26.03.2015

Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы

      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 22 мамыр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ________________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 10 маусым



  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 334 бұйрығымен
бекітілген

Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.08.2019 № 615 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-11) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар меншік нысанына қарамастан теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тасымалдау процесіне қатысушыларға, теміржол көлігінің көмекші қызметтеріне қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудиті (бұдан әрі – аудит) – қауіпсіздікті басқару жүйесінің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың және бағалаудың жүйелі процесі;

      2) қауіпсіздік сертификаты – тасымалдаушының қауіпсіздікті басқару жүйесінің осы Қағидалардғы сәйкестігін куәландыратын құжат;

      3) қауіпсіздікті басқару жүйесі – операцияларды жоспарлау, дайындау және орындау, мониторинг, бақылау, талдау процестерін қамтитын және тасымалдау процесінің қауіпсіздігі жөнінде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге және адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру, тасымалдау процесіне қатысушылар мен үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтіру тәуекелдерін азайтуға бағытталған, тасымалдаушыны басқарудың өзара байланысты және өзара іс-қимыл жасаушы құрауыштарының жиынтығы.

2-тарау. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі

1- параграф. Жалпы талаптар

      4. Меншік нысанына қарамастан теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тасымалдау процесіне қатысушылар, теміржол көлігінің көмекші қызметтері өз құзыреті шегінде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін (бұдан әрі - қозғалыс қауіпсіздігі) және қолданыстағы теміржол көлігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      Тасымалдау процесіне қатысушылар, теміржол көлігінің көмекші қызметтері қозғалыс қауіпсіздігін мыналарды:

      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 424 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6581 болып тіркелген) бекітілген Теміржол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесіне және оларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кадрларды жасақтау мен орналастыруды;

      2) поездар қозғалысымен байланысты қызметтерге үміткерлерді кәсіби іріктеуді;

      3) еңбек тәртібін нығайтуды;

      4) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-бабына және денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қызметкерлерді мерзімді медициналық тексеруден өткізуді, сондай-ақ локомотив бригадаларын және поездар қозғалысымен тікелей байланысты қызметкерлерді ауысым алдындағы (рейс алдындағы) міндетті медициналық қарап-тексерулер;

      5) жаңа техниканың, технологиялардың және менеджмент құралдарының енгізілуін ескере отырып, теміржол көлігінің негізгі кәсіптерінің қызметкерлерін кәсіби дайындау, оқыту, біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруді, сондай-ақ теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін бұзу тәуекелдеріне әкеп соғатын стандартты емес жағдайлардағы іс-қимылдардың тәжірибелік дағдыларын жетілдіруді;

      6) локомотив бригадаларын және поездар қозғалысымен байланысты қызметкерлердің осы Қағидаларды, Қазақстан Республикасы Инестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген) бекітілген Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын (бұдан әрі - ТПҚ), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6954 болып тіркелген) бекітілген Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулығын (бұдан әрі - Нұсқаулық), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7021 болып тіркелген) бекітілген Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулығын білу мәніне мерзімді тексерістер жүргізуді;

      7) Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған "Қозғалыс қауіпсіздігі күні" тақырыбы бойынша апта сайынғы тексерулер жүргізуді;

      8) жолдарды, жасанды құрылыстарды, жылжымалы құрамды, сигнал беру және байланыс, электрмен жабдықтау құрылғыларын, теміржол өткелдерін, жабдықтарды, тетіктерді және көліктің басқа да техникалық құралдарын жөндеу және күтіп ұстау сапасын арттыру жөніндегі тұрақты жұмысты жүзеге асыруды;

      9) дефектоскопия құралдары мен диагностика жүйелерін жарамды жағдайда ұстауды және тиімді пайдалануды;

      10) анықталған кемшіліктерді жою кесте жөнінде шаралар қабылдаумен қауіпсіздікті бақылау құрылғыларының, аспаптарының жай-күйін және олардың қолданылуын тексеруді бекітілген бойынша жүзеге асыруды;

      11) жаңа қауіпсіздік құрылғыларын, аспаптар мен жүйелерді енгізу жөнінде тұрақты жұмыс жүргізуді;

      12) қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырудың жаңа нысандарын іздестіруді және енгізуді;

      13) авариясыз жұмыс тәжірибесін жинақтауды және таратуды;

      14) жүргізілетін жұмыс ерекшелігіне сәйкес техникалық түзу құрал-саймандармен және техникалық құралдармен қамтамасыз етуді көздейтін ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.07.2021 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Тасымалдау процесіне қатысушылар, теміржол көлігінің көмекші қызметтері:

