07.12.2015

2015 жылғы өнімнен облыстар бойынша мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасын бекіту туралы

      «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. 2015 жылғы өнімнен облыстар бойынша мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                        А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2015 жылғы 7 желтоқсандағы  
№ 4-1/1068          
бұйрығымен бекітілген    

2015 жылғы өнімнен облыстар бойынша мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасы

Облыстар атауы

Мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасының көлемі, мың тонна

Ақмола

52,8

Шығыс Қазақстан

5,8

Қарағанды

6,7

Қостанай

59,0

Павлодар

6,8

Солтүстік Қазақстан

50,4

БАРЛЫҒЫ

181,5


Дата вступления в силу:  14.12.2015
Дата изменения акта:  07.12.2015
Дата принятия акта:  07.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 22.12.2015 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103012000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  96467
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  4-1/1068
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  017010000000 / 017001000000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz