БҰЙЫРАМЫН:
1. «Конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 509 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11873 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
10 |
Көмірсутек шикізаты |
Южный учаскесінің XXVIII-17-Е(ішінара) XXIX-16-B(ішінара), C(ішінара),D(ішінара), E(ішінара),F(ішінара), 17-A(ішінара),B(ішінара), C,D,E,F, 18-A(ішінара), B(ішінара),C,D,E,F, (ішінара) 19-A(ішінара),B(ішінара),C(ішінара),D(ішінара), XXX-16-B(ішінара),C(ішінара), 17-A(ішінара),B(ішінара), C(ішінара), 18-A(ішінара), B(ішінара) блоктары шегінде. |
Атырау Маңғыстау |
45о52,00" 54о29,00" |
Барлау |
».
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі В. Школьник