      адамның өмірі мен денсаулығы, жолаушылардың жүруі үшін қауіпсіз жағдайларды;

      жүктер, багаж және жүк-багаж тасымалының қауіпсіздігін;

      теміржол көлігінің техникалық құралдарын пайдалану, күтіп-ұстау, жөндеу, жылжымалы құрамның сервистік қызмет көрсетуі, бағыттамалы бұрмаларды, теміржолдарды және техникалық құралдарды кезінде қозғалыс қауіпсіздігін;

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-І бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3931 болып тіркелген) бекітілген Темір жол көлігімен тасымалдаған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесіне сәйкес олардың қарауындағы теміржол көлігі объектілерін күзетуді;

      экологиялық қауіпсіздікті;

      өртке қарсы қауіпсіздікті;

      санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.07.2021 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Теміржолдар, теміржол станциялары, жолаушы платформалары, сондай-ақ поездар қозғалысына және маневр жұмыстарына байланысты теміржол көлігінің басқа да объектілері қауіптілігі жоғары аймақтар болып табылады және ТПҚ мен Нұсқаулыққа сәйкес олардың сигналдық қоршаулары болады.

      7. Аумақтарында қауіпті жүктерді өндіру, сақтау, тиеу, түсіру (босату), тасымалдау жүзеге асырылатын объектілер теміржолдардан, елді мекендерден, кәсіпорындардан, ғимараттар мен құрылыстардан қашықтықта орналыстырылады.

      Байланыс, электр тарату желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының және теміржолдарды қиып өтетін немесе оларға тікелей жақын орналасқан басқа да құрылыстардың иелері олардың жұмыс істеу қауіпсіздігін және құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес көрсетілген құрылыстарды салу мен пайдаланудың белгіленген нормаларының сақталуын, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін авариялардың немесе авариялық жағдайлардың туындауы туралы уәкілетті органдарды және теміржол көлігі ұйымдарын уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

      8. Қауіпті жүктер өндіруді, тиеуді, түсіруді, сақтау мен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдау процесіне қатысушылар мен теміржол көлігінің көмекші ұйымдары олардың тасымалдану қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, авариялық жағдайлар мен олардың салдарын жою үшін қажетті құралдары және авариялық құтқару қызметтері болады.

      Қауіпті жүктерді тасымалдау процесінде авариялық жағдай туындаған кезде тасымалдау процесіне қатысушылар оқиға болған жерге көрсетілген авариялық-құтқару қызметтерінің дереу жіберілуін қамтамасыз етеді.

      9. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі:

      жұмыстарды жүргізу тәсілдерін, көтергіш-көлік жабдығын және технологиялық жабдықтауды таңдаумен;

      жұмыстарды жүргізу орнын дайындаумен және ұйымдастырумен;

      жұмыскерлердің қорғау құралдарын қолданумен;

      жұмысқа жіберілген адамдардың медициналық қараудан өткізумен және оларды оқытумен қамтамасыз етіледі.

      10. Өрт қауіпсіздігі:

      қауіпсіздік шараларын сақтау бөлігінде қауіпті жүктерді тиеуге, сұрыптауға және түсіруге, сондай-ақ жылжымалы құрамның көрсетілген жүктерді тиеуге дайындығын бақылауды ұйымдастырумен;

      белгіленген өртке қарсы режимді сақтаумен, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша нұсқаулықтан өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеумен;

      эвакуациялау жолдарын, өртке қарсы бөгеттерді, үзбелерді, кірме жолдарды және жолдарды, өрт сөндіру құралдарын (гидранттар, ішкі өрт крандары, өртсөндіргіштер) ұстауға бақылау жасау мақсатында аумақтарға, ғимараттарға, өндірістік және қызметтік үй-жайларға мерзімді тексеру жүргізумен және анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде жедел шаралар қабылдаумен;

      өрт сөндіру, өрт сигналын беру, хабарлау және байланыс қондырғыларын жарамды ұстаумен, олардың іс-әрекетке ұдайы дайындығымен қамтамасыз етіледі.

      11. Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын сақтамау салдарларына қарай қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың мынадай түрлеріне (топтарына) бөлінеді:

      апат;

      авария;

      оқиға;

      оқыс оқиға.

      12. Теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, солардың салдарынан адамның қаза болу және (немесе) жылжымалы құрамның мүкаммалдан шығарып тасталатын дәрежеге дейін зақымдалу жағдайлары апатқа жатады.

      13. Теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, солардың салдарынан адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілу және (немесе) жылжымалы құрамның күрделі жөндеу көлемінде зақымдалу жағдайлары аварияға жатады.

      14. Теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, сондай-ақ жылжымалы құрамның бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кету не поезды қабылдау-жөнелту маршрутына кетіп қалу, бірақ апат немесе авария салдары жоқ жағдайлар оқиғаларға жатады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.03.2023 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда апатқа, аварияға және оқиғаға әкеп соқпаған, тізбесі теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында айқындалған жол жүрісі қауіпсіздігінің бұзылу жағдайлары оқыс оқиғаларға жатады:

      1) поезды бос емес жолға қабылдау – келе жатқан поезд бағдаршамның рұқсат беру кірме (бағыттық) сигналында немесе шақыру белгісінде өтіп кетуі (локомотивтің бір бөлігімен болса да) немесе поезд машинисіне басқа поезд немесе жылжымалы құрам тұрған жолға дайындалған бағыт кезінде станцияға жүріп өтуге рұқсат беру;

      2) поезды бос емес аралыққа (блок-учаскеге) жөнелту бағдаршамның ашық шығу сигналы немесе шақыру сигналы кезінде немесе машинистке аралыққа орналасуға берілген рұқсат бойынша және ол қажетті жағдайларда поездың жүруі туралы қосымша нұсқау немесе сигнал алғаннан кейін алда тұрған аралыққа (блок-учаске), онда басқа поездың (кез келген бағыттағы) немесе жылжымалы құрамның тұрғанына қарамастан, поездың жөнелтілуі (немесе тоқтамай өтуі) және осы жолдың шығу сигналынан (сигнал болмағанда - шектік бағанадан) локомотивтің бір бөлігімен болса да өтіп кету;

      3) поезды дайындалмаған бағыт бойынша қабылдау (жөнелту) дұрыс дайындалмаған немесе дайын емес, соның ішінде жылжымалы құрам тұрмаған жолға әкелетін бағытқа бағдаршамның тыйым салатын кірме (шығу) сигналы кезінде келе жатқан (жөнелтілетін) поезд бағдаршамның ашық кірме (шығу) сигналынан өтіп кеткен (локомотивтің бір бөлігімен болса да), станцияға (станциядан) жүруге машинистке рұқсат беру, сондай-ақ электр тартұышы бар поезға электрлендірілмеген жолға немесе токтың басқа түрімен электрлендірілген жолға немесе түйіспе сымында кернеуі алынған жолға қабылдау бағытын әзірлеу;

      4) шектік бағанадан рұқсатсыз өту;

      5) арнайы жылжымалы құрам және/немесе жылжымалы құрама асты немесе алды маневрлік бағыттамаға немесе поезға кіретін бағыттаманы ауыстыру немесе жылжымалы өзекшесі үшкірін ауыстыру;

      6) жылжымалы құрамның станциялардағы, кірме жолдардағы, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдардағы шектік бағанадан асып іргелес аралыққа, станциядан аралыққа немесе аралықтан станцияға кетуі, бірақ осы Қағидалардың 12, 13 және 14-тармақтарында көрсетілген салдардың болмауы;

      7) жылжымалы құрам осінің, доңғалақ осі мойнағының, доңғалақ жұбының сынуы;

      8) жылжымалы құрам арбашасының бүйір жағының немесе рессоры үстіндегі арқалығының сынуы (жарылу);

      9) жылжымалы құрам арқалығының сынуы (жарылу);

      10) техникалық ақауларға байланысты, жолда жолаушылар поездарынан вагонның ағытылуы (жолаушылар поездарын құрастыру станцияларынан басқа, барлық станцияларда есепке алынады);

      11) поезды жабылған шеткі крандармен жөнелту;

      12) станцияларда бағдаршам белгісінің тыйым салу көрсеткішінде жылжымалы құрамның жүріп өтуіне әкеп соқтырған бағдаршамның рұқсат сигналының тыйым салу сигналына ауысуы - станцияда белгі беру құрылғыларының, рельстік тізбегінің ақаулығынан, электр энергиясының ажыратылуынан немесе персоналдың қатесінен бағдаршамның рұқсат беру көрсеткішінің тыйым салу көрсеткішіне ауысып, жылжымалы құрамның тыйым салу сигналынан өтіп кетуіне әкеп соқтырған жағдай (сыртқы электрмен жабдықтау бойынша құрылғыларды ажырату жағдайларында оның жүруімен тыйым салу сигналын қоспағанда);

      13) нәтижесінде ауыстыру талап етілген, поезда немесе аралықта, станцияда немесе кірме жолдарда локомотивтің ақауы (локомотив бригадаларын ауыстыру пункттерінен, сондай-ақ негізгі немесе айналымды локомотив депосы бар пункттерден басқа, барлық станцияларда есепке алынады;

      14) жолда келе жатқанда жүктің құлауы - жүктің немесе оның бөлігінің теміржолға түсу жағдайы, сондай-ақ жүктің жылжымалы құрамға жүкті тиеудің белгіленген өлшемдерінен шығуын туғызған жүк бекітпесінің ығысуы, бұрылуы, бұзылуы және басқа да ақаулар;

      15) аралықтар мен станцияларда жол жұмыстарын жүргізу орындарының сигналдық белгілермен қоршалмауы;

      16) мыналар:

      бағдаршамда тыйым салу орнына жалған рұқсат беру көрсеткіші пайда болғанда;

      автоматты локомотив сигнализациясы аралықта сигнализация және байланыс дербес құралы ретінде қолданғанда, локомотив бағдаршамында тыйым салу орнына жалған рұқсат беру көрсеткіші пайда болғанда;

      17) поездағы жылжымалы құрамның автотіркегіштерінің немесе басқа тіркеу құрылғыларының өздігінен ағытылуы;

      18) поездағы жылжымалы құрам автотіркегішінің немесе басқа тіркеу құрылғыларының үзілуі;

      19) жылжымалы құрам бөліктерінің теміржолға құлауы немесе сүйреуі;

      20) аралықта немесе станцияларда жүк тиеудің техникалық шарттарының бұзылуынан және/немесе қауіпті жүктің төгілуі себебінен вагонның поездан ағытылуы (коммерциялық бақылау пункты бар станциядан басқа, барлық станциялар есепке алынады);

      21) нәтижесінде поездардың аралықта немесе станцияда бір сағат уақыт кідіруіне жол берілген, жолдың, жылжымалы құрамның, сигнал берудің, орталықтандыру, бұғаттау және байланыс, түйіспелі желі, электрмен жабдықтау құрылғыларының және басқа да техникалық құралдардың ақаулығы;

      22) магистральдық, станциялық, кірме жолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол жолдарында, оның ішінде концессия шарттары бойынша адамды басып кету жағдайы;

      23) магистральдық, станциялық, кірме жолдарда және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол жолдарында, оның ішінде концессия шарттары бойынша малды басып кету салдарынан поездан ағытылуы талап етілетін жылжымалы құрамның бүлінуі;

      24) жүк поезының жүру жолында техникалық ақаулықтарынан жүк вагонын ағыту (техникалық қызмет көрсетудің негізгі пунктерінен басқа, барлық жағдайларда есепке алынады);

      25) жолдың жоғарғы құрылысын күтіп ұстаудың бұзылуынан локомотив машинисінің жолдағы "соққыны" мәлімдеуі;

      26) жылжымалы құрамның, техникалық құралдардың, сигнал берудің, орталықтандырудың және бұғаттау мен байланыстың, электрмен жабдықтаудың қалыпты жұмысының бұзылуына алып келген сыртқы ауа температурасы минус 350 С-тан төмен, жел екпіні 25 м/сек-тан астам, найзағай құбылыстары, электрлендірілген учаскелерде түйіспе сымды мұз басқанда кезіндегі ауа-райы жағдайы;

      27) жылжымалы құрамның көлік құралымен соқтығысуы кезіндегі теміржол өткелдеріндегі және темір жолдардағы жол-көлік оқиғасы;

      28) техникалық күтіп ұстауды бұзу салдары болып табылған жылжымалы құрамның, жолдың жоғарғы құрылысының, өртену жағдайы;

      29) табиғи факторлардың (жолды су шайып кету және қар басып қалу) немесе бөгде адамдардың іс-әрекетінің салдарынан болған осы учаске бойынша поезды өткізудің кідіруін туғызған жолдың жоғарғы құрылысының бұзылуы;

      30) поезды шұғыл тежеуді қолдану қажеттілігін және оның тоқтауын туындатқан бөгде адамдардың теміржолға заттар қоюы;

      31) ауа-райы жағдайларына байланысты оқиғаларды қоспағанда, темір жолдарды жөндеу бойынша технологиялық жұмыстарды 1 сағаттан артық ұстау;

      32) қозғалыс қауіпсіздігін өзге де бұзушылықтар, жоғарыда көрсетілген тізбеге енбейтін бөгде себептердің салдары болып табылатын жағдайлар жатады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.07.2021 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.03.2023 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-параграф. Теміржол көлігінде қауіпсіздікті басқару жүйесі

      16. Тасымалдаушылар қауіпсіздікті басқару жүйесін осы Қағидаларға сәйкес әзірлейді және енгізеді.

      17. Тасымалдаушының қауіпсіздікті басқару жүйесіне мынадай талаптар кіреді:

      1) осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген қауіпсіздікті басқару қағидаттарына негізделген, тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясат;

      2) әдістерді, қауіпсіздікті біріздендіруді жүргізуге, іс-шаралар жоспарын немесе түзету іс-қимылдарын әзірлеуге, сондай-ақ оларды іске асыру үшін жауапты орындаушыларды көрсете отырып, қауіптерді айқындау және қозғалыс қауіпсіздігінің бұзушылықтары тәуекелдерін бағалау, теміржол көлігіндегі қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды белгілеу және іске асыру рәсімдерін айқындау;

      3) теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі бойынша нысаналы көрсеткіштер және олармен байланысты бекітілген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарлары. Тасымалдаушы (өлшенетін және қол жеткізілетін), осы мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының мақсаттарын (көрсеткіштерді, жауаптыларды және орындау мерзімдерін көрсетіп) белгілейді;

      4) қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тасымалдау процесіне қатысушы қызметкерлерінің міндеттерін, жауапкершілігі мен өкілеттіктерін белгілеу және бөлу;

      персоналдың біліктілігі мен хабардар болуын арттыру;

      жұмыс күйінде тұрған қажетті инфрақұрылымның болуы және персонал үшін өндірістік ортаны құру арқылы тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздік бойынша талаптарға қол жеткізуі үшін талап етілетін тиісті адам, өндіріс және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуді;

      5) техникалық ақаулықтардың алдын алу, олардың себептерін жою және тәуекелдердің алдын алу қажетті іс-қимылды жүзеге асыру;

      6) тасымалдаушының ішкі құжаттарында белгіленген кезеңділікпен тасымалдаушының қызметіне талдау жүргізуді, сондай-ақ қызмет көрсеткіштерін тұрақты мониторингтеу мен өлшеуді және қауіпсіздікті басқару жүйесінің мерзімдік ішкі аудитін қамтиды;

      7) теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігінің бұзушылықтар себебін есепке алу және талдау жүргізу.

      18. Тасымалдаушының қауіпсіздікті басқару жүйесі мынадай қағидаттарды сақтай отырып әзірленеді:

      1) тұтынушыға бағдарлану;

      2) басшының көшбасшы болуы – басшы тасымалдаушы қызметінің мақсаттары мен бағыттарының біртұтастығын қамтамасыз етеді, қауіпсіздік бойынша мақсаттарға қол жеткізуге қызметкерлер тартылған ішкі ортаны құрайды әрі қолдайды;

      3) барлық деңгейдегі қызметкерлерді тарту;

      4) процестік тәсілді пайдалану – тасымалдаушының қызметіндегі процестерді айқындау және оларды тиімді басқару;

      5) жүйелік тәсілді қолдану – өзара байланысқан процестер жүйесін басқару;

      6) қызметті тұрақты жақсарту;

      7) деректер мен ақпаратты талдауға негізделген шешімдерді қабылдау.

      19. Қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесі қолданылатын сала басқарушылық және өндірістік процестерді қамтиды және барлық тасымалдаушыларға таралады.

3-параграф. Қауіпсіздік сертификатын беру тәртібі және мерзімі

      20. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген қауіпсіздік бойынша талаптар тасымалдаушының қауіпсіздікті басқару жүйесіне сәйкестігі Заңның 14-бабы 34-35) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қауіпсіздік сертификатымен расталады.

      Магистральдық теміржол желісінің қызметіне қол жеткізу тасымалдаушыларда осы Қағидаларға сәйкес берілген қауіпсіздік сертификаты бар болған кезде ұсынылады.

      Қауіпсіздік сертификатын алу үшін уәкілетті орган қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудитін өткізеді.

      21. Қауіпсіздік сертификатын беру тәртібіне:

      1) осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын уәкілетті органға тапсыру;

      2) құжаттарды қарастыру және талдау жолымен Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігіне уәкілетті органның қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудитін өткізуі;

      3) уәкілетті органның қауіпсіздік сертифкатын беру туралы (беруден бас тарту) шешімді қабылдауы кіреді.

      22. Қауіпсіздік сертификатын алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпсіздік сертифкатын беруге тасымалдаушының өтініші;

      2) заңды тұлға үшін – өтініш берушінің заңды тұлғанысының мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы анықтамасы;

      3) жеке тұлға үшін – жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Барлық құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі.

      23. Қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудитін өткізуге теміржол көлігі саласындағы ұйымдардың мамандары мен сарапшылары болған жағдайда қатыса алады.

      24. Қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудиті мынадай кезектілікпен жүргізіледі:

      1) уәкілетті орган өкілдерінің тасымалдаушының басшылығымен және қызметкерлерімен кіріспе кеңесі.

      Уәкілетті органның өкілдері тасымалдаушыны аудит мақсаттары мен аумағы, аудит жүргізілген кезде қолданылатын әдістер мен рәсімдер туралы, сондай-ақ іс-қимыл тәсілдері туралы хабардар етеді;

      2) жинау, және теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті басқару жүйесі туралы ақпаратты талдау;

      3) айқындалған сәйкессіздіктерді, оларды жою және қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды аудит барысында және ол аяқталған соң талқылау.

      25. Аудит жүргізу барысында тасымалдаушы жүзеге асыратын қызметтің осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін іс жүзінде бағалауды жүргізеді.

      26. Аудит нәтижелерін ресімдеген кезде сәйкессіздіктер (олар болған кезде) сәйкестендіріледі және қауіпсіздікті басқару жүйесін жақсартуға бағытталған ұсынымдар тұжырымдалады.

      27. Аудитті өткізу қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткізілген аудит нәтижелері туралы есеп жасалады.

      Есепте мынадай шешімдердің біреуі көрсетіледі:

      аудит нәтижесі бойынша қауіпсіздік сертификатын беру;

      аудит нәтижесі бойынша қауіпсіздік сертификатын беруден бас тарту.

      28. Уәкілетті орган қауіпсіздік сертификатын беруге тасымалдаушының өтінішін тіркеген күннен бастап күнтізбелік 30 күн мерзімінде қауіпсіздік сертификатын беру (беруден бас тарту туралы) туралы шешімді қабылдайды.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 № 752 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Қауіпсіздік сертификатын беруден мынадай жағдайларда бас тартады:

      1) аудит нәтижелері бойынша тасымалдаушының қауіпсіздікті басқау жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;

      2) тасымалдаушы қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудитін өткізуден бас тартқанда немесе оған кедергі жасағанда;

      3) осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасының толық ұсынбаған кезде.

      30. Қауіпсіздік сертификаты беруден дәлелді бас тарту кезінде уәкілетті орган тасымалдаушыға бас тарту себебі көрсетілген қорытындыны береді.

      31. Қауіпсіздік сертификаты басқа тасымалдаушыға берілмейді.

      32. Қауіпсіздік сертификаты тасымалдаушының кінәсінен авария немесе апат жол берілген жағдайларында үш айға дейін тоқтата тұруға жатады.

      Қауіпсіздік сертификатын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы хабарлама тасымалдаушыға және Ұлттық инфрақұрылым операторына жазбаша түрде хабарланады.

      Барлық сәйкессіздіктер дойылған жағдайда қауіпсіздік сертификатының қолданылуы жаңғыртылады, бұл туралы тасымалдаушыға және Ұлттық инфрақұрылым операторына жазбаша хабарлама жіберіледі.

      Тасымалдаушы сәйкессіздіктерді үш ай ішінде жоюды қамтамасыз етпеген жағдайда қауіпсіздік сертификатының қолданылуын тоқтатуға әкеліп соғады.

      Қауіпсіздік сертификатының қолданыс мерзімі 3 жылды құрайды.

4-параграф. Жол жүрісі қауіпсіздігі бұзушылықтарын есепке алу

      33. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзу оқиғалары есепке алуға жатады.

      34. Теміржол көлігінде жол берілген қауіпсіздік бұзушылықтарын есепке алуды облыстар, астана мен республикалық маңызы бар қалалардың бөлінісінде уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.

      35. Локомотив шаруашылығында лауазымдық міндеттемелерді немесе технологиялық процестерді бұзу салдарынан локомотив бригадаларының кінәсынан жол берілген қауіпсіздік бұзушылықтар жағдайлары локомотив бригадалары тіркелген депода есепке алынады.

      36. Жөндеу немесе өндіріс технологиясын, сервистік қызмет көрсетуді бұзу салдарынан жол берілген қауіпсіздік бұзушылықтарының жағдайлары жөндеу ұйымының немесе өндіруші зауыттың өкілімен бірлесіп (жөндеу ұйымының немесе өндіруші зауыттың басшылығының жазбаша келісімі болған кезде жөндеу ұйымының немесе өндіруші зауыттың өкілісіз) қаралады және жөндеу ұйымның, өндіруші зауыттың және/немесе өндірушінің есебіне алынады.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.07.2021 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Осы Қағидалардың 36-тармағында белгіленген тәртіпте жылжымалы құрамның, жолдың, энергиямен жабдықтаудың, сигнал беру мен байланыстың техникалық ақаулығы бойынша жол берілген қауіпсіздік бұзушылықтары есепке алынады.

      38. Жүк вагондарының техникалық ақаулығынан жол берілген қауіпсіздікті бұзушылықтың жағдайларын поезға соңғы техникалық қызмет көрсетуді жүргізген заңды тұлға, ал жолаушылар тасымалында - осы жолаушылар вагонын пайдаланатын тасымалдаушы есепке алады.

      39. Тасымалдау процесіне қатысушылардың, теміржол көлігінің көмекші қызметтерінің, екі және одан артық қызметкері қозғалыс қауіпсіздігінің бұзушылығына алып келген қауіпсіздік бұзушылықтарына кінәлі болып табылған жағдайда, қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған жағдайда, жүргізілген қызметтік тексеру материалдары кезінде көлік оқиғасына негізгі кінәлі адам жұмыс істейтін ұйымда есепке алынады.

      40. Тасымалдау процесіне қатысушылардың қызметкерінің міндеттерді орындамауына байланысты жол берілген магистральдық, станциялық және кірме жолдарда болған қауіпсіздікті бұзушылық жағдайлары кінәлі қызметкер жұмысын атқарған ұйымда (құрылымдық бөлімшеде) есепке алынады.

      41. Поездардың автокөлік құралдарымен және/немесе басқа да өздігінен жүретін құралдармен соқтығысу және малды басып кету жағдайларын, егер тексеру кезінде тасымалдау процесіне басқа қатысушылар қызметкерлерінің кінәсі анықталмаса, осы бұзушылыққа жол берген тасымалдау процесіне қатысушылар немесе теміржолдың осы учаскесіндегі жолдың үстіңгі құрылысын күтіп ұстауға жауапты ұйым есепке алады.

      42. Жеке және/немесе заңды тұлғаларға тиесілі теміржолдарда олардың қызметкерлерінің кінәсынан жол берілген қауіпсіздіктің бұзушылық жағдайлары осы адамдарға есептеледі.

      43. Магистральдық, станциялық және кірме жолдарда және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша теміржолдарда, оның ішінде концессия шарты бойынша жүк вагоны арбашығының құйма бөлшектерінің омырылуы (жарылу) себебінен жол берілген қауіпсіздікті бұзу жағдайында, Ұлттық инфрақұрылым операторы:

      1) омырылу болған аумақтағы теміржол әкімшілігінен және/немесе омырылған бөлшекті дайындаушы зауыттан арбашықтың құйма бөлшектері омырылуынан (жарылу) болған ақау жағдайы туралы ақпаратты алады;

      2) дайындаушы зауыттан және дайындаушы зауыт орналасқан аумақтағы теміржол әкімшілігінен, қажет болған жағдайда Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі кеңесі дирекциясынан омырылған бөлшекпен бір балқымада болған құйма бөлшектер туралы ақпаратты алады;

      3) "вагондар паркінің автоматтандырылған дерекқоры" бойынша омырылған бөлшекпен бір балқымадағы бөлшектермен жабдықталған вагон нөмірлерін айқындайды;

      4) осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларын орындағаннан кейін омырылған бөлшекпен бір балқымадағы бөлшектермен жабдықталған вагон нөмірлерін уәкілетті органға жібереді;

      5) уәкілетті органның өкімі бойынша, бұдан Қазақстан Республикасының аумағында балқытылған арбаша бөлшектерімен құрастырылған, бір балқымадағы омырылған бөлшекпен дайындалған, барлық нысан иелігіндегі жылжымалы құрамды жібермеуге шешім қабылдайды.

      Уәкілетті органның қабылдаған шешімін Қазақстан Республикасы резиденттерінің вагон иелеріне, сондай-ақ 1520 мм кеңістіктегі барлық теміржол әкімшілігіне хабарлайды.

      44. Мүдделі адам тәуелсіз сараптаманың нәтижерін ұсынған жағдайда омырылған бөлшекпен бір балқымада болған бөлшекті қауіпсіз деп растау мақсатында уәкілетті орган көрсетілген сараптаманың нәтижелерін ескере отырып, барлық мән-жайды қосымша қарағаннан кейін, Қазақстан Республикасының аумағында балқытылған арбаша бөлшектерімен құрастырылған, бір балқымадағы омырылған бөлшекпен дайындалған барлық нысан иелігіндегі жылжымалы құрамның одан әрі пайдалануы туралы шешім қабылдайды.

      45. Тасымалдау процесіне қатысушы ұйымдардың бірінші басшылары қауіпсіздік бұзушылықтары жағдайларының бастапқы есепке алынуының толық жүргізілуін және олардың дұрыс жіктелуін қамтамасыз етеді.

      46. Қауіпсіздік бұзушылықтары жағдайларының дұрыс жіктелмеуі анықталған кезде уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес осы қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарын қайта жіктеуді жүзеге асырады.

      Уәкілетті органның қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарын жіктеуі барлық тасымалдау процесіне қатысушылардың және теміржол көлігінің көмекші қызметтерінің есепке алуы үшін міндетті болып табылады.

      47. Қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарының бірнеше жағдайлары бір мезгілде болған кезде, анағұрлым ауыр салдарларға алып келген бұзушылық есепке алынуы тиіс.

      48. Тасымалдау процесіне қатысушылар және теміржол көлігінің көмекші қызметтері магистральдық, станциялық және кірме жолдарда қозғалыс қауіпсіздігінің бұзушылықтары туралы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне хабарлайды.

      Тасымалдау процесіне қатысушылар және теміржол көлігінің көмекші қызметтері қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы ақпаратты оқиға болған кезден бастап бір сағаттан кешіктірмей телефон немесе факсимильдік байланыс арқылы береді. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы осындай ақпарат Заңның 30-бабы 2-1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен жазбаша нысанды оқиға болған сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірілмей беріледі.

  Теміржол көлігіндегі
қауіпсіздік қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Қауіпсіздік сертификатын беруге тасымалдаушының өтініші

      _________________________________________________________________________

      (уәкілетті органнның толық атауы)

      от __________________________________________________________________

      жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі, аты, тегі, әкесінің аты

      (бар болған кезде);

      (толық атауы, тасымаладушының бизнес сәйкестендіру нөмірі (оның ішінде шетел

      тасымалдаушысы), филиалдың бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе шетелдік

      тасымалдаушының өкілі, тасымалдаушыда бизнес сәйкестендіру нөмірі болмаған

      жағдайда – заңды тұлғалар үшін.

      Қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудитін өткізуді және қауіпсіздік сертификатын беруді

      өтінемін

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің) толық атауын көрсету

      ____________________________________________________________________

      Тасымалдаушының мекенжайы _________________________________

      (пошта индексі, елі (шетел (шетел заңды тұлға үшін), облысы, қала, аудан, елді мекен,

      көшенің аты, үйдің нөмірі/ғимарат (стационарлық жайы)

      Электрондық поштасы______________________________________

      Телефондары ________________________________________

      Факс ____________________________________

      Қызметті немесе іс-әрекетті (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      _______________________________________________________________

      (пошта индексі, елі (шетел заңды тұлға үшін), облысы, қала, аудан, елді мекен, көшенің

      аты, үйдің нөмірі/ғимарат (стационарлық жайы)

      ______ парақта қоса беріледі.

      Осы өтінішпен:

      барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы оларға

      және оларға қауіпсіздік сертификатын беру немесе бас тарту мәселелері бойынша

      кез-келген ақпаратты жолдауға болғандығы куәландырады;

      барлық ұсынылған құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.

      Басшы_______________________________________________________

                  (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________.

  Теміржол көлігіндегі
қауіпсіздік қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Бекітемін __________________
(лауазым атауы)
___________ қолын толық жазу
(қолы)
күні___________

Тасымалдаушыға жүргізілген аудиттың нәтижелері туралы есеп

      _____________________________________

      (атауы)

      Аудитті жүргізу мерзімдері

      Аудитті жүргізу үшін негіздеме

      Аудит мынадай құрамда жүргізілді:

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы)

      өзге де ұйымдардың білікті өкілдерінің:

      ___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      1. Бұрын өткізілген аудиттің нәтижелері (бар болған кезде)_________________________

      Тасымалдаушының қауіпсіздікті басқару жүйесінің бұрын өткізілген аудитінің нәтижелерін

      аудиторлар қарады:

      Тасымалдаушының қауіпсіздікті басқару жүйесінің бұрын өткізілген аудитінің нәтижелерін

      жойды/жойған жоқ.

      2. Анықталған сәйкессіздіктер (бар болған кезде):

      __________________________________________

      3. Ұсыныстар (қажет болған жғдайда):

      __________________________________

      Тасымалдаушының қызметін жақсарту үшін мынадай ұсынымдар берілді:

      1. ____

      2. ____

      Аудит қорытындылары бойынша шешім ______________________

      Аудиторлар ______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      20__ жылғы_________ (қолы)



Дата вступления в силу:  09.07.2015
Дата изменения акта:  28.03.2023
Дата принятия акта:  26.03.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 31.07.2015 ж.; "Егемен Қазақстан" 01.09.2016 ж. № 167 (28895); "Казахстанская правда" от 01.09.2016 г. № 167 (28293)
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103035000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  92588
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  334
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  009002000000
Форма акта:  ПРАВ / ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz