Жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызмет мақсатынсыз әкелетін көлік құралдарын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің аумағынан әкелуге қатысты ерекше құқық берілетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда № 11164 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1220 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 № 1220 бұйрығымен.

      «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағына және «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызмет мақсатынсыз әкелетін көлік құралдарын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қатысты ерекше құқық берілетін көлік құралдарының жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген көлік құралдарын әкелуге дайындаушының ресми өкілдеріне, сондай-ақ дистрибьюторлық немесе дилерлік Келісім негізінде ресми дилерлерге лицензиялар беруді жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген автокөлік құралдарын дайындаушының ресми өкілінен немесе ресми дилерден осы бұйрықтың 2-тармағына сәйкес сауда қызметінің көрсетілген субъектісі берген лицензия көшірмесін ұсыну арқылы бастапқы тіркеуді жүзеге асыру кезінде бақылауды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы хабардар етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________Е. Досаев
      2015 жылғы 28 сәуір

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі      
№ 481 бұйрығымен       
бекітілген           

Жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызмет мақсатынсыз әкелетін көлік
құралдарын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің
аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қатысты
ерекше құқық берілетін көлік құралдарының жекелеген түрлерінің
тізбесі

ЕАЭО СЭҚ ТН*коды

Тауарлық позиция атауы

1.

8702

Жүргізушіні қоса алғанда, 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары

2.

8703

Жүк-жолаушы автомобиль-фургондар мен жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негізінен адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары

3.

8704

Жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары

      *Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы.