28.12.2015

Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 12.08.2022 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі бекітілсін.

      2. "Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 842 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12370 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1042 бұйрығымен
бекітілген

Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі

      Ескерту. Тізілімге өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.12.2017 № 420 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.04.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.08.2022 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.09.2023 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Звено

Саты

Лауазымдар атауы

А БЛОГЫ - Басқарушы персонал

А1

1

ЗТМО;
ЕҚРҒЗИ;
ӘОДҒПО;
біліктілікті арттыру курстарының (бұдан әрі – республикалық маңызы бар ММ және МҚК) басшысы

1-1

Республикалық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары

2

Облыстардың, астана, және республикалық маңызы бар қалалардың Еңбек мобильділігі орталығының;
стационарлық үлгідегі ұйымның (психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер;
психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер;
тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер;
қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер;
тәулік бойы тұру жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдар);
жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесінің;
аумақтық және оңалту орталықтарының;
қызметтерді алушылардың ұйымда ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) күндіз болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдар) (бұдан әрі – облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК) басшысы

2-1

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК басшысының орынбасары

3

Астананың, аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың Мансап орталығының; жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшелері; аумақтық және оңалту орталықтары; қызметтерді алушылардың ұйымда ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) күндіз болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдар); үйде қызмет көрсету ұйымының (үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері; қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдар); уақытша болу ұйымының (әлеуметтік бейімдеу орталықтары, қызметтерді алушыларға, оның ішінде адам саудасының құрбандарына, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға және басқаларға арналған түнде болу үйлері) (бұдан әрі – аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК) басшысы

3-1

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК басшысының орынбасары

А2

1

Республикалық маңызы бар ММ және МҚК басшысының әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі орынбасары
Республикалық маңызы бар ММ және МҚК бас бухгалтері
ЗТМО облыстық филиалының басшысы

1-1

ЗТМО облыстық филиал басшысының орынбасары
ЕҚРҒЗИ және ӘОДҒПО филиалының басшысы
Республикалық маңызы бар ММ және МҚК бас бухгалтерінің орынбасары
ЗТМО орталық аппарат департаментінің директоры
Ғалым хатшы

2

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) стационарлық үлгідегі ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысы (жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы);
Облыстардың, астана, және республикалық маңызы бар қалалардың Еңбек мобильділігі орталығының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) стационарлық, жартылай стационарлық үлгідегі және уақытша болу ұйымы директорының әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасары
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас бухгалтері
Республикалық маңызы бар ММ және МҚК бас экономисі
ЗТМО облыстық филиалының бас бухгалтері

2-1

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) стационарлық үлгідегі ұйымның құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары (жартылай стационарлық үлгідегі ұйым басшысының орынбасары)
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) стационарлық үлгідегі және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның медициналық бөлімшесінің меңгерушісі
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас бухгалтерінің орынбасары
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас экономисі

3

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның медициналық бөлімшесінің меңгерушісі
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) жартылай стационарлық үлгідегі ұйым, уақытша болу ұйымы директорының (басшысының) әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) уақытша болу ұйымы директорының әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасары
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас бухгалтері

3-1

Аудандық маңызы бар (аудандардың, облыстық маңызы бар және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Мансап орталығының сектор басшысы
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын жартылай стационарлық үлгідегі ұйым басшысының орынбасары
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас бухгалтерінің орынбасары
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас экономисі

А3

1

ЗТМО Департаменті директорының орынбасары, басқарма (орталық аппарат) басшысы
ЕҚРҒЗИ және ӘОДҒПО зертханасының және басқармасының басшысы
Республикалық маңызы бар ММ және МҚК қызмет басшысы

1-1

Республикалық маңызы бар ММ және МҚК зертхана, басқарма, қызмет басшысының орынбасары
Республикалық маңызы бар ММ және МҚК бөлімінің басшысы
Бас инженер

2

ЗТМО аудандық және қалалық филиал бөлімшесінің басшысы
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бөлімше тобының басшысы

2-1

ЗТМО қалалық бөлімше басшысының орынбасары
ЗТМО облыстық филиал бөлімінің басшысы
Аудандық маңызы (астананың, республикалық маңызы бар қаланың, аудандардың) бар Мансап орталығы бөлімінің басшысы; Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) жартылай стационарлық үлгідегі, уақытша болу және үйде қызмет көрсету бөлімінің басшысы
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК зертханасының басшысы

3

ЗТМО аудандық және қалалық бөлімшесінің бөлім басшысы
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ұйымның жартылай стационарлық үлгідегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның медициналық бөлімшесінің меңгерушісі
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі

B БЛОГЫ - Негізгі персонал

Бірінші звено В1

В1

1

Бас ғылыми қызметкер

2

Жетекші ғылыми қызметкер

3

Аға ғылыми қызметкер

4

Ғылыми қызметкер

5

Кіші ғылыми қызметкер

Денсаулық сақтау

В2

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер

В3

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: мейіргер, акушер, зертханашы, провизор (фармацевт)

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: мейіргер, акушер, зертханашы, провизор (фармацевт)

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: мейіргер, акушер, зертханашы, провизор (фармацевт)

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: мейіргер, акушер, зертханашы, провизор (фармацевт)

В4

1

Біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты мамандар: емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), мейіргер, диеталық мейіргер, фармацевт

2

Біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты мамандар: емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), диеталық мейіргер, мейіргер, фармацевт

3

Біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты мамандар: емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), диеталық мейіргер, мейіргер, фармацевт

4

Біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
Фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), мейіргер, медициналық тіркеуші, фармацевт, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, диеталық мейіргер



Білім беру

В2

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер

В3

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: тәрбиеші, логопед, психолог, дефектолог, әдіскер, зертханашы

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: тәрбиеші, логопед, психолог, дефектолог, әдіскер, зертханашы

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: тәрбиеші, логопед, психолог, дефектолог, әдіскер, зертханашы

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: тәрбиеші, логопед, психолог, дефектолог, әдіскер, зертханашы

В4

1

Біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, зертханашы

2

Біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, зертханашы

3

Біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, зертханашы

4

Біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, зертханашы

Өзге де салалар

В2

1

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маманы: жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, біліктілікті арттыру курстарының әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, Еңбек мобильділігі орталығы және Мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, сарапшы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), музыкалық жетекші, инженер-программист (негізгі қызмет)

2

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маманы: жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, біліктілікті арттыру курстарының әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, Еңбек мобильділігі орталығы және Мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, сарапшы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), музыкалық жетекші, инженер-программист (негізгі қызмет)

3

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маманы: жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, біліктілікті арттыру курстарының әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, Еңбек мобильділігі орталығы және Мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, сарапшы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), музыкалық жетекші, инженер-программист (негізгі қызмет)

4

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманы: жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, біліктілікті арттыру курстарының әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, Еңбек мобильділігі орталығы және Мансап орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, сарапшы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, медициналық-әлеуметтік сараптама жөніндегі медициналық тіркеуші, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), медициналық-әлеуметтік сараптама жөніндегі медициналық тіркеуші, музыкалық жетекші инженер-технолог, инженер-конструктор (негізгі қызмет), инженер- программист (негізгі қызмет)

В3

1

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты маманы: жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, Еңбек мобильділігі орталығы және Мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, емдік денешынықтыру жөніндегі маман, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), музыкалық жетекші

2

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты маманы: жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, Еңбек мобильділігі орталығы және Мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, емдік денешынықтыру жөніндегі маман, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), музыкалық жетекші

3

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты маманы: жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, халықты Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, Еңбек мобильділігі орталығы және Мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, емдік денешынықтыру жөніндегі маман, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), музыкалық жетекші


4

ММ және МКҚ біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, халықты Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, Еңбек мобильділігі орталығы және Мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, механик-протезист, емдік денешынықтыру жөніндегі маман, медициналық-әлеуметтік сараптама жөніндегі медициналық тіркеуші, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы) музыкалық жетекші

С БЛОГЫ - Әкімшілік персонал

С1


ММ және МҚК шаруашылық бөлiмшесiнін, дәріхананың, асхананың, шеберхананың басшысы (меңгерушісі)

С2 


Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: мұрағатшы, бухгалтер, барлық мамандықтағы инженер, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджер, экономист, заңгер, заңгер консультант, программист, аудармашы, инспектор, кадрлар жөніндегі инспектор, нұсқаушы, энергетик, кітапханашы, ТҚ инженері, азаматтық қорғаныс штабының басшысы, мемлекеттік тіл жөніндегі маман, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі маман, тестілік бақылау маманы, жинақтау бөлімінің маманы, кадрлар жөніндегі маман, статистик, референт

С3 


Біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: мұрағатшы, бухгалтер, барлық мамандықтағы инженер, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджер, экономист, заңгер консультант, программист, аудармашы, инспектор, нұсқаушы, энергетик, кітапханашы, мәдениеттанушы, кадрлар жөніндегі инспектор, барлық атаудағы техниктер, статистик, референт
Мемлекеттік орган мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшесінің: гараждың, іс-жүргізу, сақтау камерасының, кеңсенің, қазандықтың, кір жуатын орынның, қойманың, шаруашылықтың, көкөніс сақтау қоймасының басшысы

D БЛОГЫ - Қосалқы персонал

D1


Техникалық орындаушылар: архивариус, ассистент, кезекші әкімші, рұқсаттама бюросының кезекшісі, іс жүргізуші, диспетчер, кассир, комендант, әкімші, дыбыс жабдықтарына, хабар тарату техникасына, кассалық жабдыққа, дизельдік қызмет көрсету жөніндегі механик, бақылаушы, музей қараушысы, көшіру-көбейту машиналарының, жарық аппаратурасының, байланыс жүйелерінің, қауіпсіздік қызметінің, бейнежазба, дыбыс жазбасы, радио, компьютерлік техника (бағдарламалар), электрондық есептеу машиналарының, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі, диспетчерлік қызметтің операторы, күзетші, паспортшы, медициналық мейіргердің, тәрбиешінің көмекшісі, тіркеуші, хатшы, хатшы-машинист, хатшы-стенографист, оқу бөлімінің хатшысы, стенографист, экспедитор, Мансап орталығының ассистенті

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ММ – мемлекеттік мекеме

      МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

      ЗТМО – зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық

      ЕҚРҒЗИ – еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты

      ӘОДҒПО – әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы


Дата вступления в силу:  31.12.2015
Дата изменения акта:  06.09.2023
Дата принятия акта:  28.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 08.01.2016 ж.; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 14.07.2016 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103037000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  96931
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1042
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  003000000000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz