бойынша бөліністегі үлесі

пайызбен

Комитет (халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу).

5

Жұмыс берушілердің жынысы бойынша бөліністегі үлесі

пайызбен

Комитет (халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу).

6

Толық емес жұмыс күні жұмыс істейтін ішінара жұмыспен қамтылған қызметкерлердің жасы мен жынысы бойынша бөліністегі үлесі

пайызбен

Комитет (халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу).

7

Жалақыдағы гендерлік айырмашылық

пайызбен

Комитет («Еңбек бойынша есеп» 1-Т нысаны бойынша статистикалық байқау тоқсан сайын және жылдық негізде өткізіледі)

8

Әйелдер басқаратын кәсіпорындардың өлшемділігі бойынша бөліністегі пайызы

пайызбен

Комитет (Статистикалық бизнес-тіркелім)

9

Халықтың (еңбекке қабілетті жастағы) экономикалық тұрғыдан белсенділігінің жынысы бойынша бөліністегі деңгейі

пайызбен

Комитет (халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу).

10

Экономикалық қызмет түрлерінің топтары бойынша жұмыспен қамтылғандардың жынысы бойынша бөліністегі үлесі

пайызбен

Комитет (халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу).

11

Ауыл шаруашылығына жатпайтын секторда жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жынысы бойынша бөліністегі бейресми жұмыспен қамтылғандардың үлесі

пайызбен

Комитет (халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу).

3. Кәсіби және отбасылық міндеттерді қоса атқару

1

Ақы төленбейтін үй еңбегіне жұмсалатын жынысы бойынша бөліністегі орташа сағат саны

сағат-минут

Комитет (халықтың уақытты пайдалануын іріктемелі зерттеу, 5 жылда бір рет тұрақты түрде өткізіледі)

2

Ақы төленетін және төленбейтін үй еңбегіне жұмсалатын жынысы бойынша бөліністегі орташа сағат саны (еңбектің жүктеме жиынтығы)

сағат-минут

Комитет (халықтың уақытты пайдалануын іріктемелі зерттеу, 5 жылда бір рет тұрақты түрде өткізіледі)

3

Мектепке дейінгі ұйымдарда (балабақшаларда, шағын-орталықтарда) болатын 3 жасқа дейінгі балалардың үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

4

Мектепке дейінгі біліммен жынысы бойынша бөліністе жалпы қамту

пайызбен

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

4. Білім беру

1

15-24 жастағы халық арасындағы жынысы бойынша бөліністегі сауаттылық деңгейі

пайызбен

Комитет (Халықтың ұлттық санағы, 10 жылда бір рет жүргізіледі)

2

Бастауыш біліммен (түзетілген) қамтудың жынысы бойынша бөліністегі таза коэффициенті

пайызбен

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

3

Орта біліммен қамтудың жынысы бойынша бөліністегі жалпы коэффициенті

пайызбен

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

4

Жоғары біліммен қамтудың жынысы бойынша бөліністегі жалпы коэффициенті

пайызбен

Комитет («Жоғары оқу орны бойынша есеп» 3-НК нысаны бойынша статистикалық байқау жыл сайынғы негізде өткізіледі)

5

Бастауыш, орта және жоғары білім беру деңгейіндегі қыздар мен ұлдардың арақатынасы (гендерлік паритет индексі)

пайызбен

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Комитет («Жоғары оқу орны бойынша есеп» 3-НК нысаны бойынша статистикалық байқау жыл сайынғы негізде өткізіледі)

6

Студенттерді жоғары оқу оындарында білім алу деңгейінде мамандық топтары бойынша, жынысы бойынша бөліністе бөлу

пайызбен

Комитет («Жоғарғы оқу орны бойынша есеп» 3-НК нысаны бойынша статистикалық байқау, жыл сайынғы негізде өткізіледі)

7

Жалпы білім беретін мектептер мен техникалық және кәсіптік білім беру (ТЖКБ) оқу орындары басшыларының арасындағы әйелдердің үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

8

Ғылыми дәрежесі бар, ғылым салалары бойынша әйелдер мен ерлердің арақатынасы

пайызбен

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым акдемиясы

9

Жоғары білім беру жүйесіндегі басшылық деңгейіндегі әйелдер мен ерлердің арақатынасы

пайызбен

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

5. Денсаулық сақтау

1

Контрацептивтерді пайдаланатын әйелдердің үлесі (15-49 жастағы)

пайызбен

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеулер

2

Нәресте өлімінің коэффициенті (бір жасқа дейін)

1000 тірі туғанға шаққанда

Комитет, Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеу

3

Бес жасқа дейінгі бала өлімінің коэффициенті

1000 тірі туғанға шаққанда

Комитет, Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеу

4

Аналар өлімінің коэффиценті

1000 тірі туғанға шаққанда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

5

Босанғанға дейінгі қызмет көрсетумен қамту (12 аптаға дейін - жүктіліктің барлық кезеңі үшін ең азы бір рет және 4 рет), соның ішінде 12 аптаға дейінгі мерзіммен есепке тұруға ерте келу

пайызбен

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

6

Білікті босандыру көмегі кезіндегі бала туу үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

7

15 және одан үлкен жастағы халық арасында жынысы бойынша бөліністегі шылым шегудің таралуы

пайызбен

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

8

Артық салмақтан зардап шегетін ересек халықтың жынысы бойынша бөліністегі үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеу

