30.11.2015

Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидаларын бекіту туралы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 17-2) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________Е. Досаев

      2015 жылғы 10 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылғы
30 қарашадағы
№ 1139 бұйрығымен
бекітілген

Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.07.2017 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 17-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) орындаушы – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін орындайтын заңды тұлға;

      2) өтініш беруші – энергия тиімділігі картасына енгізу үшін жоба ұсынған жеке немесе заңды тұлға;

      3) сараптама – Өтініш беруші ұсынған құжаттарды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігі мәніне бағалау және талдау процесі;

      4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жоба (бұдан әрі - жоба) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені.

2-тарау. Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ЭЭҰДИ) энергия тиімділігі картасын қалыптастырады және жүргізеді, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізуді жүзеге асырады.

      4. Энергия тиімділігі картасы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады және жүргізіледі.

      5. Энергия тиімділігі картасына жобаларды қарау, іріктеу және енгізуді ЭЭҰДИ тұрақты негізде жүзеге асырады.

      6. ЭЭҰДИ энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу үшін қажетті ақпаратты Мемлекеттік энергетикалық тізілім (бұдан әрі – МЭТ) субъектілерінен және өзге де заңды тұлғалардан сұратады және алады.

      7. Энергия тиімділігі картасын ЭЭҰДИ-дың интернет-ресурсына орналастырады.

3-тарау. Энергия тиімділігі картасына жобаларды қарау, іріктеу және енгізу тәртібі

      8. ЭЭҰДИ МЭТ қалыптастыру және жүргізу бойынша ақпараттың және өзге де ақпараттың талдауы негізінде МЭТ субъектілеріне және өзге де заңды тұлғаларға жобаларды энергия тиімділігі картасына енгізу үшін құжаттар тапсыруды ұсынады.

      9. Өтініш беруші жобаны энергия тиімділігі картасына енгізу үшін ЭЭҰДИ-ға электрондық және қағаз тасығышта мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұйым басшысы, не оны алмастыратын адам бекіткен жобаның паспорты;

      3) жобаның қаржыландырылуын пысықтауды растайтын құжаттардың көшірмелері (ниеттер туралы меморандумдар және келісімдер және (немесе) жобаны қаржыландыру туралы шешім) (бар болған жағдайда);

      4) энергия аудиті қорытындысының көшірмесі (бар болған жағдайда);

      5) ұйымның басшысы не оны ауыстыратын адам бекіткен, энергия үнемдеу бойынша іс-шаралар жоспарының көшірмесі (бар болған жағдайда);

      6) ұсынылған іс-шараларға (техника-экономикалық негіздеме, қаржы-экономикалық негіздеме, коммерциялық ұсыныстар) талап етілетін инвестициялар мен үнемдеу есебінің дұрыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда).

      10. ЭЭҰДИ ұсынылған құжаттарды, олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ақпараттың толықтығына және растығына қарайды.

      Ақпараттың толық еместігі және (немесе) дұрыс еместігі фактісі белгіленген жағдайда, ЭЭҰДИ көрсетілген мерзімдерде Өтініш берушінің құжаттарын қайтару себебін көрсете отырып, қайтарады.

      Өтініш беруші ЭЭҰДИ-дан құжаттарды алған күннен кейін, қайтару себептерін жояды және ЭЭҰДИ-ға қайта енгізеді.

      11. Құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жоба осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілетін, энергия тиімділігі картасына жобаларды енгізуге арналған Тіркеу журналында тіркеледі.

      12. ЭЭҰДИ жобаны тіркеу журналына тіркеген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде инновациялылық, ауқымдылық және құзыреттілік өлшемшарттарына сәйкестігіне мәніне сараптама жүргізеді.

      13. Сараптама мынадай құрылым бойынша жүзеге асырылады:

      1) табиғи және ақшалай мәндегі энергия үнемдеу әсері;

      2) жобаның инновациялық құрамдас бөлігі;

      3) орнын толтыру мерзімі;

      4) іс-шаралардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына, Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен қағидаларына, Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес болу қажеттілігін қарау;

      5) жоба бойынша жалпы тұжырымдар мен ұсынымдар.

      ЭЭҰДИ-дің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған сараптама қорытындысы сараптама нәтижесі болып табылады.

      14. Сараптама қорытындысы екі данада ресімделеді және оны өткізу сәтінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бір данасы Өтініш берушіге жіберіледі, бір данасы ЭЭҰДИ-де қалады.

      15. Сараптама нәтижесі бойынша, ЭЭҰДИ ұсынылған жобалар бойынша энергия тиімділігі картасына енгізу үшін мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) қаржыландыру көзі болған кезде жоба энергия тиімділігі картасына енгізіледі;

      2) қаржыландыру көзі болмаған кезде отандық және халықаралық инвесторларды, қаржы институттарын, энергия сервистік компанияларды және өзге де ұйымдарды іздеу арқылы инвестиция тарту мәселесі пысықталады.

  Энергия тиімділігі
картасын қалыптастыру
және жүргізу, энергия
тиімділігі картасына
жобаларды іріктеу және
енгізу қағидаларына
1-қосымша

Энергия тиімділігі картасы

Өтініш берушінің атауы

Байланыс деректері

Жоба атауы

Іс-шаралар тізбесі

Орындаушының атауы

Инвестиция көлемі (мың тенге)

Қаржыландыру көзі

Табиғи қалыптасқан энергетикалық ресурстарын жылдық үнемдеу

Құн тұрғысынан энергия ресурстарын жылдық үнемдеу мың теңге. (тариф бойынша)

Орнын толтыру мерзімі, жыл

Өлшеу бірлігі

мәні

1.




1.












2.









Жобаның жалпы құны











2.




1.












2.









Жобаның жалпы құны











  Энергия тиімділігі
картасын қалыптастыру
және жүргізу, энергия
тиімділігі картасына
жобаларды іріктеу және
енгізу қағидаларына
2-қосымша
  ____________________________
(облыс, қала)
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)

Өтініш

      Қазақстанның энергия тиімділігі картасына енгізу үшін

      ___________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      ___________________________________________________________________

      (жобаның атауы)

      жоба байынша өтінішімді тіркеуіңізді өтінемін:

      Өтінішке мынадай құжаттарды ұсынамын:

      1)________________________________________________________________________

      2)________________________________________________________________________

      3)________________________________________________________________________

      4)________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _____________________________________ _____________________________________

      Ұйымның бірінші басшысы:                        Қолы

      20__ жылғы "___"________

      Мөрдің орны

  Энергия тиімділігі
картасын қалыптастыру
және жүргізу, энергия
тиімділігі картасына
жобаларды іріктеу және
енгізу қағидаларына
3-қосымша
  "Бекітемін"
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
20__ жылғы "___" __________

Жоба паспорты

      Жобаның өтініш берушісі туралы мәлімет

      Өтініш берушінің толық атауы

      Заңды мекенжайы

      Тұрғылықты мекенжайы

      Телефон/факс/e-mail

      Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi/Жеке сәйкестендiру нөмiрі

      Заңды тұлғаның тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлік нөмірі және күні

      немесе мемлекеттік тіркелуі туралы (қайта тіркелуі) туралы анықтама

      (бар болғанда)

      Экономикалық қызмет түрлерiнің жалпы жіктегіші (бар болғанда)

      Жоба мақсаты:

      Жобаға енгізілген іс-шаралар тізімі

Іс-шара

Инвестициялар көлемі, жоспарланған шығындар, мың теңге

Заттай түрде энергетикалық ресурстардың жылдық үнемделуі

Құн түрінде энергия ресурстарының жылдық үнемделуі мың теңге (тариф бойынша)

Орнын толтыру мерзімі

Ескертпе

Өлшем бірілігі

Мәні

1.








2.








3.









БАРЛЫҒЫ:






      Жобаны іске асыру орны:

      Жобаны дайындау және іске асырудың ағымдағы жағдайы:

      Жобаның болжамды қаржыландыру құрылымы

Меншікті қаражат

мың теңге


Бюджет қаражаты

мың теңге


Талат етілетін қосымша қаражаттар

мың теңге


  Энергия тиімділігі
картасын қалыптастыру
және жүргізу, энергия
тиімділігі картасына
жобаларды іріктеу және
енгізу қағидаларына
4-қосымша

Энергия тиімділігі картасына жобаларды енгізуге арналған тіркеу журналы

ЭЭҰДИ жобаны қабылдау күні

Тіркеу күні

Өтініш берушінің атауы

Жобаның атауы

1





2





3





4






 


Дата вступления в силу:  26.12.2015
Дата изменения акта:  14.07.2017
Дата принятия акта:  30.11.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 06.01.2016 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103035000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  97462
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1139
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  008001001000
Форма акта:  ПРАВ / ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz