2016 жылғы республикалық бюджетте өтеуге және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстары көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 673 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 12658 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 220-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. 2016 жылғы республикалық бюджетте өтеуге және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстары көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті (А.С. Исенов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сонда-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық кіріспе құқығында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Министр                                  Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 673 бұйрығымен бекітілген

2016 жылғы республикалық бюджетте өтеуге және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстары көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесі

      1. «Астана қалалық коммуналдық шаруашылығы» акционерлік қоғам. 

                 _______________________________________