9

15-49 жас аралығындағы АИТВ/ЖИТС-мен өмір сүретін әйелдер үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық

10

Антиретровирустық препараттарға жынысы бойынша бөліністегі қолжетімділік

пайызбен

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық

11

Жынысы бойынша бөліністегі алдағы өмірдің күтілетін өмір ұзақтығы

жас

Комитет, демографиялық есептеулер

12

60 жастағы жынысы бойынша бөліністегі орташа өмір сүру ұзақтығы

жас

Комитет, демографиялық есептеулер

13

Өлім себептері мен жас топтары бойынша жынысы бойынша бөліністегі ересек халық арасындағы өлім-жітім

100 000 халыққа шаққанда

Комитет, демографиялық есептеулер

14

Темір тапшылығы анемиясы табылған жүкті әйелдердің үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

15

Йод тапшылығына байланысты аурулармен сырқаттанушылықтың жынысы бойынша бөліністегі деңгейі

100 000 халыққа шаққанда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

16

Қатерлі ісікпен сырқаттанушылықтың жынысы бойынша бөліністегі деңгейі

100 000 халыққа шаққанда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

17

Қанайналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылықтың жынысы бойынша бөліністегі деңгейі

100 000 халыққа шаққанда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

6. Қоғамдық өмір және шешім қабылдауға қатысу

1

Қазақстан Республикасы Парламентіндегі (Сенат, Мәжіліс) әйелдер алатын орын үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасының Парламенті

2

Жергілікті биліктің сайлау органдарындағы (мәслихаттар) әйелдердің үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

3

Қазақстан Республикасы Үкіметінде министр лауазымындағы адамдар арасындағы әйелдердің үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі

4

Саяси мемлекеттік қызметшілердің арасындағы әйелдер үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі

5

Басшылық лауазымындағы әйелдердің үлесі

пайызбен

Комитет (жұмыспен қамтылу бойынша іріктемелі зерттеу, тоқсан сайын өткізіледі)

6

Елші әйелдердің үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

7

Әлеуетті құрылымдарда басшы лауазымын атқаратын әйелдердің үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

8

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот мүшелерінің арасындағы әйелдердің үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты

9

Сот әйелдердің үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты

10

Кәсіподақтар және Үкіметтік емес ұйымдар басшылары арасындағы әйелдердің үлесі

пайызбен

Комитет (Статистикалық бизнес-тіркелім

11

Ұлттық Банк басқармасы мүшелерінің арасындағы әйелдердің үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

12

Полициядағы әйелдердің үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

13

Жоғары оқу орындарының басшылары әйелдердің (ректорлардың) үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

7. Әйелдер мен қыздардың құқықтары

1

Соңғы 12 ай ішінде жыныстық серіктесі тарапынан күш көрсету немесе сексуалды зорлық-зомбылыққа душар болған 15-49 жастағы әйелдердің үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша мамандандырылған іріктемелі зерттеу

2

Соңғы 12 ай ішінде жыныстық серіктес болып табылмайтын адамның тарапынан күш көрсету немесе сексуалды зорлық-зомбылыққа душар болған 15-49 жастағы әйелдердің үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша мамандандырылған іріктемелі зерттеу

3

18 жасқа толғанға дейін некеге немесе отбасы одағына тұрған 20-24 жастағы әйелдердің үлесі

пайызбен

Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеулер, үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу

4

Жасөспірімдер арасындағы туу коэффициенті

1000 әйелге шаққанда

Комитет, демографиялық есептеулер

5

Әйелдерге қатысты тіркелген тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының саны

бірлік

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

6

Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша қатысты шығарылған қорғау ұйғарымдары мен белгіленген ерекше талаптар саны

бірлік

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

7

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алған халықтың үлесі, жынысы бойынша бөліністе

пайызбен

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

8

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алған кәмелетке толмағандардың үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

8. Әлеуметтік қорғау

1

Зейнетақы алушылар арасындағы әйелдер мен ерлердің жергілікті жер типі бойынша саны

адам

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2

Ең төменгі зейнетақы алушылар арасындағы жергілікті жер типі және жынысы бойынша бөліністегі әйелдер мен ерлердің саны

адам

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

3

Әйелдер мен ерлердің жергілікті жер типі бойынша орташа айлық зейнетақы мөлшері

теңге

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

4

Атаулы әлеуметтік көмек алатын әйелдердің үлесі

пайызбен

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

9. Қоршаған ортаны қорғау

1

Қатты отын түрлерін пайдаланатын үй шаруашылықтарының үлесі

пайызбен

Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеу, үй шаруашылықтарының іріктемелі зерттеулері

2

Үйдегі (пәтердегі) су құбырымен жабдықталған жалпы алаңның үлес салмағы

пайызбен

Комитет (Тұрғын үй қорының тіркелімі)

10. АКТ-ға қолжетімділік

1

6-74 жастағы халықтың жалпы санынан Интернет желісін пайдаланушылардың жынысы бойынша бөліністегі үлесі

пайызбен

Комитет (АКТ пайдалануы бойынша үй шаруашылықтарын зерттеу тоқсан сайын, «Білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп» 1-информ статистикалық нысаны бойынша статистикалық байқауы жылдық кезеңділікпен өткізіледі)