"Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 681 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12589 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10142 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпандағы № 38 (28516) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларын бекіту туралы»;
      бұйрықтын 1-тармағы мынадай редацияда жазылсын:
      «1. Қоса берілген Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидасында:
      атауы мынадай редацияда жазылсын:
      «Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидалары»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беру қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңы (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес әзірленген.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қағидалары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қағидаларда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Контрагенттерді осы Қағидалардың шарттарына сәйкес мұнай өнімдерін беру аясында мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бөлшек саудада өткізу түрінде жүзеге асырылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бірыңғай операторға мұнай өнімдерін берудің алдағы жоспарлы жылына дейінгі жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей осы Қағидалармен көзделген Инкотермс-2010 базистік беру жағдайлары шегінде айлар, Қазақстан Республикасы аумағында беру орындары мен тұтыну көлемдеріне бөліп көрсете отырып, контрагенттер алдағы күнтізбелік жылға жоспарланған қажеттілік туралы мәліметтерді береді.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Мұнай өнімдерін берудің келесі түрлері қарастырылады:
      1) бензинді, дизель отынын жанар-жағар май құю станциясынан талон немесе карточка жүйесі бойынша беру.
      Бензинді және дизель отынын талон жүйесі бойынша беруді бірыңғай оператор мен контрагент арасында бірыңғай оператордың ЕХW-абоненттік секторы (Инкотермс - 2010) талаптарында жасасқан шартқа сәйкес белгіленген көлемі мен номиналында бірыңғай оператор контрагентке талондарды беру арқылы жүзеге асырылады. Белгілі бір атауы мен көлемінде, талонның номиналына сәйкес келетін мұнай өнімдерін алуды талон иелері талондардың жарамдылық мерзімі ішінде шарттың талаптарына сәйкес жанар-жағар май құю станцияларынан оларға талондарды беру кезінде жүзеге асырылады.
      Карта жүйесі бойынша бензин мен дизель отынын беру бірыңғай оператордың ЕХW-абоненттік секторы (Инкотермс - 2010) талаптарында, сондай-ақ жасасқан шарттың өзге талаптарында бірыңғай оператордың контрагентке отын карталарын уақытша өтеусіз пайдалануға тапсыру арқылы жүзеге асырылады. Карта жүйесі бойынша сатып алынатын мұнай өнімдері атауының көлемі шартпен белгіленген тәртіпте контрагент беретін отын картасын толықтыруға берілген өтінім негізінде отын картасына аударылады. Белгілі бір атауы мен отын картасына аударылған көлемнен аспайтын көлемде мұнай өнімдерін алуды отын картасының иелері шарттың талаптарына сәйкес жанар-жағар май құю станциясында олардың отын карталарын ұсыну кезінде жүзеге асырады.
      Талондар мен отын карталары Қазақстан Республикасының барлық аумағында күнтізбелік тоқсан ішінде қолданылады. Талондардың жарамдылық мерзімі және отын карталарын толықтыру мерзімі күнтізбелік тоқсан күннен кем емес кезеңге ұзартылуы мүмкін;
      2) бензинді, дизель отынын құю арқылы контрагенттің мұнай өнімдерін сақтау қоймасынан беру.
      Бензинді, дизель отынын мұнай өнімдері базасынан құю арқылы беру кезінде контрагенттер осы Қағидалардың 8-тармағында қарастырылған мерзімде бірыңғай операторға ұсынады;
      3) мазутты бірыңғай оператордың және (немесе) Контрагенттің мұнай өнімдерін сақтау қоймасына (мұнай өнімдері базасы/резервуар) беру.
      Мазутты беру контрагенттердің өтінімдері негізінде жүзеге асырылады, олар осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген мерзімде беріледі;
      4) дизель отынын бункерлеу арқылы беру.
      Дизель отынын кемелерді (әскери кемелерді) бункерлеу арқылы беру Каспий теңізінің акваториясында жүзеге асырылады. Дизель отынын бункерлеу арқылы беру кезінде контрагенттер бірыңғай операторға осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген мерзімде өтінімді ұсынады;
      5) авиациялық отынды құю арқылы беру.
      Бірыңғай оператор мен контрагент арасында жасасқан шартпен көзделген талаптарда бірыңғай оператор сақтау базасынан авиациялық отынды құю арқылы беруді жүзеге асырады.
      Құю арқылы берген кезде, контрагенттер бірыңғай операторға беру базисін көрсете отырып, тиеп-жөнеліудің болжанған күніне дейін кемінде 20 жұмыс күні бұрын өтінімді ұсынады.
      Контрагенттің сақтау базасына авиациялық отынды беру кезінде контрагент іс жүзінде берілген авиациялық отынның өтінім білдірілген көлемінен ықтимал ауытқушылықты авто- және/немесе теміржол цистерналарының калибрлеу нормалары шегінде қабылдайды. Сонымен қатар, толық берілмеген көлем тоқсанның (жартыжылдықтың, жылдың) қорытындысы бойынша бірыңғай өтінімге келтіріледі және шарттың талаптарына сәйкес берілуі тиіс;
      6) авиациялық отынды әуе кемесіне құю арқылы беру.
      Бірыңғай оператор әуе кемелеріне құюды Қазақстан Республикасының әуежайларында «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-45) тармақшасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың, құюға беруге дайындаудың және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. Өтінімді ұсыну мерзімі шарттармен анықталады.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Осы Қағидаларда көзделген жағдайларда контрагенттер бірыңғай операторға мұнай өнімдерін тиеп-жөнелтудің болжанған күніне дейін кемінде 20 (жиырма) жұмыс күні бірыңғай операторға өтінімді ұсынады.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Шарттың талаптары контрагенттің және бірыңғай оператордың келісімі бойынша осы Қағидаларға қарама-қайшы келмейтін бөлігінде өзгертілуі мүмкін.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Мұнай өнімдерін беру құнына мұнай өнімдерін беру қағидаларын туралы шарттарда көрсетілген мұнай өнімдерін жеткізумен, оның ішінде мұнай өнімдерінің құны, сақтау қызметтері немесе бірыңғай оператордың мұнай өнімдерін жеткізуді (тасымалдау) қамтамасыз ету қызметтері, сондай-ақ көрсетілген тәсілмен мұнай өнімдерін берген жағдайда, кемелерді (әскери кемелерді) бункерлеу немесе әуе кемесіне жанармай құюмен байланысты шығындар енеді.»;
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялауды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика Министрі                        В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      _____________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 3 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      _____________ Е. Досаев
      2015 жылғы 19 қараша

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қорғаныс министрі
      _____________ И. Тасмағамбетов
      2015 жылғы 10 қараша

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі
      _____________ Қ. Қасымов
      2015 жылғы 6 қараша

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      _____________ Н. Әбіқаев
      2015 жылғы 4 қараша