30.11.2015

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысанын бекіту туралы

      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 13-6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет - ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет - порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                   Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 10 желтоқсан

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрінің      
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1122 бұйрығымен  
Бекітілген     

Нысан

               Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

_____________________________________________________________________
                 Уәкілетті органның толық атауы

  Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
                            АТТЕСТАТЫ

Аттестаттау түрі: бастапқы - ;       қайтадан-

№____________                                      ________ _________
                                                    (жылы)   (күні)

Осы аттестат____________________________________,        ____________
         (аттестатталған тұлғаның толық Т.А.Ә.А.)        (туған күні)

ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі)______________________________________
оның рұқсат беру талаптарына сәйкес екендігіне берілді.

Аттестаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап 3 (үш) жыл.
Аттестат Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

                                                                 М.О.
___________________________________     ___________     _____________
уәкілетті органның басшысы лауазымы       Т.А.Ә. А.         қолы


Дата вступления в силу:  26.12.2015
Дата изменения акта:  30.11.2015
Дата принятия акта:  30.11.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 27.01.2016 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103035000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  98066
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1122
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  008001001000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz