30.11.2015

Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларын бекіту туралы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабының 36) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарының назарына жеткізуді;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 22 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 909 бұйрығымен бекітілген

Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабының 36) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібін айқындайды.

      3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жұмыс берушінің қызметін декларациялау – одан келіп түскен өтініштің негізінде жұмыс берушінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының тиісті талаптарына сәйкес келетін қызметін тану рәсімі;

      2) жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      4) кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктері – аудан, қала, облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана деңгейіндегі кәсіподақтар бірлестігі;

      5) кәсіподақ органы – кәсіподақ жарғысына сәйкес құрылған басқару органы;

      6) өрескел бұзушылықтар – қызметкердің еңбек ету қабілетінен уақытша немесе тұрақты айрылуына әкеп соққан еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша заңнаманы бұзушылықтар, өндірістегі жазатайым оқиғалаларды тергеп-тексеруді және есепке алуды жүргізбеу, сонымен қатар жұмыс уақыты және демалу уақыты тәртібін сақтамау;

      7) мемлекеттік еңбек инспекторлары – облыстың, мемлекеттік маңызы бар қаланың, астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының лауазымды тұлғалары.

      4. Жұмыс берушілердің декларациялауға қатысу шарты олардың қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі болып табылады.

2-тарау. Жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібі"

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жұмыс берушінің қызметін декларациялауды еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.

      6. Жұмыс беруші "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы жеке кабинетінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы бойынша жұмыс берушінің қызметі туралы өтінім-декларация (бұдан әрі – декларация) толтырады және оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігінің "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ұйымның орналасқан жері бойынша еңбек инспекциясы бойынша жергілікті органға жібереді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. "Еңбек инспекциясы бойынша жергілікті орган декларация қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды. Жұмыс беруші "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы жеке кабинетінде қабылданған шешім туралы хабарлама алады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс беруші қызметінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешімді еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган құрған жұмыс берушінің қызметін декларациялау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) ұсынымы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган қабылдайды.

      9. Комиссия құрамына міндетті түрде еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның, жұмыс берушілердің өңірлік бірлестігінің және кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің өкілдері кіреді.

      Комиссия отырысына жұмыс берушінің өкілдері қатыса алады.

      10. Алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік еңбек инспекторлары бару нәтижелері бойынша жұмыс беруші қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды (ақпарат) жасайды, ол комиссия қарауына шығарылады.

      12. Қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сай деп танылған жұмыс берушілерге олардың қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес келетіні туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге Сенім сертификаты тапсырылады.

      13. Сенім сертификаты еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылауды қалыптастырған кезде ескеріледі.

      Сенім сертификатының иегері – жұмыс берушіге қатысты барып профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Сенім сертификатын беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) жұмыс беруші қызметі параметрлерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) декларация берілген күнге дейін бір жыл ішінде орын алған еңбек заңнамасының өрескел бұзушылықтары;

      3) декларация берілген күнге дейін бір жыл ішінде орын алған, еңбек қызметімен байланысты өндірістегі ауыр немесе адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар.

      15. Жұмыс беруші Сенім сертификатын алған сәттен бастап үш жылдың ішінде еңбек заңнамасын өрескел бұзған жағдайда, Сенім сетификатының күші жойылады.

      16. Сенім сертификатының күшін жою туралы шешімді еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган комиссияның ұсынымы бойынша қабылдайды және оны қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге жолдайды.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 № 345 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган жұмыс берушінің қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келетіні және Сенім сертификатының күшін жою туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жұмыс берушілер - Сенім сертификатының иегерлері туралы мәліметтер ұсынады.

      Жұмыс берушілер - Сенім сертификатының иегерлері туралы ақпарат жұмыс берушілер - Сенім сертификатының иегерлері туралы мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      18. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның шешімімен келіспеген кезде жұмыс беруші сот тәртібінде шағымдана алады.

  Жұмыс берушінің қызметін
декларациялау қағидаларына 1 қосымша

      Еңбек инспекциясы жөніндегі органға

      ______________________________________

      (облыс атауы, Астана, Алматы қалалары)

Қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша
жұмыс берушінің қызметі туралы
өтініш-декларация

      1. __________________________________________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы, заңды мекен-жайы)

      _____________________________________________________________________

      2. Қызмет түрі ______________________________________________________

      3. Қызметкерлер саны ____________ адам

      4. Осымен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарын сақтау

      туралы хабарлаймыз:

Р/с №

Еңбек заңнамасы талаптарының мазмұны

Декларация (ия/жоқ)

1.

Барлық қызметкерлермен еңбек шарттары жасалды.
Еңбек шартын жасағанда шектеулер сақталады


2.

Еңбек тәртібінің қағидалары бекітілді (бекіту күні) және қолданысқа енгізілді


3.

Ағымдағы жылға қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының кестесі бекітілді, ал оның өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі еңбек демалысының басталуына дейін кем дегенде екі апта қалғанда қызметкерге хабарлау арқылы жүзеге асырылады.
Қатарынан екі жыл бойы қызметкерге еңбек демалысын немесе оның бөлігін бермеу, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан заңсыз шақырып алу жағдайлары жоқ


4.

Жалақы белгіленген мерзімде толық мөлшерде төленеді. Қызметкерге тиесілі өтемақы төлемдерін, оның ішінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу сомасын төлеуде берешек немесе кешіктіру жоқ


5.

Зейнетақылық және әлеуметтік аударымдар, қызметкерлерді еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан сақтандыру жүзеге асырылады


6.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс және демалыс тәртібі сақталады.
Мерзімнен тыс жұмыстарға, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыстарға заңсыз тарту жағдайлары жоқ


7.

Өндіріс ұйымдарындағы, оның ішінде қайта құру, жұмыс көлемін қысқарту және адам санын немесе штатты қысқарту кезіндегі өзгерістерге байланысты жұмыс беруші қызметкерді бір ай бұрын жазбаша ескертеді


8.

Тәртіптік жауапкершілікке заңсыз тарту фактілері жоқ


9.

Еңбек шартын заңсыз бұзу фактілері жоқ


10.

Өндірісте жазатайым оқиғалар жоқ


11.

Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерге белгіленген мерзімде аттестаттау жүргізілді


12.

Еңбекті қорғау қызметі бар (еңбекті қорғау жөніндегі маманның лауазымы)


13.

Ұйымдардағы жетекші қызметкерлер және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өтті


14.

Барлық жұмыстар мен кәсіптер үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірленді және бекітілді


15.

Қызметкерлер еңбек жағдайлары бойынша ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілді


16.

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге бекітілген норма бойынша уақтылы сүт немесе емдік-профилактикалық тағам тегін беріледі


17.

Еңбекті қорғау жөніндегі басқару жүйесі бойынша ұлттық стандарттар енгізілді


18.

Ауыр жұмыстарда, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерді мерзімдік медициналық тексерулер жүргізіледі


19.

Еңбекті қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды қаржыландыру жүзеге асырылуда


20.

Өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметі және жабдықтың, механиздердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес келеді



      5. Сенім сертификатын беруіңізді сұраймын. Қызмет параметрлерінің

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігін

      тексеру үшін мемлекеттік еңбек инспекторларының баруына келісім

      беремін.

      Жұмыс беруші _______ _______________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Кәсіподақ органының төрағасы

      _______________ _______ _______________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде )
20__ жылғы "___" ________
Қосымша 2
Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларына




Дата вступления в силу:  29.12.2015
Дата изменения акта:  28.08.2020
Дата принятия акта:  30.11.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 31.12.2015 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103037000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  96947
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  909
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  002016000000
Форма акта:  ПРАВ / ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz