07.12.2015

"Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 тамызда «Егемен Қазақстан» № 332-333 (26176) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында:
      7-тармақтың екінші бөлігінде:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1041 - «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ», мұнда Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелер демеушілік, қайырымдылық көмектен алатын ақшаның түсімі мен оның жұмсалуы есепке алынады;»;
      отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1093 - «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің пайдалану үшін трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады, олар жалпы сипаттағы трансферттерге, нысаналы ағымдағы трансферттерге, нысаналы даму трансферттеріне, жеке тұлғаларға берілетін трансферттерге бөлінеді;»;
      9-тармақтың он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1216 - «Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуге трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», мұнда республикалық бюджеттен халыққа төлеу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің зейнетақыларды және жәрдемақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, жерлеу үшін жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер) бөлінген қаражаттар қозғалысы есепке алынады.»;
      10-тармақтың екінші бөлігінде:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1311 - «Құрылыс материалдары», мұнда құрылыс және монтаждау жұмыстары үдерісінде пайдаланылатын құрылыс материалдары есепке алынады. Құрылыс материалдарына силикат материалдары (цемент, керамзит, әк, кірпіш, қыш), күйдірілетін материалдар (қожды, керамзиттік, қыш), құрғақ құрылыс қоспалары, құрылыс металы (темір, қаңылтыр, болат, табақталған мырыш), құм, қиыршық, тас, шығылым, елек, ұсақ тас, құрылыс металы (арматура, рябица торкөзі), металл бұйымдар (шегелер, гайкалар, болттар, құрсаулау бұйымдары), шыны, пластмасса, пластикалы металл, санитариялық-техникалық материалдар (крандар, муфталар, үштіктер), су жүргізу, кәріз, жылыту, газ үшін құбырлар және монтаждау және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезінде пайдаланылатын басқа да материалдар), электротехникалық материалдар (кабель, шамдар, патрондар, роликтер, сымдар, сақтандырғыш тетіктер, оқшаулағыштар), химиялық-малу (бояу, кендір май, қарақағаз), органикалық материалдар (битумды және қарамайлы созылмалы заттар, эмульсиялар) және басқа осыған ұқсас материалдар жатады;»;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1313 - «Дәрі-дәрмектер және байлап-таңу құралдары», мұнда шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшелігі бойынша қаржыландыру жоспарында қаржы бөлу көзделген емдеу-алдын алу және емдеу-мал дәрігерлік және басқа мемлекеттік мекемелердегі дәрі-дәрмектер, құрамдық заттар, бактериялық препараттар, сарысулар, екпелер, қан, байлап-таңу құралдары, термометрлер, тонометрлер, өзге дәрілік құралдар және медициналық мақсаттағы бұйымдар есепке алынады. Бұл қосалқы шотта сондай-ақ өз дәріханалары бар медициналық мекемелердегі қосымша және дәрі жасайтын материалдар есепке алынады;»;
      жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1315 - «Отын, ЖЖМ», мұнда қоймаларда немесе қорларда (май, тасол және өзге материалдар), сондай-ақ тікелей материалды жауапты адамдарда сақталған отынның, жанар және жағар майлардың барлық түрлері (ағаш, көмір, шымтезек, бензин, керосин, мазут, қарамай, автол, тосол, нигрол, литол, антифриз, тежегіш сұйықтығы және басқа жанар-жағар май материалдары), оның ішінде жанар және жағар май материалдарына арналған төленген талондар есепке алынады;
      1316 - «Шаруашылық материалдары және кеңсе жарақтары», мұнда шаруашылық материалдары, электр желілік фильтрлер, ұзартқыштар, шыныдан немесе басқа сынатын материалдан жасалатын ыдыс, пышақтар, шанышқылар, қасықтар, гүл құмыралары, резеңке кілемшелер және кеңсе жарақтары, сондай-ақ қағаздарға арналған жайма, пластик қоржындар, органайзер, басшының үстел үсті жинағы, айналар, калькуляторлар, электр шәйнектері мен су қайнатқыштар, шелектер (пластмасса, алюминий, мырышталған, қаңылтыр), қысқаш, балға, күректер, швабралар (ағаштан, пластмассадан жасалған), балшықтан қорғайтын, жол төсеніштер, портфельдер, есепке алынады;»;
      он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «спорт киімдері және аяқ-киім және өзге де жеке қолдану заттары;
      1318 - «Қосалқы бөлшектер», мұнда машиналарда (медициналық, электронды есептеу), жабдықтарда, тракторларда, комбайндарда, көлік құралдарында (моторлар, қақпақтарды қосатын автокөліктік шиналар, камералар, жиек ленталары) тозған бөлшектерін ауыстыру және жөндеу үшін арналған қосалқы бөлшектер есепке алынады;
      1319 - «Өзге материалдар», мұнда құнына қарамастан барлық жануарлар түрлерінің төлдері және бордақылаудағы малдар, құстар, көжектер, мамық терілі аңдар, малға және басқа жануарларға арналған шөп, пішен, сұлы және басқа да жем түрлері, егілетін материалдар, тұқымдар, тыңайтқыштар, егер мемлекеттік мекемелерде жұмыс жылқылары болса, төлі (құлындары), сондай-ақ қайтарылатын немесе ауыстырылатын ыдыс (күбілер, бидондар, жәшіктер, шыны банкілер, шөлмектер және басқа да ыдыс), ақпаратты техникалық тасығыштар (флеш-карталар, дискілер, дискеттер, токендер), компьютерлік тінтуірлер, клавиатуралар, спорт іс-шараларын жүргізуге арналған тауарлар (шайбалар, доптар, шахматтар, дойбылар, үстел үсті теннисіне арналған жинақтар, бадминтонға арналған жинақтар, арнаулы шаңғылар) балалар ойындары, балалар ойындары, жалюздер, қызметтік иттерге арналған керек-жарақ, орны толтырылатын шығындары жүктеме шығыстардың құрамында құрылыс-монтаждау жұмыстарының өзіндік құнына жатқызылатын уақытша (атаусыз) құрылыстар, қосалқы жайлар мен қондырғылар, тамақтануға төленген талондар, демалыс үйлеріне, санаторийлерге, туристік базаларға төленген жолдамалар, почта аударымдарына алынған хабарламалар, почталық маркалар мен мемлекеттік баж маркалары, еңбек кітапшаларының бланкілері және алдыңғы қосалқы шоттарда қамтылмаған басқа да материалдар есепке алынады;»;
      16-тармақтың екінші бөлігінде:
      жиырма екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «компьютерлік жабдықтар - дербес компьютерлер, процессорлар, іркіліссіз қорек көздері, мониторлар, принтерлер, сканерлер және басқа компьютерлік жабдықтар;»;
      жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «өзге машиналар мен жабдықтар - жоғарыдағы топтарда аталмаған машиналар, аппараттар мен басқа да жабдықтар. Өзге машиналар мен жабдықтарға мыналар жатады: стадиондардың, спорт алаңдарының және спорт жайларының жабдықтары (оның ішінде спорт снарядтары), оқу орындарындағы кабинеттер мен зертханалардың жабдықтары, киноаппаратура, жарық беретін аппаратура, сахна жабдықтары, саз аспаптары, теледидарлар, таспалар, бейне камералар, ұялы байланыс аппараттары, пейджерлер, радиоаппаратура, ғылыми-зерттеу мемлекеттік мекемелерінің мен ғылыми жұмыспен айналысатын басқа да ұйымдардың арнайы жабдықтары, АТС жабдықтары, механикалық өрт сөндіру сатылары, кір жуатын және тігін машиналары, тоңазытқыштар, шаңсорғыштар, ауа баптағыштар, қысқа толқынды пештер және басқа машиналар мен жабдықтар, бейнетіркегіштер, автодабылдағыштар, бағыттағыштар;»:
      жиырма тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «аспаптар - механикаландырылған және механикаландырылмаған жалпы сипаттағы еңбек құралдары, сондай-ақ машиналарға бекітілген, материалдарды өңдеу үшін қолданылатын заттар. Оларға электр энергиясының, қысылған ауаның көмегімен жұмыс істейтін қолға ұстайтын механикаландырылған құралдарды (электродрелдер, бояу бүріккіштер, электр тітіркеткіштер, гайка бұрағыштар) қоса алғанда қол еңбегінің кесетін, ұратын, қысатын және тығыздайтын құралдары, сондай-ақ материалдарды өңдеуге, монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған құралдар (қыспақтар, патрондар, бөлгіш тығындар, қозғағыштарды орнатуға және автомобильдердегі кардан біліктерін айналдыруға арналған құралдар);»;
      отыз бірінші және отыз екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «шаруашылық мүкәммал - кеңсе керек-жарақтары (қабырғалық жиһаз, гарнитуралар, құрамалы жиһаздар, тумбалар, демалыс бұрышы), жылжытпалы тосқауылдар, ілгіштер, гардеробтар, әр түрлі шкафтар, дивандар, үстелдер, орындықтар, креслолар, кітап сөрелері, жанбайтын шкафтар мен жәшіктер, сейфтер, гектографтар, шапирографтар мен басқа да қолға ұстайтын көбейткіш және нөмірлегіш аппараттар, телефон аппараттары, желдеткіштер, жылжытпалы киіз үйлер, шатырлар (оттегілерінен басқа), кереуеттер (арнайы жабдығы бар кереуеттерден басқа), кілемдер, портъерлер, терезеге арналған торлар және басқа да шаруашылық мүкәммал, сондай-ақ өртке қарсы мақсаттағы заттар - гидропульттер, стендтер, қол сатылар;
      басқа да өндірістік және шаруашылық мүкәммал - рамадағы картиналар, қола мүсіндер (бюсттер), мраморлы вазалар, шамдар (люстралар, бра), мемлекеттік рәміздер, тифлоқұралдар мен сурдоқұралдар, көрнекілік насихаттау стендтері;»;
      қырық екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «өзге мүкәммал, су диспенсерлері, эмальді шелектер, кастрюльдер, табалар;»;
      37-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы кіші бөлім мынадай шотты қамтиды:
      5010 - «Күрделі салымдарды қаржыландыру».
      Осы шот мынадай қосалқы шотты қамтиды:
      5012 - «Күрделі салымдарды сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен қаржыландыру» мемлекеттік бюджеттен бөлінген күрделі салымдарды сыртқы қарыздар мен байланысты гранттардың есебінен қаржыландыруды есепке алуға арналған.»;
      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «42. 6000 «Айырбас емес операциялардан алынатын кірістер» кіші бөлімі айырбас емес операциялардан алынған кірістерді (баламалы құнына айырбастау ретінде тікелей берместен алынған кірістерді) есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттарды қамтиды:
      6010 - «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер», республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша, басқа бюджеттер есебінен жеке қаржыландыру жоспары бойынша мемлекеттік мекемені ұстауға және оның ағымдағы қызметіне арнап алынған қаржыландырудан түсетін кірісті тануға арналған;
      6020 - «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер», бюджеттік қаржыландыру есебінен күрделі салымдарды қаржыландырудан түскен кірісті тануға арналған;
      6030 - «Трансферттер бойынша кірістер», мемлекеттік мекеменің алынған трансферттер бойынша кірісін тануға арналған;
      6040 - «Субсидияларды төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер», алынған субсидиялар бойынша мемлекеттік мекеменің кірістерді тануына арналған;
      6050 - «Демеушілік және қайырымдылық көмектен алынатын кірістер», демеушілік және қайырымдылық көмек кірістері түрінде алынған активтерді тануға арналған;
      6060 - «Гранттар бойынша кірістер», мемлекеттік мекеменің донордан алған қайтарылмайтын гранттар сомасын есепке алуға арналған;
      6070 - «Сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырудан түскен кірістер», сыртқы қарыздар түсімдерінен түскен кірістерді тануға арналған;
      6080 - «Айырбас емес операциялардан алынатын өзге кірістер», бюджетке басқа да өтеусіз түсімдерден түсетін кірістерді тануға арналған;
      6090 - «Бюджет қаражатының қалдықтарын қайтару», бұрын мемлекеттік мекеме қаржыландырудан түсетін кірістер ретінде таныған, қаржы жылының аяғында қалған бюджет қаражатының қалдықтары сомасының қайтарылуын көрсетуге арналған.»;
      45-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6320 - «Ұзақ мерзімді активтердің шығуынан алынатын кірістер», активтердің (негізгі құралдар, биологиялық активтер, инвестициялық жылжымайтын мүлік және материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары) шығуынан алынатын кірістерді есепке алуға арналған.»;
      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «49. 7200 «Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар» кіші бөлімі бюджеттік төлемдер бойынша шығыстарды есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттарды қамтиды:
      7210 - «Трансферттер бойынша шығыстар», нысаналы трансферттер, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің қызметкері болып табылмайтын жеке тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша шығыстарды есепке алуға арналған;
      7220 - «Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша шығыстар», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу жөніндегі шығыстарын есепке алуға арналған;
      7230 - «Субсидиялар бойынша шығыстар», субсидиялар бойынша шығыстарды, оның ішінде шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарға субсидиялар беру бойынша шығыстарды есепке алуға арналған;
      7240 - «Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша шығыстар», Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүргізілетін субвенциялар мен алып қоюлар бойынша шығыстарды есепке алуға арналған.»;
      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53. Баланстан тысқары шоттарда мемлекеттік мекемелерде уақытша орналасқан және оған жатпайтын құндылықтар есепке алынады. Баланстан тыс шоттарда есепке алынған активтер баланста есепке алынған ұқсас активтер үшін белгіленген тәртіпте және белгілі бір мерзімде түгенделеді.
      Көрсетілген активтер есебін жүргізу үшін келісі баланстан тыс шоттар қолданылады:
      01 «Жалға алынған активтер» шоты. Бұл шотта келісім-шарт бойынша бөгде ұйымнан ағымдағы жалға беру-алу үшін келісім-шартта көрсетілген құн бойынша қабылданған активтер есепке алынады;
      02 «Жауаптылықпен сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар» шоты. Бұл шотта келісім-шарт бойынша ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды орындау үшін алынған арнаулы жабдықтарды қоса, мемлекеттік мекеме жауаптылықпен сақтауға қабылдаған қорлар есепке алынады;
      03 «Қатаң есептілік бланкілері» шоты. Осы шотта сақтаудағы және есепке берілетін қатаң есептілік бланкілері есепке алынады;
      04 «Төлеуге қабілетсіз дебиторлардың есептен шығарылған берешегі» шоты. Бұл шотта борышкерлердің мүліктік жағдайы өзгерген жағдайда оны өндіріп алу мүмкіндігін бақылау үшін баланстан есептен шығарған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіріп алуға үмітсіз деп танылған сәттен бастап бес жыл ішінде төлем қабілеті жоқ дебиторлардың берешегі есепке алынады. Бұл берешектерді өтеуге алынған сомалар баланстық шотта қайта қалпына келтіріледі және тиісті бюджеттің кірісіне беру бойынша мемлекеттік мекеменің бюджет алдындағы міндеттемесі ретінде танылады;
      05 «Қайтарылмаған материалдық құндылықтар үшін оқушылар мен студенттердің берешегі» шоты. Бұл шотта оқушылар мен студенттердің талап ету мерзімі ішінде олар қайтармаған киім-кешектері, іш киімдері, құрал-саймандары және басқа да құндылықтары үшін берешегі есепке алынады;
      06 «Ауыспалы спорт жүлделері мен кубоктары» шоты. Бұл шотта әр мемлекеттік мекемелер белгілеген және олардан алынатын жеңімпаз командаларды марапаттау үшін ауыспалы сыйлықтар, тулар, кубоктар есепке алынады. Сыйлықтар, тулар, кубоктар осы бюджеттік ұйымда тұрған барлық кезеңнің ішінде есепке алынады;
      07 «Жолдамалар» шоты. Бұл шотта қоғамдық, кәсіподақ және басқа ұйымдардан қайтарусыз алынған жолдамалар есепке алынады. Жолдамалар ақша құжаттарымен бірге кассада сақталуы керек;
      08 «Әскери техниканың оқулық құралдары». Бұл шотта тирлерде, спорттық оқ ататын алаңдарда, оқу орындарының әскери тәртіп кабинеттерінде орналасқан жабдықтар мен заттардың барлық түрлері есепке алынады;
      09 «Мәдени мұра активтері» шоты. Бұл шотта тарихи ғимараттар және монументтер, археологиялық қазбалардың орындары, қорықтар және табиғи қорғалатын аумақтар, сонымен қатар мәдени мұра объектісі ретінде танылған құндық бағалауға ұшырамаған өнер туындылары есепке алынады.»;
      54-тармақтың бірінші бөлігі алып тасталсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шоттар жоспарының 1-қосымшада:
      «5 «Таза активтер/капитал» деген бөлімде:
«


5011

Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру

                                                                    »
      деген жол алып тасталсын;
      «7 - «Шығыстар» деген бөлімде:
«

7240


Субвенциялар төлеу бойынша шығыстар

                                                                    »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

7240


Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша шығыстар

                                                                   »;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шоттар жоспарының 2-қосымшасы алып тасталсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шоттар жоспарының 3-қосымшада:
      реттік нөмірлері 3, 4, 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«

3

Бюджеттік шоттарға мемлекеттік мекеменің күрделі салымдарына қаржыландырулардың түсуі

1082 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1092 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

6020 Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер

4

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттен трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындауларды алуы

1084 Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1093 Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

6030 Трансферттер бойынша кірістер

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджетті атқару жөніндегі төмен тұрған уәкілетті органға трансферттерін аударуы

1212 Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1213 Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1084 Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1093 Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

Төмен тұрған бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органның есебі негізінде нысаналы трансферт бойынша жүргізілген шығыстарды есептен шығаруы

7210 Трансферттер бойынша шығыстар

1212 Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1213 Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

Төмен тұрған бюджеттің есепті жыл аяғында пайдаланылмаған трансферттер сомасына кредиторлық берешекті есептеуі

7120 Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар

3133 Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек

5

Ағымдағы жылы төмен тұрған бюджеттерден пайдаланылмаған трансферт сомаларын қайтарып алу

1084 Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1093 Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

1212 Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1213 Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

6

Келесі жылы жоғары тұрған бюджетке пайдаланылмаған трансферт сомаларын қайтару

3133 Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек

1093 Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

                                                                   »;
      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

18

Жыл аяғында күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындауларды жабу

6090
Қаржыландыруды бюджетке қайтару

1082 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1092 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

                                                                   »;
      реттік нөмірі 33-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

33

Айқындалған жетіспеушілік нәтижесінде кассадағы ақшалай қаражатты қызметтік тергеу аяқталғанға дейін есептен шығару

1280 Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер

1010 Кассадағы ақша қаражаты

Жетіспеушілікті кінәлі тұлғаның есебінен өндіруді есепке алу

1262 Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1280 Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер

                                                                   »;
      реттік нөмірі 59-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

59

Берілген кредит сомасына берешекті көрсету

1110 Қысқа мерзімді берілген қарыздар

1081 Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1091 Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

                                                                   »;
      реттік нөмірлері 79 және 80-жолдар алып тасталсын;
      реттік нөмірі 99-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

99

Сыйақылар есептеу (берілген қарыздар, жалға берілген активтер бойынша)

1250 Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар

6210 Сыйақылар бойынша кірістер

Бюджетке тиесілі сыйақылар бойынша кірістер сомасына бір уақытта екінші жазу беру

7120 Бюджетпен есеп айырысулар бойынша шығыстар

3133 Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық бере

                                                                   »;
      реттік нөмірлері 149 және 150-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«

149

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларын сатып алуы

2120 Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары

1082 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1092 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

150

Квазимемлекеттік сектордың субъектілерінің жарғылық қорын толтыру

2120 Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары

1082 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1092 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

                                                                   »;
      реттік нөмірлері 158 және 159-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«

158

Бюджеттен күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындауларды алу

1082 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1092 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

6020 Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер

159

Ұзақ мерзімді активтерді сатып алу

2310-2380 Негізгі құралдар
2410 Аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар
2510 Инвестициялық жылжымайтын мүлік
2600 Биологиялық активтер
2710 Материалдық емес активтер

3210 Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

                                                                   »;
«

2.2.2. Өткен кезеңдерде бюджеттік қаржыландыру есебінен сатылып алынған ұзақ мерзімді активтерді бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бағыныштағы мемлекеттік мекемеден алу

                                                                    »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

2.2.2. Мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдардан ұзақ мерзімді активтерді өтеусіз алу

                                                                   »;
      реттік нөмірі 164-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

164

Ұзақ мерзімді активтердің теңгерімдік құнын кіріс есебіне алу

2310-2380 Негізгі құралдар
2510 Инвестициялық жылжымайтын мүлік
2600 Биологиялық активтер
2710 Материалдық емес активтер
2411 Аяқталмаған құрылыс

6330 Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер

Одновременно осуществляется вторая запись на принятие накопленной амортизации по полученным долгосрочным активам

2320-2380 Основные средства
2510 Инвестиционная недвижимость
2710 Нематериальные активы

2391 Накопленная амортизация основных средств
2521 Накопленная амортизация инвестиционной недвижимости
2721 Накопленная амортизация нематериальных активов

                                                                   »;

 
«

2.2.3. Басқа мемлекеттік мекемеден түскен өткен кезеңдерде ақылы қызметтер, демеушілік пен қайырымдылық көмек есебінен сатылып алынған ұзақ мерзімді активтерді есепке алу

                                                                    »
      деген жол алып тасталсын;
      реттік нөмірі 165-жол алып тасталсын;

«

2.2.6.1. Бюджеттік қаржыландыру есебінен сатып алынған ұзақ мерзімді активтердің амортизациясын есептеу

                                                                    »
      деген жол алып тасталсын;
      реттік нөмірі 176-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

176

Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясын есептеу

7110 Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар

2391 Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы
2521 Инвестициялық жылжымайтын мүліктің жинақталған амортизациясы
2721 Материалдық емес активтердің жинақталған амортизациясы

                                                                   »;

«

2.2.6.2. Ақылы қызметтер, демеушілік пен қайырымдылық көмек есебінен сатып алынған ұзақ мерзімді активтердің амортизациясын есептеу

                                                                    »
      деген жол алып тасталсын;
      реттік нөмірі 177-жол алып тасталсын;
«

2.2.8. Өткен кезеңдерде бюджеттік қаржыландыру есебінен сатылып алынған ұзақ мерзімді активтерді есептен шығару

                                                                    »
      жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

2.2.8. Ұзақ мерзімді активтерді есептен шығару

                                                                   »;
      реттік нөмірі 181-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

181

Шығындалған ұзақ мерзімді активтердің баланстық құнын есептен шығару

7420 Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар

2310-2380 Негізгі құралдар
2510 Инвестициялық жылжымайтын мүлік
2600 Биологиялық активтер
2710 Материалдық емес активтер
2410 Аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар

Шығындалған ұзақ мерзімді активтердің амортизациясын есептен шығару

2391 Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы
2521 Инвестициялық жылжымайтын мүліктің жинақталған амортизациясы
2721 Материалдық емес активтердің жинақталған амортизациясы

2310-2380 Негізгі құралдар
2510 Инвестициялық жылжымайтын мүлік
2710 Материалдық емес активтер

Өткен кезеңдерде құнсыздануға резерв жасалған болса, онда шығындалған ұзақ мерзімді активтерге қатысты сомасы есептен шығарылады

2392 Негізгі құралдардың құнсыздануына резерв
2522 Инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнсыздануына резерв
2632 Биологиялық активтердің құнсыздануына резерв
2722 Материалдық емес активтердің құнсыздануына резерв

7440 Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар

                                                                   »;

«

2.2.9. Өткен кезеңдерде бюджеттік қаржыландыру есебінен сатылып алынған ұзақ мерзімді активтерді басқа мемлекеттік мекемеге беру (бір жүйенің ішінде)

                                                                    »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

2.2.9. Ұзақ мерзімді активтерді басқа мемлекеттік мекемелерге беру

                                                                   »;
      реттік нөмірі 184-жол алып тасталсын;
«

2.2.10. Өткен кезеңдерде бюджеттік қаржыландыру есебінен сатылып алынған ұзақ мерзімді активтерді жарамсыздығы салдарынан есептен шығару

                                                                    »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

2.2.10. Тозығы жеткен ұзақ мерзімді активтерді есептен шығару

                                                                   »;
      реттік нөмірі 186-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

186

Списание балансовой стоимости долгосрочных активов, пришедших в негодность

7420 Расходы по выбытию долгосрочных активов

2320-2380 Основные средства
2510 Инвестиционная недвижимость
2600 Биологические активы
2710 Нематериальные активы
2410 Незавершенное строительство и капитальные вложения

Списание накопленной амортизации долгосрочных активов, пришедших в негодность

2391 Накопленная амортизация основных средств
2521 Накопленная амортизация инвестиционной недвижимости
2721 Накопленная амортизация нематериальных активов

2320-2380 Основные средства
2510 Инвестиционная недвижимость
2710 Нематериальные активы

При наличии ранее начисленного резерва от обесценения осуществляется его списание по выбывшим долгосрочным активам

2392 Резерв на обесценение основных средств
2522 Резерв на обесценение инвестиционной недвижимости
2632 Резерв на обесценение биологических активов
2722 Резерв на обесценение нематериальных активов

7440 Расходы от обесценения активов

                                                                   »;
«

2.2.11.Өткен кезеңдерде ақылы қызметтер, демеушілік пен қайырымдылық көмек есебінен сатылып алынған ұзақ мерзімді активтерді есептен шығару

                                                                    »
      жол алып тасталсын;
      реттік нөмірлері 189, 190, 191 және 192 алып тасталсын;
«

2.2.12. Ведомствоаралық есеп айырысулар бойынша өзге мемлекеттік мекемелерге беру уақытында өткен кезеңдерде ақылы қызмет, демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен сатып алынған ұзақ мерзімді активтерді есептен шығару

                                                                    »
      жол алып тасталсын;
      реттік нөмірі 193-жол алып тасталсын;
«

2.2.13. Қолдануға келмейтін өткен кезеңдерде ақылы қызмет, демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен сатып алынған ұзақ мерзімді активтерді есептен шығару

                                                                    »
      жол алып тасталсын;
      реттік нөмірілері 194 және 195-жолдар алып тасталсын;
      196-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

196

Жойылған негізгі құралдардың баланстық құнын есептен шығару

7420 Активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар

2320-2380 Негізгі құралдар

Жойылған негізгі құралдар бойынша жинақталған амортизацияны есептен шығару

2391 Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы

2320-2380 Негізгі құралдар

Активтерді жою туралы алынған: сатуға және бюджеттің кірісіне есептеуге жататын материалдардың құнын кіріске алу

1319 Өзге материалдар

6360 Өзге кірістер

                                                                   »;
      реттік нөмірі 201-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

201

Жойылған негізгі құралдардың баланстық құнын есептен шығару

7420 Активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар

2320-2380 Негізгі құралдар

Жойылған негізгі құралдар бойынша жинақталған амортизацияны есептен шығару

2391 Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы

2320-2380 Негізгі құралдар

Активтерді жою туралы алынған: сатуға және бюджеттің кірісіне есептеуге жататын материалдардың құнын кіріске алу

2392 Негізгі құралдардың құнсыздануына резерв

7440 Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар

                                                                   »;
      реттік нөмірлері 204 және 205-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«

204

Жетіспеушілігі анықталған негізгі құралдар бойынша баланстық құнын есептен шығару

7420 Активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар

2320-2380 Негізгі құралдар

Жетіспеушілігі анықталған негізгі құралдар бойынша жинақталған амортизацияны есептен шығару

2391 Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы

2320-2380 Негізгі құралдар

Өткен кезеңдерде құнсыздануға есептелген резерв болған жағдайда ұзақ мерзімді активтер қатардан шығарылған кезде жабылуы керек

2392 Негізгі құралдардың құнсыздануына резерв

7440 Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар

205

Жетіспейтін негізгі құралдар бойынша ұзақ мерзімді активтердің теңгерімдік құнын есептен шығару

7420 Активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар

2320-2380 Негізгі құралдар
2510 Инвестициялық жылжымайтын мүлік
2600 Биологиялық активтер
2710 Материалдық емес активтер

Ұзақ мерзімді активтердің жинақталған амортизациясын есептен шығару

2391 Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы
2521 Инвестициялық жылжымайтын мүліктің жинақталған амортизациясы
2721 Материалдық емес активтердің жинақталған амортизациясы

2320-2380 Негізгі құралдар
2510 Инвестициялық жылжымайтын мүлік
2710 Материалдық емес активтер

Өткен кезеңдерде құнсыздануға есептелген резерв болған жағдайда ұзақ мерзімді активтер қатардан шығарылған кезде жабылуы керек

2392 Негізгі құралдардың құнсыздануына резерв
2522 Инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнсыздануына резерв
2632 Биологиялық активтердің құнсыздануына резерв
2722 Материалдық емес активтердің құнсыздануына резерв

7440 Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар

                                                                   »;
      реттік нөмірі 210-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

210

Жетіспеушілігі анықталған ұзақ мерзімді активтер бойынша баланстық құнын есептен шығару

7420 Активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар

2320-2380 Негізгі құралдар
2510 Инвестициялық жылжымайтын мүлік
2600 Биологиялық активтер
2710 Материалдық емес активтер

Жетіспеушілігі анықталған ұзақ мерзімді активтер бойынша жинақталған амортизацияны есептен шығару

2391 Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы
2521 Инвестициялық жылжымайтын мүліктің жинақталған амортизациясы
2721 Материалдық емес активтердің жинақталған амортизациясы

2320-2380 Негізгі құралдар
2510 Инвестициялық жылжымайтын мүлік
2710 Материалдық емес активтер

Өткен кезеңдерде құнсыздануға есептелген резерв болған жағдайда ұзақ мерзімді активтер қатардан шығарылған кезде жабылуы керек

2392 Негізгі құралдардың құнсыздануына резерв
2522 Инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнсыздануына резерв
2632 Биологиялық активтердің кұнсыздануына резерв
2722 Материалдық емес активтердің құнсыздануына резерв

7440 Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар

                                                                   »;
      реттік нөмірі 237 мынадай редакцияда жазылсын:
«

237

Материалдық құндылықтар, жабдықтар, өзге активтер (орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер) үшін көрсетілген шоттарға сәйкес сомаларды өнім берушілерге (мердігерге) аудару

3210 Өнім берушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

1081 Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1091 Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1082 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1082 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1042 Ақылы қызметтер ҚБШ
1044 Жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ
1045 Нысаналы қаржыландыру ҚБШ

                                                                   »;
      реттік нөмірлері 239 және 240-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

239

Аяқталмаған құрылыс объектілерін (үйлерді және ғимараттарды) бір мемлекеттік мекеменің иелігінен екінші мекеменің иелігіне беру (күрделі құрылыс жоспарларын, қаржыландыруға және жобалық-сметалық құжаттарды бере отырып) жөніндегі есеп айырысулар

7420 Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар

2411 Аяқталмаған құрылыс

240

Аяқталмаған құрылыс объектілерін беру актісі бойынша бір мемлекеттік мекеменің балансынан екіншісінің балансына қабылдау

2411 Аяқталмаған құрылыс

6330 Активтерді өтеусіз алудан түсетін табыстар

                                                                   »;
      реттік нөмірлері 308 және 309-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«

308

Күрделі салымдарды қаржыландырудың бюджеттен түсуі

1082 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1092 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

6020 Күрделі салымдарды қаржыландырудан түсетін түісім

309

Ұзақ мерзімді активтерге амортизация есептелді

7110 Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар

2391 Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы
2521 Инвестициялық жылжымайтын мүліктің жинақталған амортизациясы
2721 Материалдық емес активтердің жинақталған амортизациясы

                                                                   »;
      реттік нөмірі 312-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

312

Жылдың аяғында күрделі салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындауларды жабу

6090 Бюджет қаражатының қалдықтарын қайтару

1082 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1092 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

                                                                   »;
      реттік нөмірі 326-жол алып тасталсын;
      реттік нөмірлері 332 и 333-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«

332

Ұзақ мерзімді активтерді өтеусіз алу

2310-2380 Негізгі құралдар
2510 Инвестициялық жылжымайтын мүлік
2600 Биологиялық активтер
2710 Материалдық емес активтер

6330 Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер

333

Жыл аяғында міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар жабу

6090 Қаржыландыруды бюджетке қайтару

1081 Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары
1091 Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары
1082 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1092 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1083 Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1084 Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1093 Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1085 Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1094 Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

                                                                   »;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 355-1-жолмен толықтырылсын:
«

355-1

Жалпы сипаттағы трансферттерді есептен шығару

7240 Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша шығыстар

1084 Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар
1093 Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

                                                                   »;
      реттік нөмірі 386-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірлері 395, 396 және 397-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«

395

Күрделі салымдар мақсаттары үшін бір уақытта қаржыландыру сомасына

6060 Гранттар бойынша кірістер

5011 Күрделі салымдарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру

396

Қайтарымды негіздегі ішкі кредиттеу мақсаттары үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің жоспарлы тағайындауларының сомасына

1080 Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары
1090 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары

6010 Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер

397

Берілген кредиттер сомасына

1110 Қысқа мерзімді берілген қарыздар
2110 Ұзақ мерзімді берілген қарыздар

1081 Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары
1091 Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары

Бюджетпен есеп айырысу бойынша берешектің есептелген сомасына бір уақытта

7120 Бюджетпен есеп айырысулар бойынша шығыстар

3133 Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек
4130 Бюджет алдындағы ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

                                                                   »;
      реттік нөмірі 410-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

410

Амортизацияны есептеу

7110 Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар

2390 Жиналған амортизация және негізгі құралдардың құнсыздануы (концессия шарттары бойынша)

                                                                   »;
      реттік нөмірі 417-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

417

Амортизацияны есептеу

7110 Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар

2390 Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы мен құнсыздануы (концессиялық шарттар бойынша)

                                                                   ».

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаменті (М.Б. Әділханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы Министрі                                     Б.Сұлтанов


Дата вступления в силу:  29.12.2015
Дата изменения акта:  07.12.2015
Дата принятия акта:  07.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 26.01.2016 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103002000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  96817
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  620
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  006010000000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК / ИЗМ / ДОП
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz