18.12.2015

"Дерекқорды қайта сәйкестендірілген түрде ғылыми мақсатта ұсыну және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 8-бабы 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Дерекқорды қайта сәйкестендірілген түрде ғылыми мақсатта ұсыну және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6388 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 қарашадағы № 312 (26373) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      осы бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану қағидалары бекітілсін.»;
      Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                      Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      А. Сәрінжіпов _____________
      20__ жылғы «___» _________

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 778 бұйрығына     
қосымша           

Қазақстан Республикасы    
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 2 шілдедегі   
№ 168 бұйрығымен       
бекітілді          

Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының
2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 8-бабы 6-тармағына, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) алғашқы статистикалық деректер – статистикалық нысандарда алынған немесе тіркелген деректер;
      2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органың ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органың ведомствосы) – мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік орган.

2. Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану тәртібі

      3. Деректер базаларын (электронды түрде сақталатын деректердің ақпараттық базалары) сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану:
      1) білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін мемлекеттік лицензияның көшірмесі мен лицензияға қосымшалардың қоса берілуімен ғылыми қызмет субъектісінің (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаны іске асырушы ұйымдар);
      2) аккредиттеу туралы куәліктің көшірмелерінің қоса берілуімен ғылыми ұйымдардың жазбаша сұрау салуы (бұдан әрі – сұрау салу) бойынша жүзеге асырылады.
      Сондай-ақ деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда алуға және пайдалануға арналған өтінім осы Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады. Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалануға өтінім нысаны уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастырылады.
      4. Уәкілетті органның ведомствосы есепке алуға және қарауға жататын сұрау салуды қабылдайды.
      5. Сұрау салу түскен күні құжаттамалық қамтамасыз ету қызметімен тіркеледі және уәкілетті орган ведомствосының басшылығына
(бұдан әрі – басшы) қарауға беріледі.
      6. Сұрау салу қажетті деректер базасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтиды (статистикалық көрсеткіштер атауы, көрсеткіштер тізбесі, кезеңділігі, аумақтық бөлініс).
      7. Уәкілетті орган ведомствосының басшысы сәйкестендірілмеген түрінде деректер базаларын ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) сұрау салуды қарастыруға жолдайды.
      8. Комиссия олардың қалыптастырылуын және сәйкестендірілмеу деңгейін тексере отырып, сұралып жатқан деректер базаларын ұсыну мүмкіндігін қарастырады. Сұрау салу оң түрде қарастырылған жағдайда «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ведомствоға бағынысты ұйым (бұдан әрі – ведомствоға бағынысты ұйым) орнына нөмірлеуді қолдана отырып, респондент туралы сәйкестендіруші ақпаратты (респонденттің тегі, аты, әкесінің аты, заңды тұлғаның атауы, кәсіпорындар және ұйымдардың жалпы жіктеуішінің коды, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) жояды. Ведомствоға бағынысты ұйым құрылымдық бөлімшеге қалыптастырылған сәйкестендірілмеген түрдегі деректер базаларын CD дискіде жолдайды.
      9. Ведомствоға бағынысты ұйыммен қалыптастырылған деректер базалары түскенде ақпараттық қауіпсіздігіне жауапты уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесі респондентті сәйкестендіру мүмкіндігін анықтайды. Осындай мүмкіндік болмаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы қалыптастырылған деректер базаларын ұсынады. Ғылыми қызмет субъектісінің өкілдері сәйкестендірілмеген түрдегі деректер базаларын жария етпеу және оны үшінші тұлғаларға беруді шектеу туралы осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемеге қол қояды. Ғылыми жұмыс аяқталғаннан кейін ұсынылған сәйкестендірілмеген түрдегі деректер базалары жойылады, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестендірілмеген түрдегі деректер базалары бар алмалы-салмалы тасығышты жою туралы Акт жасалады, оның бір данасы уәкілетті органның ведомствосына ұсынылады.
      10. Сұрау салуды қарау мерзімдері:
      1) сұрау салу он бес күнтізбелік күн ішінде қарастырылады;
      2) сұралатын деректер базаларын ұсыну мүмкіндігін қарастыру, деректер базаларын қалыптастыру және респондентті сәйкестендіру мүмкіндігін анықтау үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайда, қарау мерзімі ең көп дегенде отыз күнтізбелік күнге ұзартылады, бұл жайлы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне қарау мерзімі ұзартылған сәтінен бастап 3 күнтізбелік күн ішінде хабарланады.

3. Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және пайдалану бойынша бас тарту

      11. Деректерді базалары ұсыну және пайдалану бойынша бас тарту мына жағдайларда көзделеді:
      1) деректер базаларын иесіздендіру үшін техникалық мүмкіндіктердің болмауы;
      2) субъекті қызметінің мәні ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру болып табылатындығын растайтын құжаттарды ұсынбау: білім беру қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензия мен лицензияға қосымшалардың көшірмелері, аккредиттеу туралы куәлігі;
      3) сұралатын ақпарат жиналынбаса және мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын мәліметтер есептеулерінің негізінде алынуы мүмкін болмаса;
      4) егер сұрау салу сұралатын ақпараттың мазмұнын бір мәнде анықтауға мүмкіндік бермесе (статистикалық көрсеткіштер атауы, көрсеткіштер тізбесі, кезеңділік, аумақтық бөлініс);
      5) сұралатын ақпарат сәйкестендірілсе.

Деректер базаларын сәйкестендірілмеген
түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және
пайдалану қағидаларына     
1-қосымша             

нысан

Сәйкестендірілмеген түрінде деректер базаларын ғылыми мақсаттарда алуға және пайдалануға өтінім

_____________________________________________________________________
(жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаны іске асырушы
                            ұйымдар,
_____________________________________________________________________
                        ғылыми ұйымдар атауы)
______________________________________________________________кезеңге
(кезең, сұралатын сәйкестендірілмеген түрінде деректер базаларының
сипаттамасы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________мақсатында
(сәйкестендірілмеген түріндегі деректер базаларын пайдалану мақсатын
көрсетіңіз)

сәйкестендірілмеген түрінде деректер базаларын ұсынуды сұрайды.

_________________________________________ _______ ________
(Ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты   (қолы)  (күні)
(ол болған кезде)

                                      М.О.

Деректер базаларын сәйкестендірілмеген
түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және
пайдалану қағидаларына        
2-қосымша                 

нысан

Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде жария етпеу және оны үшінші тұлғаларға беруді шектеу туралы міндеттеме

Мен,________________________________________________________________
(заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) жеке
куәлігінің №_______________) атқаратын лауазым бойынша лауазымдық
міндеттемелері
_____________________________________________________________________
                     (заңды тұлға өкілінің лауазымы)
_____________________________________________________________________
                          (заңды тұлға атауы)
өткізу кезеңіне______________________________________________________
                     (жұмыстың сипатын көрсетіңіз)
_____________________________________________________________________
тақырыбындағы ғылыми жұмыс жүргізу кезеңіне маған сәйкестендірілмеген
түрінде деректер базалары (бұдан әрі – деректер базалары) ұсынылатыны
туралы хабардармын. Осымен:
      1. Маған жұмысты орындаумен байланысты сеніммен берілген
(берілетін) немесе белгілі болатын деректер базаларынан алынатын
ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге және бермеуге.
      2. Алмалы-салмалы жеткізгіштен деректер базаларын көшірмеуге.
      3. Үшінші тұлғалар менен деректер базаларындағы ақпаратты алуға
әрекет еткен жағдайда, бұл жөнінде дереу мемлекеттік статистика
саласындағы уәкілетті органың ведомствосына (бұдан әрі – уәкілетті
органның ведомствосы) хабарлауға.
      4. Деректер базаларынан алынатын ақпаратты пайда табу
мақсатында пайдаланбауға.
      5. Жұмыс аяқталғаннан кейін маған ұсынылған алмалы-салмалы
жеткізгіштегі деректер базаларын Актімен (2 данада) жоюға және осы
Актінің екінші данасын уәкілетті орган ведомствосының мекенжайына
жолдауға міндеттемелерді өзіме қабылдаймын.
____________________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))    (қолы)

      20__ж. «___»____________

Деректер базаларын сәйкестендірілмеген
түрінде ғылыми мақсаттарда ұсыну және
пайдалану қағидаларына        
3-қосымша                

нысан

Сәйкестендірілмеген түрінде деректер базалары бар
алмалы-салмалы жеткізгішті жою актісі

_____________________________________________________________________
                           (Ұйымның атауы)
жүргізу үшін сәйкестендірілмеген түрінде деректер базаларын ғылыми
мақсатта пайдаланғандар______________________________________________
                                 (жұмыс түрін көрсету)
_____________________________________________________________________
одан әрі сақтауға жатпайтын, сәйкестендірілмеген түрінде деректер
базасы бар алмалы-салмалы жеткізгіштегі ақпаратты жоюдың жүргізілгені
туралы
20___ ж. «___» ____________ осы Актіні жасадық.

Күні

Алмалы-салмалы жеткізгіштің сериялық нөмірі

Алынған деректер базаларының сипаттамасы

1

2

3







Алмалы-салмалы жеткізгіштердің барлығы ____________________________
                                        (цифрлармен және сөзбен)

      Алмалы-салмалы жеткізгіш (қию, демонтаждау және т.б.) арқылы
жойылды.
_____________________________________________________________________
____________________________________________  _______
(Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (қолы)   (күні)
(ол болған кезде) және лауазымы)
____________________________________________ _________
(Ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің (қолы)    (күні)
аты (ол болған кезде) және лауазымы)

                                     М.О:


Дата вступления в силу:  21.01.2016
Дата изменения акта:  18.12.2015
Дата принятия акта:  18.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 29.01.2016 ж.; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 14.03.2016 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103033000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  97950
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  778
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  005001000000 / 005015000000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК / ИЗМ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz